Ортағасырлық Батыс Еуропа дәуірінің мәдени мұрасы мен ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата13.10.2022
өлшемі2,18 Mb.
#42920
1   2
Байланысты:
Kudaibergenov S. Ortagasyrlyk Batys

Романдық стильдің
ерекшеліктері
• Ортағасырлық Еуропа мәдениетінде, өзіндік ерекшелігі
бар көркемдік стиль қалыптаса бастады. Ол – «роман» 
стилі деген термин («роман тілдері» деген терминге
ұқсас енгізілген, Рим мәдениетінен мирасқорлық деген
мағына береді) . Азғантай уақыт шеңберінде өшпес
даңқа ие болған бұл өнер стилі ХІ –ХІІ ғ., әсіресе сәулет
өнері мен мүсін өнер саласында үстемдік етті жіне ірі
соборлар құрылысында , оларды әшекейлеуде кеңінен
қолданылды. Роман стиліндегі діни құрылыстар Рим 
сәулет өнерінің белгілерін мұра етті. Бұл құрылыстар
өзінің көрнектілігімен, үлкендігімен, әсерлігімен және
рациональдылығымен ерекшеленді. Лев Любимовтың
пікірінше , «Роман стилінде ою - өрнек пен бейнелеу
негіздері өзара сәйкес келді, табылған синтездің мәні –
образдың мәнерлілік пен әшекейлі
геометриялылықтың, қарапайым мен өте
шарттылықтың , ою-өрнектің нәзіктігі мен шомбал, 
тіпті, кейде дөрекі монументтіліктің үйлесуінде еді».


• Сәулетшілік жетекшілік өнерге айналған бұл 
тарихи кезеңде ғимараттар салуға ерекше мән 
берілді. әсіресе христиандық наным-сенімнің 
салтанаты мен жан-жақтылығы, оның құдіретін 
паш ету мен адамзат баласын құдайға 
құлшылық жасау жолында біріктіу мақсатында 
діни шіркеулер салу ісі кең қанат жайды. Әсем 
шіркеулер салудың өрістегені соншалық , 
оларды тіпті қажет болмаса да салды. Ерекше 
атап өтетін бір жәйт, романдық стиль 
византиялық , таяу шығыстық (әсіресе, 
сириялық) германдық, кельттік және басқа да 
солтүстік тйпалардың өнер стильдерінің 
белгілерін өз бойына сіңіре білді. Міне , 
сондықтан да болар, әр елдің өнер стильдерінің 
өзара тоғысуы нәтижесінде қалыптасқан 
өнердегі бұл бағыт жалпы «романдық» деген 
атқа ие болды.


• Шамамен 1000 ж. бастап готикалық стиль 
туындағанға дейін үстемдік еткен романдық
стиль - ортағасырлық Еуропаның өзіндік бет-
бейнесімен, өзіндік тәуелсіздігімен
ерекшеленетін көркемдік стиль болып саналады
және ол варварлық тайпалардың көркемдік
мәдениетінің негізінде қалыптасты. Екінші
мыңжылдықтың басында Еуропалық өнердің
христиандық негізінен нәр алған романдық өнер
мұрасында сәулетшілік өнер жетекші рөл
атқарды, ал осы бір қасиетті өнер саласының
римдік, дәлірек айтқанда гректік базиликалардың
(патша сарайларының) идеяларын өз бойына
жинақтай білуі - оны одан әрі асқақтатып, асқар
шыңға шығарды. ХІХ ғ. өмір сүрген француз 
сәулетшісі О. Роденнің сөзімен айтқанда
«Романдық сәулет өнері адам өмірінің
бірқалыптылығын, тұрақтылығын паш ететін, 
үнсіздігімен адамның мысын басып, оны 
табындыра білді.»


Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет