Қоршаған ортаны қорғаудағы қазақстандық экософия



бет3/4
Дата30.03.2022
өлшемі31,56 Kb.
#29227
1   2   3   4
Байланысты:
Әбдіғафур Маржан Философия мақала

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Бұл өлең шумақтарынан байқайтынымыз табиғат туралы философия ақындарымыздың өлеңдерінде адам мінезімен теңеп айтылған. Сонымен қатар, күнделікті тұрмыста өмірінде кездескен адамдардың мінезін табиғатта болып жатқан құбылыстарға теңеп айту – қазақ менталитеті мен философиясына тән құбылыс екен. Мәселен:



Жауатын бұлттай түнеріп – жылауға дайын тұрған адам;

Қаһары қара дауылдай – ашуы қатты адам;

Қабағынан қар жауып – күлмейтін адам;

Көзінің жасы өзендей аға бастады – көп жылады;

Көзінен жасы бұршақтап – бір жылап, бір тоқтап..

Көктемдей құлпырып – әдемі болу.

Жоғары да келтірілген мысалдарды қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Сырбай Мәуленовтің «Биік бестау, жасыл Машүк жəне Лермонтов» өлеңінен кезіктіре аламыз[3].

Сусын ғып бұлт жаңбырын,

Бүршік жарып,

Жөке ағаш желбірейді үй алдында.

Қайнаған көкіректе шер мұхиттай,

Ақынын еске ала ма ел мұң тұтпай.

Тəкаппар ортадағы Бестау шыңы

Көрініп кетті маған Лермонтовтай.

Кең сермеп көк дауылдай ой қанатын,

Жиһанға өлеңімен жайған атын.

Бестау боп көз алдымда тұрып алды

От шашқан қара бұлттай қайран ақын.

Ұлт философиясында экологиялық мәдениеттегі халықтың табиғатты тануы, қоршаған ортаға деген көзқарасы, сенімі жылдар бойы қалыптасып, қазақ салт – дәстүрі мен мәдениетіне әсер етті. Неге десеңіз, көшпелі өмірді басынан кешірген қазақ халқы Жер ананы өзіне пана етті. Тіпті өздерін ғана емес, онда төрт – түлік малы, материалдық дүниесі де болды. Табиғат заңымен мезгіл ауысып отырғандықтан, көші – қонды сол заң бойынша ыңғайластырып, жазда – жайлауға, күзде – күзеуге, қыста – қыстауға көшкендігін бәрімізде білеміз. Осы тұрғыда, халқымыз ежелден – ақ, табиғатты қорғауға ерекше назар салғандығын байқаймыз. Оған дәлел ретінде, «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Көкті жұлма, көктей соларсың», «Құмырсқаның илеуін бұзбайды. Оны басқан әйел бала көтермейді.», «Күнге, айға қарап дәрет сындыруға болмайды. Бұл – өлім - жетім шақыратын жаман ырым», «Өсіп тұрған ағашқа балта тигізуге болмайды. От жағуға қураған ағашты, малдың тезегін қиын пайдаланады» тәрізді көнеден жеткен тыйым сөздерді айтсақ болады.

Қазақтың философиясы бойынша жер деген адамзат, тіршілік иелері жан – жануарлар, өсімдіктер, аспан дегеніміз – жердегі тіршілік иелеріне жарық пен жылу беруші, тірі организмдерге жақсылық жасаушы, қорған болатын тірегі ретінде саналған. Аспан көгілдір түсті болғандықтан халқымыз «Көк тәңірі», «Көк» деп атаған. Тибет тілдерінде аспан сөзін тәңір деп атаған екен. Осы себептен, қазақ халқы барша жаратылыс иесі деп «Көк тәңірін» таныған.

Ұлтымыздың салт – дәстүрлерінде де Тәңірге сыйынудың жолдары аз емес. Мәселен, айға, күнге тағзым жасау. Үй есігін күншығысқа қарай қою – күнді қастерлеу екендігінің дәлелі. Халық философиясы Жаратушы барша нәрсеге жан бітірді деп санап, шыбықты сындыруға, ағаш жапыраған жұлуға, шөпті жұлуға байланысты тыйым сөздерді тудырған екен.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Ырымды етсең - адал ет, жамандықтан аман ет» деп тектен – текке айтпағандығы белгілі. Ендеше, жоғары да айтылып өткен тыйым сөздердің кейбіріндегі мағынаға тоқала кетейік:

-«Құс ұясын, құмырсқа илеуін бұзба» - бұл тыйым сөзді дінімізбен байланыстырып, шариғат бойынша түсіндірер болсақ: Мұсылман адамның Жаратқанның жаратылысына зиян келтіру кәпірлік, қазақ түсінігінше зұлымдық, қатыгездік саналса, жәндік пен құсты қорғаудың қажет екендігін жеткізіп тұр.

-«Көк шөпті жұлма, көктей соласың» - бірінші мағынада адам өміріне байланысты айтылса, екінші мағынада табиғатты қорғау негізделген.

-«Суға түкірмейді», «Суға дәрет сындыруға болмайды» - су – тіршіліктің көзі екендігін, оны әр тірі организм тұтынатындығын жеткізіп тұр. Демек, суды ластауға болмайды екен[4].

Табиғаттағы өсімдіктер мен жан – жануарларға, олардың төлдеріне зиян тигізбей, пайдасын жете түсінген ұлтымыз экологиялық мәдениеттің бастауын осылай қарастырған екен[5].

Кез келген экологиядлық мәдениеттегі мәселелерді шешу тек адам баласының әрекетімен болып жатқан дүниені бағалауымызды қажет етеді. Себебі экологиялық мәселерді шешу болашақ ұрпақтарымыздың денсаулығын сақтаудың бір дәлелі екен. Бүгінгі күні жиі өзгеріске ұшырайтын экологиялық мәселелердің алдын алуда адам баласының қолдан жасап отырған күрделі ғылым жетістіктері табиғатпен тікелей байланыста болып, адамзаттың болашағын аман алып қалу үшін, табиғатты қорғауға арналады екен.

Табиғаттың ерекше туындысы – адам болғандықтан, табиғат пен адам бір – бірімен тығыз байланыста. Адам экологиясын маңызды деп қараған кезеңде XX ғасыр халық пен қоғам арасында «Қоршаған орта түсінігін» алып келді. Сондай түсінік нәтижесінде адамзаттың арасында «тазалық» сөзі мазмұнды болып қалыптаса алды, Егер адам табиғатты қорғамаса, жағдай жасай алмаса, экологиялық мәселелерді қолдан жасап алды деген сөз.

Халқымыздың санасындағы экологиялық шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі қоқыс тастау. Бұл нәрсені біз секілді бар жаратылыс иелері жасайтындығын бәрімізде білеміз. Қоқыс тастау тек біздің ғана емес, дүниежүзіндегі дамыған елдердің проблемаларының бірі. Бұдан байқайтынымыз, қай жерде, елде болса да, қоқыс проблемасының бар екендігі, ал жер бетінде тіршілік ететін адамзаттың саны жыл сайын артуына байланысты, қоқыс тастаушылар саны да соншалықты артуда. Міне, осыдан, «Мен өз қаламдағы қоқыс тастаулылар үшін не істей аламын?», я болмаса, «қоқыс тастаудың алдын алу шаралары қандай?» деген тәрізді сұрақтар санамызда туындары анық. Менің ойымша, менде құзыреттілік болатын болса, қоқыс тастау туралы түрлі заңдарды шығарып, оның адамзат пен келер ұрпақ үшін қаншалықты зиян еткізетінін қолдан келгенше түсіндірер едім. Мәселен, біздің елімізде «Жасыл ел» бағдарламасы тәрізді жұмыс істейтін ұйымдардың саны аз. Егер де біз, сондай бағдарламалардың санын көбейтер болсақ, көшеміздің қоқыстардан тазаратындығы хақ. «Табиғатты аялайық», «Табиғат ана», «Қоршаған орта», «Тазалық» осы текті атаулармен қоршаған ортаны тазалауға байланысты түрлі бағдарламаларды ұйымдастыруымызға болады. Ең қызығы, ғаламшарымызда тасталған қоқыстарды қайтадан өңдеп шығару мәселесін шешіп, сол бойынша екі жүз жыл қызмет атқарған ел – Англия. Неге десеңіз, жиырмасыншы ғасырдың басында қоқыс өңдеу зауыты Англияда жұмыс істеп, ондағы міндет қоқыстарды жағу арылы, жаңа зат ойлап шығару. Ал қазіргі күнде қоқыстарды қайта өңдеп, шикізат көзі қылып шығару Еуропа елдерінде кеңінен тараған көрініс[6].



Сөзіміздің қорытындысы ретінде қоршаған ортамызды ластамай, таза ұстау біздің қолымызда екендігін айтқым келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет