Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


Оқыту қазақ / орыс тілдерінде жүргізілетін



бет6/154
Дата09.10.2022
өлшемі4,91 Mb.
#42012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   154
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

Оқыту қазақ / орыс тілдерінде жүргізілетін бастауыш білім берудің Үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізіледі:
«Шетел тілі» пәні 3-сыныптан бастап оқытылады.
Негізгі орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарында:
Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндеріне, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні «Орыс тілі» және «Әлем әдебиеті» оқу пәндеріне бөлінеді.
«Дүниежүз тарихы» пәнінің атауы «Әлем тарихы» пәні болып өзгереді.
9-сыныпта «География» пәнінің атауы «География. Қазақстан географиясы» пәні болып өзгереді.
2024-2025 оқу жылынан бастап CEFR деңгейлерінің талаптарына сәйкес қазақ және қазақ емес тілдерде оқытатын мектептерде 3-сыныптан бастап «Шетел тілі» пәні аптасына 3 сағат көлемінде оқытылатын болады.

Бастауыш мектептегі ҮОЖ өзгерістері 2022-2023 оқу жылының 1сыныбынан білім алатын білім алушыларға қатысты.
ҮОЖ өзгертулер кезең-кезеңімен енгізіледі:
1-сынып – 2022-2023 оқу жылы;
2-сынып – 2023-2024 оқу жылы;
3-сынып – 2024-2025 оқу жылы;
4-сынып – 2025-2026 оқу жылы

2022-2023 оқу жылында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарының вариативті компоненті сағаттарын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар


Бастауыш білім беру деңгейінің оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарында вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі:
1-сыныпта – 1 сағатты;
2-сыныпта – 1 сағатты;
3-сыныпта – 1 сағатты;
4-сыныпта – 1 сағатты құрайды.
1-4 сыныптарда оқу жоспарының вариативті компонентінің сағаттарын математикалық сауаттылықты, математикалық сөйлеуді дамытуға бағытталған «Математика» пәнін оқуға, сондай-ақ шахмат пен домбырада ойнау сабақтарына бөлу ұсынылады.
Шахмат ойнау логикалық ойлауды дамытады және маңызды жалпы білім беру дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
5-9 сыныптарда вариативтік компонент сағаттары «Жаһандық құзыреттер» курсын оқуға бөлінеді. Домбырада ойнау дағдыларын қалыптастыру білім алушылардың эстетикалық және көркем мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Музыка сабағында домбырада ойнауды үйренуді жалғастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет