Байланысты: Орта кәсіптік білім беру жүйесінде информатиканы оқыту мәселелері (1)
Саралап оқытуда техникалық қосымшаға бағытталған информатика курсының бағдарламасы 1-бөлім. ЭЕМ құрылысы және жұмыс істеу принциптері.
Қазіргі заман дербес компьютерлерінің құрылысы және қызметі.
ЭЕМ жұмыс принциптері. ЭЕМ–ның құрылысы және негізгі сипаттамалары. Қазіргі заманғы ЭЕМ құрастыру принциптері.
ЭЕМ-ның ақпараттық-логикалық негіздері.
Ақпаратты сақтау. Ақпараттың өлшемі. Ақпараттың өлшем бірлігі. Негізгі санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық және он алтылық). Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру. Екілік арифметика. Кодтау. Декодтау. ЭЕМ-нің логикалық негіздері.
ЭЕМ-ның элементтері және түйіндері.
ЭЕМ-ның элементтері және түйіндерінің сипаттамасы. Логикалық (цифрлық) құрылғы ұғымы. Дешрифаторларды, шифраторларды, кодты түрлендірушілерді, мультиплексорларды және демультиплексорларды зерттеу. Цифрлық құрылғыларды зерттеу.
2-бөлім. ЭЕМ-на техникалық қызмет көрсету.
Негізгі ұғымдар. Техникалық қызмет көрсету объектісі ретінде ЭЕМ-ның ерекшеліктері. Техникалық қызмет көрсетудің түрлері. ЭЕМ-нің техникалық қалпын бақылау. Корректрлеуші кодтар.
3-бөлім. Ақпараттық технологияның даму болашағы.
ЭЕМ құру және даму тарихы, программалық жабдықтау. Ақпараттық технологияны жетілдіру заңдылықтары. Қазіргі заманғы ЭЕМ және оларды жетілдіру жолдары. Болашақ ЭЕМ болжау.