Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет92/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   111
Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:

Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы

шығындары  (9,3%)    ауылдық  елді  мекендерге  (1,8%)  қарағанда  5  есе  жоғары

156


.  Бұл  факт 

бейресми  білімге  қол  жеткізудегі  қала  халқының  артықшылықты  жағдайын,  білім  беру 

қызметтері  нарығында  сансыз  ұсыныстар  ішінен  қалағанын  тұтына  алатындығымен 

түсіндіріледі. 

ҚР  БҒДМБ  2020–2025  жылдарға  арналған  бағдарламаларға  сәйкес  барлық  балалар 

үшін  қосымша  білім  алуға  қолжетімділікті  кеңейтуге,  оның  ішінде  шалғайдағы  мектептер 

базасында  Оқушылар  сарайларының  бөлімшелерін  ашу,  білім  беру  волонтерлігін,  мәдени-

ағарту  және  бос  уақытты  тиімді  өткізу  ұйымдарын,  ауыл  балаларын  ірі  қалаларда  жазғы 

оқыту  бағдарламаларын,  қосымша  білім  беру  мобильді  пунктерін  дамытуға  ерекше  назар 

аударылатын болады. 

Тұтастай  алғанда  бұл  шаралар  білім  алушыларды  қоғамдық  тәртіпті  сақтау,  құқық 

бұзушылықтардың алдын алу, бос уақыт пен демалысты ұйымастыруды жақсарту бойынша 

спорттық  секцияларға,  үйірмелерге,  студенттік  активке  тартуды  жандандыруға  мүмкіндік 

береді. 


Әрине,  шағын  жинақты  мектептер  оқу  орындарының  ерекше  түрі  ретінде  мемлекет 

тарапынан айрықша назар аударуды талап етеді. Қазақстанда ШЖМ желісінің сақталуы мен 

дамуы  маңызды  салымдардың  қажеттілігін  туындатуына  қарамастан,  біз  бұл  шығындарды 

жастардың  болашағына  салынған  инвестиция  ретінде  қарастыруға  тиіспіз.  Қазақстан  – 

аграрлы-индустриялық ел, онда ауыл, ауылдық жер экономикалық өсудің әлеуеті ғана емес, 

сонымен  қатар  қоғамның  рухани  жаңғыруының  негізгі,  ұлтық  кодты  сақтаудың  кеңістігі 

болып табылады. 

156


  Национальный доклад о состоянии и развитии системы образования Республики Казахстан (по итогам 2018 года). –  

Нур-Султан: МОН РК, АО «ИАЦ», 2019. – С. 42–43.




71

Қорытындылар және ұсыныстар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет