Көмірқышқыл газдан: 0,05%-ға дейін – әсер етпейді;
0,05%-дан 7%-ға дейін - жүрек соғысының жиілеуі, тыныс алу жолдарының әлсіреуінің басталуы;
10%-дан жоғары – тыныс алу жолдарының әлсіреуі, өлім.
Адамзаттың жақсы білсін әрбірі «101» - өрт сөндіру қызметінің нөмірі! ӨРТ СӨНДІРГІШТІ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК? Өрт сөндіргіштер – туындауының алғашқы сатысында өртті өшіру үшін арналған техникалық құрылғы. Өрт сөндіру кезінде ұнтақты өрт сөндіргішті пайдаланудың тәртібі:
Пломбаны жұлып, сақинаның көмегімен мұрындығын суыру керек.
Шүмекті отқа бағыттап, иінтіректі басу керек. Иінтіректі басқанда, жанып жатқан жерге өрт сөндіргіш сұйықтық беріледі.
Жалын мен өрт сөндіргіштің арасындағы ара қашықтық 1,5 метр болуы керек.
Өртті өшіру кезінде өртті сөндіретін ұнтақты тұтану ошағына қарай бағыттау керек. Жалынды азайту үшін ағысты жан-жаққа ауыстырып тұру керек.
Жалынды өшіргеннен кейін, тұтану ошағына жақындап, үстін ұнтақпен қабаттап жауып тастау керек.
Электр жабдықтарын өшіру кезінде өрт сөндіргіш ұнтақтың ағысы тура тұтану ошақтың өзіне қарай берілу керек.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің “Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру”438 бабына сәйкес өртке қарсы қызмет органдарын көрінеу жалған шақыру үшін жауапкершілік шарасы қарастырылған. Бұндай жағдайда он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттері үшін ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.