Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



бет114/154
Дата09.10.2022
өлшемі4,91 Mb.
#42012
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   154
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

3

105

2

70

2

Дене шынықтыру

3

108

2

72

3

Дене шынықтыру

3

108

2

72

4

Дене шынықтыру

3

108

2

72

Вариативтік компонент

Дене шынықтыру: спорттық ойындар

-

-

4

144

19. 2-кесте. 5-9-cыныптарда «Дене шынықтыру» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі

Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары

Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен)







Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық





Инварианттық компонент




5

Дене шынықтыру

3

108

2

72

6

Дене шынықтыру

3

108

2

72

7

Дене шынықтыру

3

108

2

72

8

Дене шынықтыру

3

108

2

72

9

Дене шынықтыру

3

108

2

72





Вариативтік компонент




Дене шынықтыру: спорттық ойындар

-

-

5

180

19.3-кесте. 10-11-cыныптарда «Дене шынықтыру» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі

Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары

Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

қоғамдық-гуманитарлық бағыт және жаратылыстану-математикалық бағыт

Инварианттық компонент

10

Дене шынықтыру

3

108

2

72

11

Дене шынықтыру

3

108

2

72

Вариативтік компонент

Дене шынықтыру: спорттық ойындар

-

-

2

72

Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды өткен тақырыптарды қайталауға және бекітуге пайдалану ұсынылады.

Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 1-11сыныптарда вариативті компонент есебінен «Дене шынықтыру» пәніне 1 сағат бөлінген және осы сағат көлемінде міндетті түрде спорттық ойындар жүргізілуі тиіс.
Вариативтік компонент дене шынықтыру мұғалімі спорттық ойындарды тереңдетіп оқыту мақсатында оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын қолдануға және енгізуге бағдарлайды. Вариативтік компонентті нақты білім беру ұйымы, материалдық базасы мен өңірдің орналасу ерекшеліктерін, білім алушының қызығушылықтарын және оқытушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескере отырып дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.
3. «Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
«Дене шынықтыру» пәні, 1-4-сыныптар
2022-2023 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының 1-4 сыныптарында
дене шынықтыру бойынша педагогикалық процесс «Дене шынықтыру» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады.
Дене шынықтыруды оқытудың мақсаты денені салауатты шынықтыруға, спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене бітімі қабілеттерін меңгеруге бағытталған дене шынықтырудың негіздерін қалыптастыру болып табылады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқытудың міндеттері: дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту; өзінің дене және психикалық денсаулығын нығайту үшін ұмтылуға ынталандыру; білім алушылардың төзімділікке, ширақтыққа, күштілікке, ептілікке және икемділікке ықпал ететін қозғалыс дағдыларын дамыту; Отанға деген патриоттық сезімін, құрметтеуге, жауапкершілік пен өзара түсіністікке тәрбиелеу; білім алушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға және үйренген дене-қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандыру; жалпы адамзат мәдениетінің бөлігі ретінде дене шынықтыру туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дене шынықтыру мұғалімдері білім алушы ағзасының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктеріне (жетілуіне) сәйкес өздерінің педагогикалық тәсілдерін бақылауы және өзгертуі тиіс.
Оқу бағдарламасында қарастырылған шаңғы/конькимен сырғанау/кросс жаттығулары аймақтардың климаттық жағдайларына сәйкес бір-бірін алмастырады.
Бұл бағдарлама мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұнын қамтиды және бұл міндеттерді барлық оқу жылында рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
«Дене шынықтыру» пәні, 5-9-сыныптар
2022-2023 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының 5-9 сыныптарында дене шынықтыру бойынша педагогикалық процесс «Дене шынықтыру» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады.
«Дене шынықтыру» оқу бағдарламасы білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дене және психикалық денсаулығын нығайтуға уәждемесін (мотивация) арттыруға, білім алушылардың арнайы спорттық (спорттық-спецификалық) қимыл дағдыларын меңгеруіне, дене қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Оқу бағдарламасында дене шынықтыру мен спортты дамыту тарихы бойынша білімді қалыптастыру; негізгі дене дамуы қасиеттерін жетілдіру, арнайы спорттық біліктер мен дағдыларды дамыту; коммуникативтік дағдыларды дамыту, атап айтқанда, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты пайдалану, оны тиісті нысанда нақты ұсыну қабілеті; ойлау және зерттеу дағдыларын дамыту; адамгершілік-жігер, моральдық-ерік қасиеттерін қалыптастыру қарастырылған.
Оқу бағдарламасы оқу жылы ішінде бағдарлама бөлімдерін оқытудың бірізділігін анықтайтын ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Сағаттарды бөлу, сондай-ақ тақырыптарды оқу реті мұғалімнің қалауы бойынша өзгеруі мүмкін.
Бұл бағдарламада мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның үшінші сағаты оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
«Дене шынықтыру» пәнінің оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады.
«Дене шынықтыру» пәнінің бағдарламасы мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұнын қамтиды және бұл міндеттерді барлық оқу жылында рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
«Дене шынықтыру» оқу пәні, 10-11-сыныптар
2022-2023 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының 10-11 сыныптарында дене шынықтыру бойынша педагогикалық процесс «Дене шынықтыру» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Дене шынықтыру» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларын келесі сайттан жүктеуге болады (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, жаратылыстану-математикалық бағыт).
Орта мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрлері:

  1. дене шынықтыру сабақтары;

  2. оқу күндерінде ұйымдастырылатын дене тәрбиесі және сауықтыру ісшаралары;

  3. спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар;

  4. спорттық үйірмелер;

  5. дене жаттығуларымен өздігінен шұғылдану (үй тапсырмалары).

Дене шынықтыру сабақтары білім алушылардың дене шынықтыру пәнінің мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады.
Бұл бағдарлама мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұнын қамтиды және бұл міндеттерді барлық оқу жылында рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
«Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұны. 10-сынып.
«Оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша сағаттарды бөлу» тақырыптық жоспары 19.4-кестеде келтірілген.
19.4-кесте. Тақырыптық жоспар «Бағдарламаның бөлімдерінің жылдық сағаттар санын тоқсандарға бөлу»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет