Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


Білім  беру  сапасындағы  халықаралық  және  қазақстандық  зерттеулердің



Pdf көрінісі
бет88/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   111
Білім  беру  сапасындағы  халықаралық  және  қазақстандық  зерттеулердің 

нәтижелерін  елемеу,  байқамау  қиын,  ал  оның  себептерін  түсіндіру  тіпті  қиын.  Сондықтан, 

өткен жылдарға қарағанда, ҚР БҒМ орта білім беру жүйесінде кешенді проблемалардың бар 

екенін мойындауда.

Проблемаларды мойындауға қарамастан, статистика өз ережесіне сәйкес қалыптасты. 

Мәселен,  бүгінгі  таңда  интернет  желісіне  қолжетімділігі  бар  мектептердің  үлесі  100%-ды 

құрайды, оның 55%-ы жылдамдығы 4 Мбит/с-тан асатын Интернетке ие

152


. Алайда, пандемия 

мен  2019–2020  оқу  жылының  4-ші  тоқсанында  қашықтықтан  оқытуға  көшу  жағдайды 

нақтылады. Әлсіз интернет онлайн-оқудан бас тартуға себеп болды.

Жаңа  2020–2021  оқу  жылының  қарсаңында  мұғалімдер  мен  оқушыларды 

компьютерлік  жабдықпен  қамтамасыз  етуде  қосымша  проблемалар  туындады.  Мәселені 

шешудің:  оқушыларға  мектеп  компьютерлерін  уақытша  пайдалануға  беру,  республикалық 

және  жергілікті  бюджет  есебінен  жаңа  жабдық  сатып  алу,  Дүниежүзілік  банктен  қажетті 

жабдықты  сатып  алуға  қосымша  қаражат  алу,  демеушілік  көмек  және  азаматтық 

бастамаларды  қолдау,  мұғалімдерге  жеңілдетілген  тариф  және  несие  беру  сынды  бірнеше 

нұсқалары айтылды. 

Яғни  қашықтықтан  оқытуға  мәжбүрлі  көшу,  билікті  білім  беру  саласын 

цифрландырудың  барлық  саясаты  сияқты,  2020  жылға  дейінгі  ҚР  Білім  беру  жүйесін 

ақпараттандыру Стратегиясының сәтсіздігін алдыға тартты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет