– жаппай интернеттендіру мен білім беруді цифрландыру. Шешімді жолдарының
бірі негізгі және қосымша білім беру үшін барлық мектептердің сапалы кең жолақты
интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады. Басқа жобалармен үйлестіре
ету. 2020–2021 оқу жылында қашықтықтан білім берудің дайындық тәжірибесі
77
Қорытындылар және ұсыныстар
– алдағы уақытта «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында мектептердегі
компьютерлік парктерді жаңарту жоспарлануда. Біздің ұсынысымыз көне компьютерлерге
қатысты, олар қолдануға жараған жағдайда аз қамтылған отбасы балаларына беру.
Компьютерлер мен басқа да техникалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету
жөніндегі өңірлік (аудандық немесе тірек мектептер базасында) шеберханалар мен цехтар
құру;
– ауылдық ШЖМ-ды техникалық жабдықпен қамтамасыз ету және бөлінген
қаражатты уақтылы пайдаланбағаны бойынша Дүниежүзілік банкке комиссиялық алымдар
мен тұрақсыздық айыбын төлемеу үшін, «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы процессін,
оны іске асыратын басқа мемлекеттік бағдарламалармен үйлестіре отырып, жүзеге асыруды
жеделдету қажет;
– АКТ дамуы мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуді көздейді, бірақ іс жүзінде біз
кері процессті байқаймыз. Функциялардың қайталануын, мысалы, күнтізбелік тақырыптық
жоспарларды, білім алушыларға арналған тапсырмаларды бір мезгілде «Күнделік»
электрондық журналына және Online-Mektep жүйесіне (Bilimland.kz сайтына) немесе
электронды және қағаз журналдарға толтыру сынды қайталауларды болдырмау;
– мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру кезеңдерінде оларды
кеңінен жариялау, қоғамдық талқылауларды ашық өткізу қажет. Бағдарлама орындау
барысында ұшырасатын барлық қателіктер мен қиындықтарды анықтап және талдап
отыру орынды. Мысалы, E-learning электронды білім беру бағдарламасын әзірлеу кезінде
эксперттік сараптау өткізу қажеттілігінің туындауы тақылеттес;
– цифрлық білім беру ресурстары мен осы нарықты реттеу тетіктерін құруды
республикалық мақсатты бағдарламалар шеңберінде емес, нарықтық тетіктер есебінен
іске асыруға болады. Бұл істе мектеп, колледж, сондай-ақ жоғары оқу орындары және
ғылыми зерттеу институттарының педагогтары мен білім алушыларының инициативасы мен
энергиясын пайдалану орынды.
Достарыңызбен бөлісу: