5. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ СХОЛАСТИКА. ФОМА АКВИНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ -
1. «Қозғалатындардың бәрі өз қозғалысының себебі болатын бөгде бір нәрсеге ие болады». Өйткені, «бір нәрсе» өзгенің килігіп, кірісуінсіз, бір уақытта өзінен-өзі қозғаушы да, қозғалушы да бола алмайды. Олай болса, осы қозғаушы бастау болатын – Құдай. - 2. Біздің көретіндеріміздің бәрі – басқамен қарым-қатынаста болатын «бір нәрсенің» салдары. Бұл «бір нәрсенің» себебі бар, туынды, яғни бәрінің өзіндік себебі болады. Бірақ, бұл себептің де өзіндік себептері бар. Осылай шексіз, нақты айтқанда бұлардың бастапқы негізі – алғашқы себеп, яғни тағы да Құдайға келеміз.
- 3. Біз өзімізді қоршаған ортадағы болып жатқан өзгерістерді қажеттілік деп, немесе кездейсоқтық деп қабылдаймыз. Бірақ, кездейсоқтық – бұл тек біздің ұғымымызға түсініксіз қажеттілік. Құдай үшін кездейсоқтық деген болмайды, сондықтан болып жатқандарды түсіну үшін Құдайды мойындау керек.
- 4. Әр түрлі заттар түрлі дәрежедегі шыңдалу мен көріктілікке ие. Онда бұл сапалықтар үшін үлгілі өлшеуіштер, абсолюттік өлшемнің болуы керек. Бұл үлгілі өлшеуіш – Құдай.
- 5. Бәрі қозғалыста, дамуда... Қай бағытта? Тек Құдай табиғатта болып жатқандардың барлығы үшін мақсат, бағыттылық бере алады.
Аристотельге сүйене отырып, Фома Құдайды айғақтаудың бес жанама тәсілін келтіреді:
Достарыңызбен бөлісу: |