Ортақ тақырып: «Менің Отаным – Қазақстан», «Адами құндылықтар» Бөлімше



бет3/7
Дата06.01.2022
өлшемі26,47 Kb.
#13232
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
22- сабақ ҚМЖ Қосу және көбейтудің қасиеттері

Тексер

(Т.Ж) Осы тапсырма жасырылған 3-конверт бар екенін айтып, оқушыларды қызықтыру. Теңдіктерде қосу мен көбейтудің қандай қасиеттері қолданылғанын сұрау. Оқушылармен бірге қосу мен көбейтудің барлық қасиеттерін еске түсіріп, қайталауды ұйымдастыру.

Тапсырма

Есептеу жүргізбей, тура теңдіктерді анықта.

а) 456 ∙ 2 = 2 ∙ 456

ә) 2313 + 29 = 29 + 2312

б) (34 ∙ 2) ∙ 5 = 34 ∙ (2 ∙ 4)

в) (456 + 242) + 58 = 456 + (242 + 58)

г) (570 + 640) ∙ 2 = 570 ∙ 2 + 640 ∙ 2

Осы теңдіктерде қосу және көбейту амалдарының қандай қасиеттері қолданылған?



Жауабы:

а) 456 · 2 = 2 · 456 тура;

ә) 2313 + 29 = 29 + 2312 тура емес;

б) (34 · 2) · 5 = 34 · (2 · 4) тура емес;

в) (456 + 242) + 58 = 456 + (242 + 58) тура;

г) (570 + 640) · 2 = 570 · 2 + 640 · 2 тура.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет