Субституттармәтін түзуде ерекше рөл атқарады. Субститутардын қызметі арқылы тұтас бір абзацты сөйлемдерден бастап, сойлем, жеке сөздердегі ой, басқа сөздердің, мәселен, заг, кісі, мекен, мезгiл т.б. қайталанбай, олардын орнына жұмсалатын сөздерге катысты колданылады.
Мысалы:
Нағашыбай орнына отыра бере, Жалгасқа бұрылып еді, ол Базылға аса бір жеккөрінішпен қарап, көзін алмай түр екен. (Т.Нұрмағамбетов. Тандамалы. 11т.1376).
Ал дейксис мәтіндегі күрделі фразалық тұтасымдағы ойды, сөйлемдерді әрі қарай дамытады.
Мысалы: Соғыстың енді басталған кезі. Ол кезде Алматыга барып оку дегеніңіз үрдіс бола қоймаган.
Патша сарайының тiзiмшiлерi ел аралап, өсіп келе жатқантүрік балаларын әскерге алуға жазып жүргенде, «бұл үйде әскерге жарайтын ұл жоқң дегенді естуден артық иісі түрікке қорлық бар ма дугиеде? Ал тізімшілердің шатырынын тұсынан өте шыгуы ше? Әлгі қорлығынан да аскан корлык осы емес пе?
Сонын бәрiн Мехмед көрдi...Төздi... Шыдаған Мехмед қана ма? (Т.Нұрмағамбетов)
Келтiрiлген мысалдардағы ал-ластырғыш жалғаулығы, ма, пе, шедемеулік шылаулар, әлгi, сонын бәрiн - есiмдiктер арқылы мәтін түзетін бiрлiктердi өзара мағыналык жагынан байланыстырып тұлған дейксистік амалдар. Дейксис тек жалғастырушы амал ғана емес, мәтіннің ақпараттық мәнiн күшейтеді, кейде максатты турде кайталануынын өзі мәтін кеңістігіндегі логика-семантикалык байланысты айқындап нактылайды.
Мәтін түзуші бірліктердің байланысына скреп сөздерқатысады. Қазақ мәтінін зерттеушілер мұны шегендеуiшдеп атаған. (Қайшығұлова Ж.) Шегендеуiштерге мәтін түзетiн бiрлiктер ретiнде қыстырма сөздердің өзіндік орны мен атқаратын қызметі бар.
Мысалы: Расында да, Сәрсен бұл ғұмырында денсаулығына шагынып,кынк деп дәрiгерге көрінген жан емес-ті.