Екінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастап ішінен өзіне қолайлы бір тасты алады да, жоғарыдағы тәсілмен жерде жатқан тастарды екі-екіден жиып алады.
Екінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастап ішінен өзіне қолайлы бір тасты алады да, жоғарыдағы тәсілмен жерде жатқан тастарды екі-екіден жиып алады.
Үшінші тәсіл: Еденге бес тасты шаша тастайтайды да, ішінен біреуін алып, жоғары лақтырып, алдымен біреуін іліп а.лып, лақтырған тасын тосып алады, сонан соң жерде жатқан үш тасты сол тәсілмен бірден жиып алуы керек.
Төртінші тәсіл: Бес тасты қолына алады да, біреуін жоғары серпіп жіберіп, қолындағы төрт тасты жерге койып, жоғары серпіген тасын қағып алады. Сонан соң ол тасты жоғары қарай қайта лақтырып, жерге қойған төрт тасты жинап алып, жоғары лақтырған тасты қоса қағып алады.
Бесінші тәсіл: Бес тасты уысына алып, бірін жоғары қарай серпіп жібереді де, тасты алақанына қыса ұстап, шынашағымен еденді үш, не бес рет (ойыншылардың алдын ала келісімі бойынша) сипап өтіп (жалап өтіп деп те айтады) лақтырған тасын қағып алады.
Алтыншы тәсіл: Төрт тасты бұрышқа (төрт) орналастырып (мөлшерін алдын ала келіседі), бір тасты жоғары серпе тастайды да, төрт тасты жедел теріп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгереді.
Жетінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастайды да, арасынан бір тасты алып, оны жоғары серпіп жібереді де, жердегі тастарды жиып алып, лақтырған тасын қайта қағып алады. Сонан соң оны сол қолына салады да, жоғары серпе лақтырып, жерге түсірмей, қайта қағып алады.
«Командамен жүгіру»
Әзірлік. Ойыншылар екі тең командаға бөлініп, 2 колонна болып сап түзейді. Колонналар бір-біріне параллель, аралары 2-4 қадамнан және беттері бір жаққа қарай тұрады. Колонналардың алдынан сөре сызығы сызылады. Арақашықтығы 15-20 м. жерге бағана, немесе басқа нәрсе қойылады. Колоннадағы әрбір ойыншы өзінің алдындағы ойыншыны белінен құшақтап ұстап тұрады.
Ойынды баяндау. Жетекшінің белгісі бойынша ойыншылар колонналарымен бағанаға дейін жүгіреді, оны айналып, қайтадан кері оралып, сызықтан жүгіріп өтеді. Жүгіргенде бөлінбей және бірінші келген команда жеңімпаз команда болып тапады.