Ортағасыр дәстүріндегі рухпен жанның теологиялық түсінігі Ысқақ Бану ссиМ 22-14



бет2/4
Дата19.12.2023
өлшемі17,62 Kb.
#140790
1   2   3   4
Байланысты:
Ортағасыр дәстүріндегі рухпен жанның теологиялық түсінігі-emirsaba.org

Апологетика (гр. Apologetikos – қорғаушы) – теологиялық сала. Әлдебір нәрседен әділетсіздіктен қорғау, сол нәрсені мадақтау ұғымына сәйкес. Апологетиканың мақсаты – ақыл- парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап, сақтау. Апологетиканың құрамына мыналар енеді: құдай болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы ілім, дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, схондай-ақ басқа діндерге талдау. 

Патристика – (лат. Paterәке) – 2 -8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философия мен үйлеспейді дейтін "шіркеу әкелерін мадақтау, қостау. Өкілдері – Тертуллиан, Климент Александрский, Ориген, Августин. 



Схоластика (латынша мектеп) - ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі болды:
Балауса схоластика (ІХ-ХІІғғ. )
Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ.)
Құлдырау кезеңі (ХІV- ХVғғ. )
Схоластикалық философияның негізгі мәселесі: Құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу;

 Схоластика бағыттары 



Номиналаизм (лат. nomo- ат, актау) бойынша алдымен қандай да бір зат панда бокса, оған ат беріледі. Олар құдайдың бар екендігін былой дәлелдейді: Әке - құдай, ұл - құдайы, рух - құдай. Номинализм өкілдері - П. Абеляр, Росцелин, Дунс Скот, Жан Буридан, Роджер Бэкон.
Реализм бағыты бойынша алдымен заттың өзі емс, оның жалпы актауы «универсалийлер» пайда болады, яғни сөз, соған сәйкес зат болады. Құдайдың бар екендігін былой дәлелдейді: Құдай туралы сөз бар, яғни құдайдың зеты да, өзі де бар. Реализм өкілдері: А. Кентерберийский, Шампо Схоластика бағыттары.
Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырған, шіркеудің алғашқы схоластикалық ұстазы, ал 1879 ж. бастап католик шіркеуінің шешімімен осы шіркеудің ресми теолог-философы деп жарияланған Фома Аквинский 1125–26 ж. туылып, 1274 ж. қайтыс балды. Негізігі еңбегі: «Теологияның жиынтығы». Ол Аристотельдің іліміне сүйене отырып, белсенді форма (реттілік принципі) мен тұрақсыз және қалыптаспаған материяның (болмыстың әлсіз түрі) арасындағы байланысты түсіндіру арқылы Исус Христостың бойындағы құдайлық (идеялық) және адамдық (материалдық) қасиеттерін теориялық жолмен негіздеуге тырысады.
Дунс Скот - шотлаңд схоласты, Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтып, құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік- жігеріне тәуелді, сондықтан да құдайдың жігері не істеймін десе де абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі игілік, денеге уағыздады. Құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен бірге сол заттардың рухани түпнегізі. Осындай рух адам да бар. Адамның рухи (жаны) мәңгі, ал оның денесі кеңістік пен уақытта шектеулі. Рухтың негізгі мақсаты танып біл.
Орта ғасыр араб-мұсылман философиясы. VII ғасырдың басында Түркістаннан Испанияға дейінгі ұлан-ғайыр территорияға араб шапқыншылық нәтижесінде «Араб халифаты» көп халықты мемлекет пайда болды. Бұл мемлекетте философия жақсы дамыған, көбінесе ежелгі грек философиялық ойлары қарастырылады. V –VII ғасырда схоластика мен қатар араб философиясы дамы, бірақ оны батыс европалық схоластика мен салыстыруға болмайды. Араб философиясы ислам дініне негізделген. Құран – ислам дініндегі қасиетті кітап. «Құран» араб тілінен аударғанда оқу деген мағынаны берді.
Әбу Насыр Ибн Мұхамед Әл Фараби - философ, ғалым – энциклопедист, шығыс аристотелизмнің басты өкілі, Аритотельден кейінгі «екінші ұстаз» болып табылады. Багдад, Алеппо, Дамаск қалаларында өмір сүрді. Негізгі еңбектері «Ақыл мен түсінік», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Музыка туралы кітап».
Ибн Сина (латын тіліндегі транскрипциясы - Авеценна) Абу Әли Хусеин ибн Абдаллах – философ, энциклопедист, дәрігер, ақын, математик. Ибн Синаның белгілі еңбектері «Айығу кітабі», «Аман қалу кітабы», «Білім кітабы», «Медицина туралы поэма» өлеңдерін жинақ кітабы және ең негізгі еңбегі «Медицина ғылым каноны» болып табылады. «Медицина ғылым каноны» кітабы латын тіліне аударылған, ХІІ ғасырдан бастап Еуропа елдеріне әйгілі балды. Соңғы оқулық болып табылып, европа медицина университетінде бес ғасыр бойы оқытылды. Ибн Синаның ойынша - дүние эманация жолымен пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет