Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет75/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   111
Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:

Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы



ШЖМ жан басына шаққандағы қаржыландыру

ШЖМ-ды  қаржыландыру  мәселесі  «шағын  жинақтылық»  ұғымын  санаттаумен 

негізделген.  2010  жылы  ЮНИСЕФ  «Қазақстан  Республикасының  мектептерін  жан  басына 

шаққандағы  нормативтік  қаржыландыру  әдіснамасын  әзірлеу»  зерттеуінің  нәтижелерін,  ал 

2013 жылы Армения, Грузия, Ресей және Ұлыбритания сияқты елдердің тәжірибесі негізінде 

осы проблеманы шешудің тәсілдері қаралған қорытынды есепті ұсынды.

Қазақстандағы  орта  білім  беру  жүйесі  ШЖМ  санының  көптігімен  сипатталады.  

ШЖМ-ның  басты  ерекшелігі  сынып-жиынтықтар  және  сыныптардың  төмен  толықтырылуы 

болып саналады. Қалалық мектептер үшін қаржыландыру нормативтерін айқындау бір білім 

алушы есебімен есептеледі.

ШЖМ  үшін  қаржыландырудың  осындай  нормативін  қолдану  түбірімен  дұрыс 

болмайды, себебі сыныптағы оқушылар санының аздығынан және біріктірілген сыныптардан 

басқа, ауылдық ШЖМ-да басқа да көптеген проблемалар бар. Мысалы, әлсіз материалдық-

техникалық  база,  мектеп  ғимараттарының  жай-күйі  жиі  күрделі  жөндеуді  талап  етеді, 

көптеген ШЖМ мектебі жоқ жақын маңдағы ауылдардан білім алушыларды тасымалдауды 

жүзеге  асырады,  ШЖМ-да  қосымша  жұмыс  істейтін  және  қаладан  немесе  басқа  ауылдан 

келетін мұғалімдер сабақ жүргізеді.

Сондықтан  ШЖМ  үшін  ЮНИСЕФ  қаржыландыру  нормативін  бір  оқушыға  емес,  бір 

сыныпқа есептеу арқылы анықтауды ұсынады

129


Ауылдарда, соның ішінде ШЖМ-де жан басына қаржыландыруды енгізу мүмкіндігін 

ҚР  БҒМ  «Қаржы  орталығы»  АҚ  операторы  арқылы  қарастыруда.  Бұл  орталықтың 

президенті 



Асқар  Ибраимов  заңды  тұлғалар  кешенін  бір  заңды  тұлғаға  біріктірген  кезде, 

бірнеше шағын ШЖМ бір ірі мектепке қосылған кезде мүмкін болады деп бөліседі. Мұнда 

бірыңғай  бюджет  болады.  Ірі  мектептің,  ресурстық  орталықтың  немесе  тірек  мектептің 

директоры  (біз  бұл  мектептерді  қалай  атасақ  та)  оған  есеп  беретін  басқа  ШЖМ  тағдыры 

үшін  жауапты  болады,  мектептердің  бүкіл  желісі  бірыңғай  бюджетте  болатын  болса,  онда 

ол осындай мектептерде оқу процесін тасымалдау, интернат салу, басқа да түрлі шаралар 

арқылы  оңтайлы  ұйымдастыруға  ынталандырады.  Бұл  мектептерге  ақша  түскенде,  басшы 

қайда  және  не  үшін  қаражат  салу  керектігін  білетін  болады,  тиімсіз  ШЖМ-ды  жоюдан, 

қаражатты  қай  жерде  оңтайландырудан  қорықпайды.  «Кезекті  ШЖМ  жабылған  кезде 

көбінесе  наразылықты  дәл  осындай  мектептерде  жұмыс  істейтіндер,  ал  сол  ауылда 

тұратын  және  осы  мектепте  жұмыс  істейтін  10-15  адам  үн  қосады»,  –  деп  есептейді  

А. Ибраимов

130



129



  Разработка методики подушевого финансирования организаций общего среднего образования и пилотная апробация 

предложенной модели. Заключительный отчет ЮНИСЕФ. – Астана, 2013. – Б. 16–17, 23.

130

  В фокусе развития сельских школ. Круглый стол // https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2397881283614676&



id=100001784833433/


59

ШЖМ білім беру сапасын арттыру бойынша келесі реформалар

3-тарау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет