«Миға шабуыл» әдісі
- Не үшін екілік санау жүйесімен қоса сегіздік және
он алтылық санау жүйелері қолданылады (үштік
немесе 7 емес)?
- Компьютерде сегіздік және оналтылық санау
жүйелерін қолдану қандай қажеттіктен туындаған деп
ойлайсың?
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Оқушылар кітаппен жұмыс істейді. Түсінгендерін
жұбымен талқылайды. Мұғалім оқушылардың білімін
толықтырады.
Ауызша мадақтау, ынталандыру
1-тапсырма.
Төменде берілген ондық санау жүйесіндегі сандарды
сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар.
1)219 2) 136 3) 79 4)80 5) 1024 6) 307 7)
3128 8) 64 9)120 10) 109
Дескриптор:
- Санау жүйесін анықтайды.
- Сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырады.
Смайлдер арқылы бағалау
2-тапсырма.
- Төменде берілген ондық санау жүйесіндегі сандарды
оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар.
1) 2012 2) 736 3) 729 4) 380 5) 1024 6) 237
7) 428 8) 643 9) 520 10) 21
- Төменде берілген екілік санау жүйесіндегі сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар.
1)10010 2)10011011 3)11011 4)110111
5) 11110011 6)10101001
Дескриптор:
Сандарды сегіздік және оналтылық санау жүйесіне
ауыстыра алады.
Смайлдер арқылы бағалау
3-тапсырма.
- Төменде берілген екілік санау жүйесіндегі сандарды
он алтылық санау жүйесіне ауыстырыңдар.
1) 10111010 2)1110011011 3)1111011
4)1100011 5) 11110011 6)1011101001
- Төменде берілген сандарды екілік санау жүйесіне
ауыстырыңдар.
1) 258 2) 768 3) 172 2 4) 382 5) 1028 6) 2316
7) 12816 8) 643816 9)15216 10) 4116
Дескриптор:
Сандарды оналтылық, екілік санау жүйесіне ауыстыра
алады.
Смайлдер арқылы бағалау
|