Әдебиеттер: 1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
М.,РАН-1998.
6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
9. История Ирана с древнейших времен до XVII века. М.,1968
10. История Иранского государство и культуры. М.,1971.
11.Луконин В.Г. Древний и средневековый Иран. М.,1987
12.Колесников А.И. Завоевание Ирана арабами. М.,1982.
Тақырып 13. Орта Азия мемлекеттері. Мақсаты: 1.Орта Азия халықтарының этникалық құрамы.
2.Сасанидтар билігінің тарауы, түркілердің енуі.Эфталиттер, Саманилар.
3.Хорезм мемлекеті.Қарахандар.Газнауйлер.Селжуктер.
4.Әмір Темір мемлекеті.
ТМД территориясындағы жаңа, феодалдық формацияға көшу бәрінен бұрын Закавказьеде жүзеге асты. Біздің заманымыздың IY ғасырында мұнда феодалдық шаруашылық қалыптасты.
IY – Y ғасырларда Арменияда феодалдық жер иеленудің барлық негізгі түрлері: хайреник, хостак, паргевакан белгілі болды. Жер иеленушілердің өте күрделі иерархиялық сатылары болды. Оның ең жоғарғысы патша және жеке аймақтарды басқаратын князь тұқымынан шыққан аса ірі нахарарлар болды. Бұл сатының ен төменгі баспалдағында ұсақ жер иелері тұрды.
Едәуір көлемді жерлерді меншіктенген шіркеу феодалдары да үстем тапқа жатты. Қарапайым қауым мүшелері шинақандар егіншілікпен, жүзім шаруашылығымен, мал бағумен шұғылданды. Әрбір шаруаның отбасындағы адамның санына қарай қауымдық жерлер жыл сайын қайта бөлініп тұруға тиіс болды.Шинақандар көптеген феодалдық міндеткерліктерді канал қазу, жол, көпір салу, т.б.атқарды.Басқада елдердегі феодалдық қоғамдағыдай Арменияда да, IY – Y ғасырларда белгілі бір дәрежеде құлдардың еңбегі пайдаланылады. Бірақ құлдар енбегі қоғамдық құрылыстың феодалдық сипатын бұзған жоқ.Армян құл иеленуші мемлекеті бірте – бірте феодалдық монархияға айналды.
XIII ғасырдың бірінші жартысында орнаған монғол үстемдігі Орта Азия халықтарының өсіп өркендеуіне көп кедергі жасады. Онда егіншілік мәдениеті құлдырады. Қиратылған қалалар қиындықпен қалпына келтірілді.
Басқақтар бастаған монғолдардың әскери отрядтары мен алыпсатарлар халықты күйзелтті. 1224жылы құрылған Шағатай ұлысын 1251 жылы Батый мен Мөңке бөліске салды.Батыйға Мәуераннахр тиді. XIIIғасырдың 60 жылдарында Шағатай немересі Алға ұлысты қайта қалпына келтіріліп, Шағатайлар билігін орнатты. Алғанның мұрагерлері Мубарак пен Барақ Ислам дінін қабылдаған болатын. Ұлыстың астанасы Жетісудан Мәуераннахрға ауысты 1266. Кебек ханның 1318 – 1326 тұсында етек алған феодалдық қырқыстар ол өлген соң ұлысты ыдыратты. Асқақ Темір билігінің 1370 – 1405 орнауымен Мәуераннахрдағы Шағатай билігі жойылды.
Әр феодал тәуелсіз болуға, өз жерін шағын дербес мемлекетке айналдыруға ұмтылды. Армян феодалдарының ала ауыздылығын Иран мен Визиянтия пайдаланып қалмақ болды. Мұндай ала ауыздықтар Грузия мен Әзірбайжан феодалдары арасында да болды.
Армияндар грузиндермен одақтаса отырып, Иранға қарсы талай рет көтеріліске шықты.Римдіктер 391жылы Батыс Армениядағы патшалықты жойды. Ал Шығыс Армения Иранның қол астында болды. Ондағы өзін – өзі басқарушылық 428 жылы жойылды. Билікті Иран наместнигі марзпан жүргізді. Иран армяндардан христиан дінін тастап,зороастризмді қабылдауды талап етті. Армяндар 450 жылы Иран билігіне қарсы көтеріліске шықты. Оны Вардан Мамиконян басқарды. Ол алдында жеңіске де жетті. Арташата өз билігін жариялады. 451жылғы 26 мамырда Аварайда шайқас болды. Вардан қаза тапты. Армяндар партизандық соғысқа көшті. 571 жылы тағы көтеріліс болды. Оны Вардан Мамиконян Кармир басқарды. 572ж. Армян көтерісшілері Иран әскерін талқандады. Бірақ толық тәуелсіздікке жете алмады. Иран наместнигі армяндардың өз ішінен тағайындалатын болды.
Закавказьенің грузин тайпалары мекендеген батыс бөлігінде феодалдық қатынастар III – IY ғасырлардан бастап қалыптасты.Ол қатынастар YI ғасырда орнығып болды.Феодалдар азнаур деп аталды. Грузяда ерікті қауым мүшелері де, ерікті қызметкерлер де болды. Феодалдық қоғамның едәуір категориясы ерікті емес уазнолар болды. Жер YI ғасырдың өзінде – ақ сату, сатып алу обьектісі болды.IY ғасырда Картли патшасы Мириан христиандықты қабылдап, оны өз жерінде зорлық пен бекіте бастады. Картли патшалары сасанидтердің, ал Эгриси Батыс Грузия патшалары – Визатия императорларының вассалдары болды.
Сасанидтық Иранға қарсы күрес Y ғасырда Картлиде Вахтанг Горгасал қасқыр бас патша тұсында күшейді. 484жылы грузиндер мен армяндар иран билігіне қарсы бірлесіп қимыл жасады. Бірақ бұл күрес сәтсіздікпен аяқталды. 523 жылы жаңа көтеріліс басталды. Бұл көтерілісті талқандағаннан кейін сасанидтер Картлидегі патша өкіметін жойды.
Византиямен Иранның Закавказьеге ие болу үшін жүргізілген күресі YII ғасырға дейін созылды.YII ғасырдың орта кезінеде византиялықтар иран әскерлерін қуып шығып, Закавказьеде өз үстемдігін орнатты.
YII ғасырдың екінші жартысында Византияны қуып шығып, Завкавказьені арабтар жаулап алды. Шаруаларды қанау күшейе түсті. Шаруаның құлдан айырмашылығ – өз шаруашылығының болуында. Бірақ бас бостандығы мен еркінің құлдан көп айырмашылығ болмайды.
IY ғасырда Арменияда, Грузияда, Әзірбайжанның солтүстік бөлігінде христиан діні орнады. Арабтардың жаулап алуы нәтижесінде YIII ғасырдан бастап Әзірбайжанда ислам діні орнады. Ислам діні де, христиан діні сияқты, феодалдар билігін нығайтуға көмектесті. Арабтар, византиялықтар Завкавказьеге талай рет басып кірді. Арабтарға қарсы күресте Армения, Әзірбайжан, Грузия бір –біріне көмектесіп отырды Арабтар YII ғасырдан I X ғасырдың II жартысына дейін Закавказьеде, Орта Азияда билік жүргізді.Халыққа ауыр алым – салық салынды. Жер салығын ьөлеумен қатар, мұсылман еместер жан басына салынатын арнайы алым - салық төлеуге тиіс болды. Шаруалардың осы алым – салықтары бас тартпауы үшін олардың мойынына қорғасыннан белгі салып, Олардың тұрғы жерлерін жазып қоятын болды.
773 – 775 жылдары Армениядағы басталған шаруалар көтерілісі екі жылдан кейін әрең дегінде жаншып басталды. Әзірбайжанда 816 – 837 жылдары Бабек көтерілісі болды. Осы қозғалысқа қатысушылар қызыл жалаулылар немесе қызыл киім кигендер деген атпен белгілі қызыл түс – көтеріліс символы.
Бұл қозғалыс хурремиттер ілімінің діни жамылғысында болды. Әлемнің екі негізінің құдай мен жын – перінің, ізгілік пен зұлымдылықтың күресін мойындаған және жекеменшікпен әлеуметтік теңсіздікке негізделген қоғамдық құрылысты зұлымдық негіздің туындысы деп есептеген секталар хурремиттер деп аталған.
Көтерілістің ұрандары – жерді селолық қауымдарға беру және шаруаларды феодалдық тәуелділік пен міндеткерліктермен азат ету болды. Антифеодалдық шаруалар қозғалысы, сонымен қатар жат ел басқыншыларына қарсы бағытталған азаттық соғысы болды. Көтерісішілер араб әскерін бірсыпыра жеңіліске ұшыратты. Алайда жергілікті феодалдар көтеріліске опасыздық етті. Олар араб билеп – төстеушілеріне қарсы жер үшін болған күресте көтерілісшілерге қосылса, кейінен шаруалар қозғалысының кең өріс алыуынан қорқып, қайтадан араб халифтарының жағына шығып кетті.
Қозғалыс басып жаңшылды. Халифтың әмірі бойынша Бабектің қол – аяғының ұштарын кесіп, оны креске кесіп тастаған. Опасыз біреу Бабекті арабтарға ұстап берді, олар оны азаппен шапқылап өлтірді. Бабектің қолын бөлек шауып түсіргенде өзінің қанын бетіне жағып, былай деп үн қатты; Өліп бара жатқанда адамның жүзі қуқыл тартады, жауларыма жүзімнің қуқыл тартқаның көрсеткім келмейді.Сұмдық азаппен өлтірілсе де, жаулары батырдың ынырсығанын да есіте алған жоқ.
851 жылы Арменияда, Картлиде Грузия және Солтүстік Әзірбайжанда араб езгісіне қарсы үлкен халықтық көтеріліс басталды. Оңтүстік – батыс Армениядағы Сасун таулы аймағында Овнан Хутский басқарған халық жасақшылардың атағы айрықша шықты. Олар мысырлық Мелик басқарған араб әскерлерін тас – талқан етіп, Муш қаласын алды. Ондағы халиф наместнигін өлтірді.
Завкавказьедегі арабтар билігі IX ғасырдың екінші жартысында құлатылды. Бірақ 1071 жылы Завкавказьені түріктер басып алды. 1097 жылы IY Давид патша Грузияны түріктерден азат етті. 1121 жылы Дидгеар шайқасында грузин әскерлері мұсылман әскерлерін женді. Тбилисиді азат етіп, астанасың Кутайсиден сонда көшірілді. Тамара 1184 – 1207 жылы патша тұсында Грузия әскери – саяси табыстарға жетті.
Ерте ғасырлық Орта Азия туралы мәләметтер Авестада тұжырымдалған Ол б. З. б. Бір мың жылдықтың 1 жартысында жазылған. Ирандықтардың зороастриялық діни шығармаларының жинағы.III - YI ғасырдарда толықтырылып, қайта өнделген. 21 кітаптан тұрады.
Орта Азия IY - Y ғасырларда орта Азия тәжік, түркімен, қырғыз өзбек халықтарының арғы ата –бабалары тұрды. Хорезм, Бактрия Согдиана мемлекеттері құрылып, өмір сүріп жатты. Ол елдің халықтары қолдан суарылатын егіншілкпен айналысты, қаналдар қазылды Суландыру жүйесін жасау өте көп адамның еңбегін талап етті. Арпа, бидай, тары, мақта егілді. Бау – бақшаларда шабдалы өрік, жүзім, алма, алмұрт өсті. Мал шаруашылығы кең өріс алды. Бұл жақта жібек өсіру де белгілі болды. Мемлеттің шекараларында қос дуалды берік қамалдар тұрды. Олар көгалды алқаптарды сол кезде қазіргі Қазақстанның даласын мекендеген көшпелі тайпалардың шабуылынан қорғады.
2.XIY ғасырдың екінші жартысында Орта Азияда Орта Азияда бірнеше халық көтерілістері болды. Мысалы; 1365 жылғы Самарқандағы халық көтеріліс Мәулен – заде деген медресе шәкірті мен Әбу – бәкір Келеви деген мақта түтуші басқарды.Қаланың еңбекші халқы өкімет билігін өз қолына алды.1388 жылы көтеріліс Хорезмде болды. Бұл қозғалыстарда Темір басып тастап отырды.
1395 жылы Темір өзіне қарсы шыққан Тоқтамысты Алтын Орда ханы талқандап, орыс жеріне қарай аттанды. Оның қолдарының орыс жерлеріне келіп кіруі Мәскеуде қауіп – қорқыныш туғызды. Қала қорғанысқа дайындала бастады. Бірақ Темір Рязань жерінің шекарасында екі апта аялдағаннаң кейін, Азов пен Каспий бойындағы далаларға қарай бұрылды. Кетер алдында Елец қаласын талқандады.
Темірдің Алтын Орданы талқандауын Мәскеу өкіметі тиімді пайдалана қойды; ол Алтын Орда бекіткен алым – салықты төлеуін тоқтатты. Темір өлген соң Орта Азиядағы билік үшін өзара қырқыстар күшейді. Шағатай мемелекеті құлады.XY ғасырдың бірінші жартысында Самарқандта Темірдің немересі Ұлықбек 1409 – 1449 билік жүргізді. Бұл кезең Орта АЗзия мәдениетінің гүлденген кезеңі болды.Ұлықбектің тұсында Самарқандта биіктігі 55 метр тамаша обсерватория салынды. Онда сол кездегі көрнекті астрономдар қызмет етті.Ұлықбектің өзі Европа мен Азия мәлім болған астрономиялық кезеңдер құрастырды.
XY ғасырдың ортасында Гераттағы солтүстік батыс Ауғаныстан өкімет билігін Темір әулетінің өкілі сұлтан Хусейін басып алды.Самарқанд сияқты, Герат та мәдени өмірдің орталығы болды. Онда өзбектің ұлы ақыны Әлішер Науай 1441 – 1501 туған.Науаи энциклопедист болған. Ол поэзиямен, музыкамен, көркем суретпен, ғылымен шұғылданды.Науаи 30 дан астам шығарма жазған. Ол шығармаларын ана – тілі өзбек тілінде жазылған. Аса көрнекті гуманист болған Науаи әлеуметтік әділетсіздік пен езгіге қарсы күресті, еңбекті дәріптеді. Оның бастамасы бойынша және ішінара оның өзінің қаржысына кітапханалар, ауруханалар, оқу орындары салынған.
Закавказье халықтары.XIY ғасырдың ортасына дейін Закавказье халықтары Хулагидтердің билеуінде болды. Хулагу мемлекетінің негізін қазіргі Әзірбайжан құрады. Тұтас жер округтері жаулап алушы монғол феодалдарына әскери лендер ретінде беріліп отырды. Қазына
жерлері диван деп атады. Ол монғол чиновиктерінің уақытша басқаруына үлестіріліп берді.Жердің едәуір бөлігі мұсылмандардың діни мекемелерінің қарамағында болды.Ол жерлер Вакуф деп аталды. Ақырында өиір бақилық жеке меншік болып табылатын шағын жер илігі мүлік деп аталды.Грузин, армян феодалдары хандардан өз иеліктеріне жарлықтар алып отырды.
Шаруалар бірқатар міндеткерліктер атқаруға тиіс болды;ханның пайдасына ауыл шаруашылық салығын, 100 қарадан бір қара жайылым салығын төледі. Закавказьедегі қолөнері мен сауда Бердаа, Дербент, Тбилиси,Ани және басқа қалаларда дамыды.Закавказье халықтары тәуелсіздіктерін жеңп алу үшін күресті.Халық жасақты бірігіп, монғол әскерлеріне шабул жасап отырды.Закавказьеге 1337 жылы Хорасанда Иран болған Хулагидтерге қарсы көтерілістердің дүмпуі жетті. Бұл көтеріліс Хулагидтер билігін әлсіретті.XIY ғасырдың екінші жартысында Закавказье территориясында Темір бірнеше шабул жасады. XY ғасырда Закавказье елдерінде феодаодық бытыраңқылық күшейді. Грузия жері бірнеше ұсақ князьдықтарға бөлініп, XY ғасырдың аяғына дейін басы бірікпедіоған себеп экономикалық байланыстың болмауы, феодалдық өзара қырқыстар, сыртқы жау шабуылы болды.
XY ғасырдың аяғындағы,XYI ғасырдың бірінші жартысындағы Закавказье мен Орта Азия, XY ғасырдың аяғында XYI ғасырдың басында Закавказье халықтары Түрік пен Иран шапқыншылықтарына душар болды. Табан тіркескен шайқаста олар өздерінің тәуелсіздігін қорғаумен болды. Бірақ феодалдық бытыраңқылық басқыншыларға қарсы күресті қиындатты. Әсірессе Арменияның жағдайы ауыр болды. Ол түрік пен Иран елдерінің шабуылына кезек пен кезек ұшырап отырды. 1441 жылы барлық армиян католиктердің орталығы Эчмиадзин қаласына көшірілді. XY ғасырдың ортасына дейін Арменияға көшпелі түрік тайпасы – қара қойлалар шабул жасап тұрды. Армиян халқының біраз бөлігі шетелдерге қашты. Армиян қашқындары Львовта, Венецияда, қырымда өз колонияларын құрды.
Грузияда феодалдық қатынастардың дамуы XY ғасырдың аяғында ерікті жер иеленуші лердің жойылынуына әкеліп соқты. Әкеден балаға мұра ретінде көшіп отыратын сатавадо деп аталған феодалдық жүйе қалыптасты. Ерікті жер иеленушілерді басыбайлы шаруаларға айналдыру күшейе берді, барщина өсіп өрбіді, заттай оброктар көбейе түсті.
Грузин халқы Иран мен Түрік агрессиясына қарсы, әсіресе Картлиде ерлік күрес жүргізді. XY ғасырдың аяғында, XYI ғасырдың басында Кахетиде мемлекеті бір орталыққа бағындыруға бағытталған реформалар жасалды. Батыс Грузия сұлтандық Туркияның қыспағынан табан тіресіп қорғанды.Императия патша 3 Баграттың 1545 жылы түрік әскеріне қарсы шайқаста жеңіліске патшалықтан Мегрель, Гурий князьдықтарының бөлініп шығуына әкеліп соқты. XYII ғасырдың басында Имереттиннен Абхазия бөлініп шықты.Грузия үшін, оның ішінде әсірессеКартли мен Кахети үшін XYII ғасырдың бірінші ширегінде шах 1 Аббастың жорықтарының зардабы ауыр болды.Кахетиде жүз мың адам өлді, екі жүз мың адам Иранға әкетілді. 1625 жылы үстемдігіне қарсы Г. Саакадзе1629 басқарған көтеріліс болды. Басқыншыларға қарсы көтерілістер Армения мен Азербайжанда да болып отырды.
Орта Азия. Едәуір көлемді жерлерді меншіктенген шіркеу феодалдары да үстем тапқа жатты. Қарапайым қауым мүшелері шинақандар егіншілікпен, жүзім шаруашылығымен, мал бағумен шұғылданды. Әрбір шаруаның отбасындағы адамның санына қарай қауымдық жерлер жыл сайын қайта бөлініп тұруға тиіс болды.Шинақандар көптеген феодалдық міндеткерліктерді канал қазу, жол, көпір салу, т.б.атқарды.Басқада елдердегі феодалдық қоғамдағыдай Арменияда да, IY – Y ғасырларда белгілі бір дәрежеде құлдардың еңбегі пайдаланылады. Бірақ құлдар енбегі қоғамдық құрылыстың феодалдық сипатын бұзған жоқ.Армян құл иеленуші мемлекеті бірте – бірте феодалдық монархияға айналды.
XIII ғасырдың бірінші жартысында орнаған монғол үстемдігі Орта Азия халықтарының өсіп өркендеуіне көп кедергі жасады. Онда егіншілік мәдениеті құлдырады. Қиратылған қалалар қиындықпен қалпына келтірілді.
Өндіргіш күштердің баяу дамуы , Индия мен Қытайға баратын сауда жолдарының Орта АЗиядан теңізге ауысуы, өзара қырқысулар, феодалдық соғыстар Орта Азия экономикасында тоқырау туғызды. Орта АЗия қалалары арқылы өтетін Жібек жолы өзінің маңызын жойды. XY ғасырдан бастап онда суландыру жүйелерінің қысқаруы қолөнер сапасының төмендеуі, қалалардың құлдырауы орын алды. Орта Азия феодалдық жер иеленудің негізгі түрі союргал болды. Хан жерді халыққа үлестіріп беретін де, ақы алып отыратын.Союргалға берілген жерәкеден балаға көше беретін. Шартты жер иелену танхо деп аталды. Феодалдық жер иелену дамуына байланысты шаруаларды қанау күшейе бастады. XY ғасырда – XYI ғасырдың бірінші жартысында Орта Азия территориясында бірнеше хандық:Өзбек, Қазақ, Бұхар, Хорезм хандықтары пайда болды.