Бірінші дайындық кезеңде, бастауыш сынып оқушыларының алғашқы геометриялық түсініктері жинақталып, қарапайым геометриялық фигуралардың аталымдары – терминдермен танысады. Бастауыш сыныптарда геометриялық фигуралар оқу-білу объектісі бола отырып, арифметикалық материалдарды игерудегі көрнекі құрал міндетін де атқарады.
Екінші дайындық кезеңде, негізгі мектептің V-VI сыныптарында геометриялық фигуралармен және олардың кейбір қасиеттерімен көрнекіиндуктивті түрде таныстыру одан әрі жалғасады. Бірақ, бұл кезеңде геометриялық фигуралардың кейбіреулеріне анықтама беріліп, қасиеттері жүйелі түрде тұжырымдала бастайды, қарапайым ой қорытулар жасалынып, дедуктивті дәлелдеудің элементтері кездеседі. Сондықтан бұл кезең геометрияны оқытудың индуктивтіден дедуктивтілікке біртіндеп өту кезеңі делінеді.
Үшінші кезең – геометрияны жүйелі оқыту кезеңі делінеді және ол екі бөлімнен тұрады: 1) жазықтықтағы геометрия (планиметрия) – негізгі мектептің VII-IX сыныптарында түзулердің өзара орналасуы; үшбұрыштардың, төртбұрыштардың, көпбұрыштардың және шеңбердің қасиеттері, теңдік және ұқсастық қатынастары, ұзындықты, бұрышты, ауданды өлшеу жүйелі түрде оқытылады; 2) кеңістіктегі геометрия (стереометрия) – орта мектептің жоғары X-XI сыныптарында түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы; көпжақтар, айналу денелері және олардың бетінің ауданы мен көлемі оқытылады [2].
Геометрия сабағына қойылатын өте маңызды талап –топтық және жеке оқушылармен істелетін жұмыстарды ұштастыру. Бұл алдымен, бүкіл сынып болып атқарылатын жұмысқа, ұжымдық талқылауларға, есептер шығаруға сыныптағы үлгерімі әр түрлі деңгейдегі оқушыларды түгелге жуық қатыстыру, екіншіден оқушылармен өзіндік жұмыс кезінде үлгерімі төмен оқушылардың жұмыстарына ерекше назар аударып бақылап отыру, кеңес беру т.б. арқылы жүзеге асырылады.
Бұл әдіс-тәсілдер математиканы оқытудың жалпы әдістемесінде баяндалған. Мұғалімнің міндеті геометрияны оқыту барысында ол әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану [3]. Сонымен бірге геометриялық есептерді шешуде – заманауи мұғалімге білім берудің компьютерлік ресурстарын қолдану бойынша тәжірибе жинақтай білу маңызды.
Геометрияны оқытуға арналған бірқатар заманауи тәсілдердің мәнін анықтамас бұрын «оқытудың заманауи тәсілі» түсінігін қарастырайық. Алдымен оның құрамдастарына анықтама берейік: «тәсіл» және «оқыту». Түрлі дерек көздерінде оқыту терминіне анықтама беріледі, олардың кейбірін қарастырайық. В.А. Сластенин: «Оқыту – жүйелі білім алудың ең маңызды және сенімді әдісі. Педагогикалық үдерістің барлық маңызды қасиеттерін (екі жақтылық, тұлғаның үйлесімді дамуына бағыттылық, мазмұндық және процессуалдық тараптардың бірлігі) көрсете отырып, оқытудың сонымен қатар ерекше сапалық айырмашылықтары да бар. Баланың санасында нақты шындықты бейнелеудің күрделі және көп қырлы арнайы ұйымдастырылған үдерісі бола отырып, оқыту педагогпен басқарылатын танымның арнайы үдерісі. Мұғалімнің бағыттаушы ролі оқушылармен білімді, білікті және дағдыларды толыққанды игеруін, олардың ақыл-ой күші мен шғармашылық қабілеттерін дамытуын қамтамасыз етеді» деп жазады [5].
Мәнмәтіндік тәсіл. Аталған тәсілдің «атасы» деп мәнмәтіндік тәсілді өзінің «Жаңа білім беру парадигмасы және мәнмәтіндік тәсіл» атты монографиясында сипаттаған А.А.Вербицкийді есептейді.
А.А.Вербицкийдің айтуы бойынша: «Мәнмәтіндік тәсіл – бұл ғылымдар тілінде және оқытудың барлық түрлері, әдістері және құралдары жүйесінің көмегімен оқушылардың болашақ кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұны жүйелі модельденетін оқыту» [6].
Мәнмәтіндік тәсілдің қағидаларына сәйкес:
алыстағы дереккөздерден қосымша ақпаратты талап ететін тапсырмалар,
әр түрлі мәтіндерді жасауға арналған тапсырмалар;
адам қызметінің кәсіби салаларынан сандық деректерге арналған тапсырмалар;
оқушыларға сабақтан тыс (аудиториядан тыс) іс-шараларды ұйымдастыру;
математика сабақтарын өткізу үшін дидактикалық материалдар жасау;
әртүрлі мақсаттағы тапсырмаларды, өзіндік және бақылау жұмыстарын жасау және т.б. оқыту барысындағы әдістемелік құрамдастар бола алады А. А Вербицкий осындай тапсырмалардың көмегімен оқушылар ақпарат іздеу білігін алады деген пікір айтады. Олар әртүрлі бағыттағы мәтіндерді құрастырады, ақпаратқа аналитикалық шолулар жасайды және оған іріктеу жүргізеді, өз банкін арнайы ақпаратпен және дидактикалық материалдармен толықтырады. [7].
Педагогика ғылымдарының докторы И.С. Сафуанов өз диссертациясында генетикалық тәсілге былай деп анықтама берді: «Математика пәнін оқыту математикалық теорияның пайда болуы мен қолдануының табиғи жолдарымен жүрген жағдайда, ол генетикалық тәсілге сәйкес келеді. Генетикалық тәсілдің көмегімен оқыту «математикалық теорияның мазмұнын дамыту қалай түсіндірілуі мүмкін?» деген сұраққа жауап береді», «Теоремаларды баяндаудың генетикалық тәсілі геометриялық курсын құру барысында теоремаларды белгілі бір іріктеуге әкелетін идеяларды оқушылардың түсінігіне жеткізуді көздейді» [8].
Мұндай тәсіл математикалық фактілерді өз бетінше іздеп табуды болжайды, яғни мұғалім мұндай фактінің болуы тиіс екенін және пайдаланылуы мүмкін екенін оқушылардың түсінігіне жеткізуі қажет. Оқушыларға жаңа ұғымның, қасиеттің немесе теореманың мұндай «ашылуын» оқушы жауап беретін, сосын қорытынды жасайтын алдын оқытылған геометриялық материал бойынша бірқатар сұрақтар қою арқылы алып келуге болады.
Компьютерлік-бағдарланған планиметриялық есептердің типологиясын әрі қарай әзірлеу мақсатында орта мектептің планиметрия курсы есептерінің негізгі түрлерін, олардың ерекшеліктері мен оқу үдерісіне ендіру мақсаттарын, сонымен бірге компьютерлік ресурстар құралдарының көмегімен шешу мүмкіндігін қарастырайық. Орта мектептің 7-9 сыныптарында планиметрияны оқыту мақсаттары курсты оқу барысында оқушы игеруге тиісті келесі білік жиынтығымен нақтыланады:
теорема мен есептердің шарттарында аталған геометриялық фигураларды көрсетіп, таныс фигураларды сызбадан бөліп көрсету;
геометриялық шамалардың мәнін есептеу, оқытылған қасиеттері мен формулаларды қолдану;
теориялық мәліметтерге сүйене отырып, есептеуге, дәлелдеуге және салуға берілген ұқсас үлгідегі есептерді шығару;
ұқсас үлгілегі есептерді шығару барысында дәлелді пікір білдіру.
Планиметрия бойынша есептердің оқыту әдісі ретінде кешенді түрде қарастыруға қажетті белгілі атқаратын қызметтері бар:
оқыту (мектеп оқушыларының математикалық білім, білік және дағдыларының жүйесін қалыптастыруға бағытталған);
тәрбиелік (оқушылардың танымдық қызығушылығын және оқу еңбегінің дағдыларын қалыптастыруға бағытталған);
дамытушылық (мектеп оқушыларының ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамытуға бағытталған);
бақылаушы (оқушылардың білім, білік және дағдыларды игеру деңгейлерін белгілеуге бағытталған). Орта мектептің планиметрия курсының міндеттері үш негізгі топқа бөлінеді:
Есептеуге арналған есептер; - дәлелдеуге арналған есептер; - салуға арналған есептер. Есептеуге арналған есептерде белгісіз шамаларды немесе белгілі көрсеткіштер арқылы олардың қатысын көрсету талап етіледі.
Салуға арналған есептерде белгісіз шамалар бірқатар геометриялық салуларды орындау нәтижесінде анықталады (рұқсат етілген геометриялық құралдардың көмегімен). Әдеттегідей, мұндай есептер геометриялық фигуралар туралы және оны салу туралы болады .
Дәлелдеуге арналған есептерде қарастырылатын геометриялық фигуралардың элементтері арасында белгілі ара қатынасының болуын орнату қажет. [9].
Білім беру жүйесіндегі геометрияны оқыту үдерісінде Microsoft Power Point, Microsoft Excel, AutoCAD, GeoGebra сияқты бағдарламалық өнімдерді пайдалану тиімділігі педагогикалық эксперимент нәтижелерімен, әсіресе оқушылардың шығармашылық, аналитикалық, кеңістіктік құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін әдістердің бірегейі деп айтуға болады.
Бүгінгі таңда бағдарламалық қамтамасыз ету нарығында конструкторлық құжаттаманы жобалау және электрондық түрде ұсынуды автоматтандыру үшін халықаралық стандартқа ие компьютерлік ресурс ретінде AutoCAD платформасындағы (Automated Computer Aided Drafting and Design) бағдарламалар болып табылады. Бұл бағдарламалардың авторы жетекші компаниялардың бірі – Autodesk компаниясы болып табылады.
Бүкіл бағдарламалық өнімдер индустриясының негізі болған AutoCAD көптеген жетістіктерімен қатар, бұл жүйе AutoCAD Mechanical, AutoCAD Electric, AutoCAD Architecture, GeoniCS, Promis-e, PLANT-4D, AutoPLANT,
СПДС GraphiCS, MechaniCS және тағы да басқалар сияқты мамандандырылған қосымшаларды құруға мүмкіндік беретін әзірлеу мен бейімделудің дамыған құралдарына ие. Оқушылар бұл бағдарламалар көмекгімен төмендегі жұмыстарды жасай алады:
Кесінділер салу. 1 суретке сәйкес сызық қарапайым және AutoCAD сызбаларында жиі қолданылатын нысан болып табылады.
Сурет 1 - AutoCAD бағдарламасының саймандар панелі
Нұсқа ретінде пәрмендік қатарында кесінді немесе жәй ғана О енгізуге болады, содан соң enter немесе кетік пернесін басуға болады. 2 суретке сәйкес пәрмендік қатар сұрауында көрсетілген нүктенің орналасуына назар аударыңыз.
Сурет 2 - Пәрмендік қатар сұрауында көрсетілген нүктенің орналасуы
Осы сызықтың бастапқы нүктесін беру үшін 0,0 координаттарын енгізу қажет. Үлгінің бұрыштарының бірін бастапқы нүкте деп аталатын 0,0 нүктесінде орналастыру ұсынылады. [10]
7-9 сыныптарда геометрияны оқыту барысында қолданылатын теортялық немесе практикалық әдістерді пайдалану оқушының ақпаратты өмірде қолдана алуға дағдыландыруға үйретеді. Соның ішінде, компьютерлік ресурстарын пайдалану оқушыны таным жолымен ілгерілеудің әр қадамын бақылауды мүмкін ете алатын және осыған байланысты көптеген қиындықтардан, қызығушылықтың жоғалуынан және нашар басқарылатын үдеріске ілесіп жүретін жағымсыз салдарлардан құтқара отырып, оған дер кезінде көмек көрсете алатын оқу үдерісінің осындай технологиясын құруды іздеумен байланысты болады.