Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



бет106/154
Дата09.10.2022
өлшемі4,91 Mb.
#42012
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   154
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні


1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
10-11-сыныптарда «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылар санына қарамастан сыныптарды топтарға бөлу, қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақты мектептерде рұқсат етіледі. (2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығымен толықтырулар енгізілген )
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (өзгерістер 2022 жылғы
26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен енгізілген) жүзеге асырылады.
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша 5-11 сыныптарға арналған оқу жүктемесінің көлемі 18.3-кестеде көрсетілген.
Кесте 18.3. «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша 5-11 сыныптарға арналған оқу жүктемесінің көлемі

Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары

Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу










жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

5-9

Дүниежүзі тарихы

1

36

1

36

10-11 (ҚГБ)

Дүниежүзі тарихы

2

72

3

108

10-11 (ЖМБ)

Дүниежүзі тарихы

1

36

2

72

Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 26.01.2022ж. №25 бұйрығы 23-қосымша) 10-11-сынып қоғамдық-гуманитарлық бағытында «Дүниежүзі тарихы» пәні таңдау пәні бойынша 3 сағат көлемде тереңдетілген деңгейде оқыту қарастырылған. Ал, осы бұйрықтың 22 қосымшасына сәйкес, жаратылыстану-математика бағытында 2 сағат көлемде стандартты деңгей қарастырылған.
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
2022/2023 оқу жылында «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары басшылыққа алынады:
1.2022/2023 оқу жылында «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «26» шілдедегі № 334 бұйрығы 11-қосымшамен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы қолданылады.
2. 10-11-сыныпта «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінен (төмендетілген оқу жүктемесімен) Үлгілік оқу жоспарлары бойынша оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМнің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ-нің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет