1. Ортадан тепкіш сораптар
Бұл сорғыларда сұйықтық жұмыс дөңгелектеріне енгенде осьтік бағытта, содан кейін дөңгелектің өзінде радиалды, ары қарай дөңгелектің центірінен переферияға бағытталады Жұмыс дөңгелегі тұрақты жиілікпен айналғанда сұйықтық дөңгелек каналдарымен үздіксіз қозғалады. Дөңгелектің қалақшалары ағып жатқан сұйықтыққа қозғалыс энергиясын, қысымды және қажетті жылдамдықты хабарлап отырады . Дөңгелектен шыққан сұйықтықтықтың жылдамдығы трубоөткізгіштерде төмендейді, сол арқылы ол дөңгелеек арқылы жасалған қысымды күшейтеді .Жұмыс дөңгелегі, шойыннан, болаттан және қоладан құйылған екі дисктен тұрады: біреуі – білікке кіргізілетін тығын, ал екіншісі кең сақина формасындағы втулка. Дисктер арасында қалақшалар орналасқан, олар дөңгелек каналдарын құрайды және екі дискті біреу етіп жалғап тұрады.Дөңгелектің орта бөлігіне кіріс трубоөткізгіштер еніп тұрады (кішкене ауа саңылауымен), оған сорғыш труба жалғанады.
Дөңгелектің сыртындағы корпус, ұлу тәріздес болады, ол дөңгелектен шыққан суды жинап, ары қарай қысымдық трубоөткізгіштке жібереді. Мұндай сорғының біз консалды деп айтамыз, өйткені оның жұмыс дөңгелегі косолдың білік ілініп тұрған бөлігінде орналасқан. Шойыннан жасалған жұмыс дөңгелегі екі дисктен тұрады, олар қалақшалар арқылы жалғасқан. Нақты конструкцияның артқы жағында бірнеше тесіктер болады , олар сорғының соьтік күштерін тепе – теңдікте ұстап тұру үшін керек. Жұмыс дөңгелегі білікке гайка арқылы бекітілген . Сұйықтық дөңгелекке осьтік болып құйылады. Сорғының корпусы іштік
спиральдік қуыс болып келеді, сол арқылы ол тығындыға өтеді, нақты жағдайда жоғарыда орналасқан. Корпус болат құйындысынан жасалған. Қысымдық тығынды сорғы осінен 90, 180 және 270° бұрышымен келеді, Корпуске болат қақпақ жанасады, кіріс тығындымен бірге құйылып жасалған Кіріс бөлігі, жұмыс дөңгелегі, спираль тәріздес бұрылғы сорғының ағындық бөлігін құрайды. Жұмыс дөңгелегі шарикподшипниктері түріндегі екі тірекке, болат білік арқылы жалғанған, олар тұрған тіректе орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |