«Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»



бет46/81
Дата24.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#45102
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   81
Байланысты:
Азия

20 Дәріс. Сельжуктер.
Мақсаты:
Жоспары

  1. Сельжуктер тарихы бойынша деректер мен зерттеулер.

  2. Түріктер Кіші Азияда.

  3. Сельжук мемлекеті гүлденген кезі.

  4. Басқа елдермен байланысы.



21 Дәріс. Осман мемлекеті.
Мақсаты:
Жоспары

  1. Түрік мемлекетінің құрылуы.

  2. Түрік шапқыншылықтары.

  3. мехмед ІІ жүргізген реформалары.

ХІ ғасырдың аяғына қарай Кіші Азияда жаңа қуатты мемлекет - Түрік Осман империясы құрыла бастады. Бұл мемлекеттің негізін XI ғасырдың басында Сырдария алқабынан қоныс аударған оғыз (түркмен) тайпасының Қайы руы калады.
Тогрул-бек (993-1063 жылдары, қыркүйек) сұлтан атанып, 1040-1050 жылдар аралығында Хорезмді, бүкіл Иранды, Әзірбайжанды, Күрдістан мен Иракты басып алыл, өз билігін орнатты. 1055 жылы Бағдад қаласы да сельжуктер қол астына көшті. Алыл Арыслан (1063-1072) кезінде, 1064 жылы Армения басып алынды. 1071 жылы селжуктер Манцикерт маңында византиялықтарды женді. 1071 және 1081 жылдар аралығында сельжуктер кіші Азияны, т.б. жерлерді жаулап алды.
Санжар өлген (1157) соң Хорасандағы "Ұлы сельжуктер" билігі жойылды. 30 жылға созылған феодалдық өзара кырқыстардан кейін Керманды, Хорасан мен Батыс Иранды хорезмдықтар басып алды. Сельжуктер тек Кони сұлтандығын сақтап қалды. Кони (Рум) сұлтандығының куаты әсіресе Алад-дин Кейқуат (1219-1236 жж.) сұлтанының тұсында күшейді. 1243 жылдан бастап Иранда билік құрған монғол елхандарының вассалдарына айналды. 1307 жылы ұсақ княздықтарға бөлініп кетті. Сол князьдықтың бірі - Осман бейлігі (бейлік - округ) ХІҮ ғасырдың басында құрылған Осман мемлекетінің ядросы болды. І-Осман Гази өз үлесіне тиген бейлікте 1282-1324 (1326) жылдары билік құрды.
Халықтың басым бөлігі - феодалдық тәуелділіктегі шаруалар - өздерінің жер үлестерін мұрагерлікпен пайдаланды. Еңбекке жарамды бүкіл ересек христиан еркектері сұлтанның қазынасына ақшалай салық - харадж, джизья төлеп тұрды.
1463 жылы түріктер Боснияны басып алды. Шығыспен теңіз саудасына қожалық түріктер қолына көшті. 1475 жылы түріктер Қырымдағы Каффаны (казіргі Феодосия) генуялықтардан тартып алды. Көп өтпей, түріктер Донның Азовка қосылатын алқабын тартып алып, онда Азов қамалын салды.
Молдавия 1456 жылы Түркияға салық төлеп тұруға уәде берді. Бірақ 1457-1467 жылдары III Иванмен одақтасып, түріктерге қарсы соғысты. 1487 жылы жеңіліп, сонан 300 жылдан астам уақыт Түркияның қол астында болды. (1793 жылы Речь поспалитаяны екінші рет бөлу кезінде Молдавия Ресейдің қол астына көшті). 1473 жылы Кіші Азиядағы Қараман эмиратын басып алғаннан кейін шығыста көшпелі түрікпен тайпаларының Ақ-қойлы деген мемлекетінің қарсылығына тап болды.
Түрік қоғамы негізгі 4 сословиеден тұрды: 1) оқымыстылар, рухани феодалдар (үлемдер); 2) әскери феодал; 3) көпестер мен қала тұрғындары; 4) шаруалар (райлар-табындар). Қала тұрғындары мен шаруалардың құқтары шектеулі болды.
ХІ ғасырдың аяғына қарай Кіші Азияда жаңа қуатты мемлекет - Түрік Осман империясы құрыла бастады. Бұл мемлекеттің негізін XI ғасырдың басында Сырдария алқабынан қоныс аударған оғыз (түркмен) тайпасының Қайы руы калады. XI ғасырдың 30-жылдарында ағайынды Тогрул-бек лен Чағрыл-бек Селжуктер көршілерінен бас сауғалап қол астындағы 1000-ға жуық отбасымен Иранға қоныс аударды. Газневидтер мемлекетіне вассалдық тәуелсіздікте болуға келісіп, Хорасанды мекендеуге рұқсат алды.
Біраз жылдан кейін Газневидтерге қарсы көтеріліске шығып, 1040 жылы Данденакан маңында олардың әскерін талқандап, жеңіске жетті. Тогрул-бек (993-1063 жылдары, қыркүйек) сұлтан атанып, 1040-1050 жылдар аралығында Хорезмді, бүкіл Иранды, Әзірбайжанды, Күрдістан мен Иракты басып алыл, өз билігін орнатты. 1055 жылы Бағдад қаласы да сельжуктер қол астына көшті. Алыл Арыслан (1063-1072) кезінде, 1064 жылы Армения басып алынды. 1071 жылы селжуктер Манцикерт маңында византиялықтарды женді. 1071 және 1081 жылдар аралығында сельжуктер кіші Азияны, т.б. жерлерді жаулап алды.
Мәлік-шах сұлтан (1072-1092) тұсында сельжуктер мемлекеті өзінің саяси қуаттылығының шырқау шегіне жетті. Бұл кезде олар грузияны, қарақандар мемлекетін басып алды. Сонымен катар бұл сұлтанның билігі кезінде феодалдық бытыраңқылық та орын алды: сельжуктер басқарған бірнеше сұлтандықтар құрылып, олар орталық өкіметке номиналды ғана тәуелді болды. Олар: керман султандығы (1041-1187), Рум (1077-1307), Сирия (1094-1117) сұлтандықтары. Бірінші кресшілер жорығынан кейін (1096-1099) сельжуктер Палестинадан, кейінірек Сириядан, Кіші Азияның текіз жағалауларынан, Грузиядан айырылды.
1118 жылы Сельжуктер мемлекеті Мәлік-шах балаларының арасында бөліске түсті. Санжардың үлесіне астанасы Мерв (Мары) болған шығыс облыстары, Махмудтың үлесіне - Батыс Иран мен Ирак тиді. 1141 жылы қарақытайлықтардан жеңіліген Санжар Орта Азиядағы билігінен айырылды. 1153 жылы балхтық оғыздар көтеріліске шығып, Марыны, Нишапурды, Тусты, т.б. Хорасан қалаларын талан-таражға салды. Санжар өлген (1157) соң Хорасандағы "Ұлы сельжуктер" билігі жойылды. 30 жылға созылған феодалдық өзара кырқыстардан кейін Керманды, Хорасан мен Батыс Иранды хорезмдықтар басып алды. Сельжуктер тек Кони сұлтандығын сақтап қалды. Кони (Рум) сұлтандығының куаты әсіресе Алад-дин Кейқуат (1219-1236 жж.) сұлтанының тұсында күшейді. 1243 жылдан бастап Иранда билік құрған монғол елхандарының вассалдарына айналды. 1307 жылы ұсақ княздықтарға бөлініп кетті. Сол князьдықтың бірі - Осман бейлігі (бейлік - округ) ХІҮ ғасырдың басында құрылған Осман мемлекетінің ядросы болды. І-Осман Гази өз үлесіне тиген бейлікте 1282-1324 (1326) жылдары билік құрды.
Эмираттың астанасы Бурса қаласы болды. Осман әкесінен калған мұраны Кіші Азиядағы Византия империясының есебінен ұлғайтқан болатын. Осман жақсы қаруланған, қатаң тәртіпке бағынған атты әскер құрды. Ат Османның баласы - Орханның (1326-1359 жж.) тұсында Византияның Кіші Азиядағы иеліктері түгел дерлік Осман эмиратына қосылды да, империяға айнала бастады.
1354 жылы Османдық түріктер Балқан түбегін жаулауға кірісті. Алдымен Европадағы Галлиополь қаласын басып алды. Бұл кез» Балқандық елдер арасында бірлестік жоқ еді. Орханнан кейін Осман эмиратын басқарған оның баласы I Мұрат (1359-1389жж) сұлтан деп аталды. Ол Балқанда Адрианополь (1362 ж.) қаласын Фракияны, Филиппопольды, Марица өзенінің алқабын басып алып, тез қарқынмен батысқа карай жылжи берді. Эмираттын астанасын І-Мұрат Адрианопольге көшіріп, ол қаланы Эдирце деп атады. 1389 жылы османдар Сербияға шабуыл жасады. Шешуші ұрыс Косово деген алаңда 15 маусымда болды. Серб королі Лазарьдің сербтер мен босниялықтардан, албандықтардан вадахтар мен венгерліктерден тұратын 20 мыңдық әскеріне түрік сұлтаны І-Мүрат басқарған 30 мыңға жуық әскер қарсы тұрды. Сербтер жеңілді. Князь Лазарь түтқынға түсті, соңынан өлтірілді. Милош Обилич деген серб жауынгері жасырын түрде сұлтанның I шатырына кіріп, І-Мүратты капыда өлтірді.
1396 жылы османдық Түркияға карсы кресшілер жорығына I венгр, чех, поляк, француз, т.б. рыцарлары қатысты. Ол жорықты венгр королі Сигзмунд басқарды. Дунайдағы Никопольде олар түріктерден жеңілді. Он мыңға жуық кресшілер түтқынға түсті, қалғаны қырылды, қашты. Баязит үш жүзге жуық бай рыцарларды салық төлеткізіп босатты да, қалғанын құлға айналдырды. І - Мұраттың баласы - Баязит (1389-1402 жж.) Болгарияны Македонияны басып алды. Енді Фессалоникиді алып, Константинопольдің берілуін талап ете бастады. Баязит "Иылдырым" - Найзағай" - деп аталды.
Европада жаулап алынған жерлерге коныстанған түріктер отырықшылық өмірге көшті. Ал Кіші Азияда қалған түріктері отырықшылыққа кейін көшті. І-Баязит 1402 жылы 20 шіддедегі Анкара маңындағы шайкаста Ақсак Темірден жеңіліп калды. Өзі тұтқынға түсіп, сонда өлді. Түрік әскерлері Балқан жаққа қашып кұтылды. Оған гректер мен т.б. европалықтар көмектесті. Тимур бұрынғы эмираттарды қайтадан қалпына келтірді. Олардың арасында араздық туғызып отыруға тырысты. Баязиттің одан қалған 4 баласының арасында бақталастық болды. Бұл бақталастықта 1413 жылы Мұхаммед жеңіп шықты. Ол түрік елін кайта қалпына келтіруге кірісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет