Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:
Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы
«Уақытша отбасы»
ШЖМ ауыл мектептерінің жартысын құрайды, 1-сыныптан бастап балалар аудан
орталықтарының мектептерінде оқуға және интернаттық жағдайда тұруға мәжбүр.
Мұндай интернаттардың пайдасыздығы балаларды жабдықтауға, тұруға, тамақтандыруға,
штатты ұстауға және т.б. шығындар есептеулерімен дәлелденді, кейде мұғалімдер мен
тәрбиешілер штаты интернаттағы тәрбиеленушілердің өздеріне қарағанда көп. Сонымен
қатар, интернатта тәрбиелеу – бұл балаларды отбасынан ажырату, отбасылық тәрбие
құндылықтарының жоғалуы деп қарастыруға да болады.
Солтүстік Қазақстан облысындағы 485 мектептің 380-і ШЖМ. Оның жартысына жуығы
(180 ШЖМ) мемлекеттік нормативтерге сәйкес келмейді. Оқу жүктемесінің төмендігіне
байланысты ауылдық ШЖМ-де 214 қосымша мұғалім жұмыс істейді. 229 ауылдық елді
мекенде мектептер жоқ, сондықтан балалар жақын маңдағы ауылдардағы мектептерге
оқуға тасымалданады. 1 360 бала мектеп жанындағы 55 интернаттарда тәрбиеленуде.
Мұндай интернаттар ауыл мектептерінің ғимараттары ішіндегі бейімсіз үй-жайларда
орналасқан, әрі балалардың тұруы үшін қажетті жағдайлар жасалмаған
132
.
Солтүстік Қазақстан облысында 2019 жылдың қаңтарынан бастап «уақытша отбасы»
әлеуметтік пилоттық жобасы енгізілді және іске асырылуда, ол елді мекендердегі балаларға
толық жинақты мектептерде оқуға және бұл ретте интернатта емес, отбасында тұруға
мүмкіндік береді
133
.
Достарыңызбен бөлісу: |