Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың ерекшеліктері, 5-11-сыныптар



бет57/154
Дата09.10.2022
өлшемі4,91 Mb.
#42012
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   154
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың ерекшеліктері, 5-11-сыныптар



  1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Қазақ тілі» (10-11 сыныптар) міндетті оқу пәні ретінде оқытылады.

  1. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен жүзеге асырылады:
1) негізгі орта және жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарлары; 2) төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары.
Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлерінде «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болады (6.4-кесте).
6.4-кесте. 5-11-cыныптарда «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі

Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары

Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

5

Қазақ әдебиеті

2

72

2

72

6

Қазақ әдебиеті

2

72

2

72

7

Қазақ әдебиеті

2

72

2

72

8

Қазақ әдебиеті

3

108

2

72

9

Қазақ әдебиеті

3

108

2

72




жаратылыстану-математика бағыты




10

Қазақ әдебиеті

2

72

2

72

11

Қазақ әдебиеті

2

72

2

72




қоғамдық-гуманитарлық бағыт




10

Қазақ әдебиеті

3

108

2

72

11

Қазақ әдебиеті

3

108

2

72

Оқу жылының ұзаруына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталауға, өтілген материалды бекітуге және күрделі тақырыптарды оқуға пайдалану ұсынылады.
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен оқыту нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын дербес таңдайды.
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарын таңдаған жағдайда инвариантты компоненттегі таңдау пәндерінің комбинациясы (7-9-сыныптар) берілген. Пәндер комбинациясында 2 пәннің атауы көрсетілген, үшінші пән – таңдау бойынша пән (әрқайсысы 2 сағаттан), яғни 8-9 және 10-11-сыныптарда (қоғамдықгуманитарлық бағыт) 2 сағат көлемінде оқытылатын «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша вариативті компоненттен тағы 2 сағат алуға мүмкіндік берілген.
Комбинация бойынша «Қазақ әдебиеті» пәні таңдалған жағдайда пән мұғалімдері пәнді тереңдетіп оқыту үшін ҰМЖ, авторлық бағдарламалар әзірлей алады. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында (www.nao.kz) ұсынымдама ретінде әзірленген ҰМЖ үлгісі орналастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет