Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:
Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы
әлеуметтік әріптестікті жүзеге асыратын қала мектептерінің базасында ресурстық орталықтар
құрылды
86
.
Ресурстық орталықтар қызметінің негізгі бағыттары
Шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарындағы білім беру сапасын
арттыру мәселесі бойынша зерттеулер, оқу процесінің сапасын мониторингілеу нәтижелері
бойынша ШЖМ-ның: апта сайынғы шағын жүктемелері, біріктірілген сыныптар үшін оқу-
әдістемелік кешендердің және тірек мектеп-ресурстық орталықтардың қызметін реттейтін
нормативтік құжаттар, шағын жинақты мектептерді дамыту жөніндегі өңірлік орталықтар
туралы ережелер және т.б. өзекті проблемаларын анықтайды.
Ресурстық орталықтың қызметі, ауыл мектебінің маңызды міндеттерінің бірі – мектеп
түлектерін қоғамда табысты әлеуметтенуі және еңбек нарығына белсенді бейімделуі
бағытында даярлауы болып табылады. Бұдан басқа, ресурстық орталықтар 12 жылдық
оқытуға көшу жағдайында ауыл мектептерінің білім алушыларын сапалы біліммен
қамтамасыз етудің пәрменді, неғұрлым тиімді тетіктерінің бірі болуға тиіс болды. Атап
айтқанда, ресурстық орталық жағдайында білім алушыларды оқыту жүйесі құрылады,
оқытуды ұйымдастырудың саралануы мен даралануы дамиды, олар бір-бірімен байланыста
бола отырып, бейінді оқытудың негізгі аспектілерін ашатын білім үрдісінің вариативтік
бағдары пайдаланылады.
Ресурстық орталық, жеке алғанда ШЖМ-да жетіспейтін ресурстардың орнын
толтыруға мүмкіндік беретін, жалпы білім беру кешенін құрайтын мектептер желісі болып
табылады. Бейімделу типіндегі білім беру жүйесі бола отырып, ресурстық орталықтар
психологиялық көмек, ұйымдастыруды саралау және оқуды индивидуализациялау-даралау
сияқты қолдау түрлерін ұсынады. Бейінді білім беру процесі оқу жылы бойы үздіксіз жүреді
және даярлық деңгейіне қарамастан білім алушылардың барлық контингентін қамтиды
87
.
Тірек мектеп – ресурстық орталықтардың базасында ШЖМ ақпараттық, кадрлық, оқу-
әдістемелік ресурстары ықпалдастырылады, бұл бейіналды даярлық және бейіндік оқыту
кезеңінде өте маңызды. Әр ресурстық орталықтың қарамағында бірнеше ШЖМ – магниттік
мектептер бар. Білім беру процесі сессиялық және сессияаралық оқыту формасынан тұрады.
Магниттік мектептердің балалары бір оқу жылында үш рет ресурстық орталықта білім алады.
Тірек мектептегі сабақтар тәжірибеге бағытталған, өйткені оларда жаңа модификация
кабинеттері, мультимедиялық жабдықтар, шығармашылық зертханалар мен шеберханалар
бар. Он күндік курстың соңында оқушылар аралық және қорытынды бақылауды, яғни
сессияны тапсырады. Сессияаралық кезеңдегі оқыту магниттік мектептерде, ресурстық
орталық мұғалімдерінің қатысуымен және қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы
жүргізіледі.
Функционалдық жүктеменің осындай спектріне байланысты ресурстық орталықтар
жылдан жылға сан жағынан өсе бастады. Бұл келесі диаграммада көрсетілген.
86
Имангалиев Е. Качество образования – наш главный ориентир // Жастар. – 2011. – №1 (27). Режим доступа: http://
zhuldyz.kz/?type=magazine&iid=30&aid=751
87
Кривоносова И. А. Роль ресурсного центра в поддержке развития МКШ // Режим доступа: https://multiurok.ru/files/stat-
ia-rol-riesursnogho-tsientra-v-poddierzhkie-r.html
39
Мектептегі білім беруді жаңғырту: теңсіздікті жеңу векторы
2-тарау
Достарыңызбен бөлісу: |