Егер өрт пәтерде шықса, ең қауіпсіз орын-балкон немесе терезенің алды. Балконның терезесін сақтықпен ашыңыз, кіріп келген таза ауадан жалын күшейіп кетуі мүмкін.
Өз бетіңізше шығу мүмкін болмаған жағдайда, көмек келгенге дейін сумен ылған ғандырылған қол орамалымен немесе киім жеңімен мұрындарыңызды және ауыздарыңызды жабыңыздар.
Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телефон арқылы «101», «112»-ге хабарласыңыз.
БІЛУ МАҢЫЗДЫ Жану кезінде улы газдар бөлінеді: көгертетін қышқыл, фосген және тағы да басқалары, ауадағы оттегінің құрамы азаяды. Яғни, от қаншалықты қауіпті болса, түтін мен күйік иісі де соншалықты қауіпті. Жану өнімдерінің қосылымы (концентрация) артқан жағдайда адам ағзасына қалай әсер ететінін білген жөн:
Тұншықтырғыш газдан: 0,01% - аздап бас ауырады;
0,05% - бас айналады;
0,1% - талып қалады;
0,2% - кома (терең ұйқыға ұқсас ессіз күй), жедел өлім;