Оқушылардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
Оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс); нәтижені бағалау енеді.
Осының арқасында оқу процесі "модульдік" сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.
Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда біз толық меңгеру әдістемесінің негізгі шарттарын, құрылып жатқа педтехнологиялардың негізгі қағидаларын ұстандық. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі шарттарына байланысты бірқатар өзгерістер енгіздік: балаларды оқытуғаемес, тұлғалық-бағытталған,танымдыққызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзарасөйлесунегізінде құруға және т.б. ұмтылдық.
Осыдан келіп мұғалімнің оқу процесін құрудағы жұмысының өзгеруі туындайды. Толық меңгеру әдістемесінде (Дж.Блок, Л.Андерсен және басқалар) әрбір оқу бірліктері ауқымында мұғалімнің қызметі төмендегіше құрылады:
Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
Сыныпты берілген тарау (оқу бірлігі) бойынша жалпы оқыту жоспарымен таныстыру.
Оқытуды жүргізу (негізінен мұғалімнің оқу материалын өзі баяндауы түрінде).
Диагностикалық тестіні ағымдагы тексеру.
Тексеріс нәтижелерін бағалау және тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды айқындау.
Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу.
Диагностикалық тест өткізу және оқу бірлігін толық меңгерген оқушыларды айқындау.
Біздіңнұсқамыздабұләрекеттердіңретібіршамабасқаша: Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
2. Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы (блогі) немесе тарау бойынша жасалған жалпы үлгімен (модульмен) таныстыру.
Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі – сызбалар, сұлбалар, кестелер және т.б. негізінде).
Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.
Жалпы тақырыпқа, тарауға ("өсу" бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып-үйрену.
Тұтас тақырып бойынша тестілеу.
Тақырып бойынша қалыпты немесе "релелік"" сынақ (немесе диктант, бақылау жұмысы және т.с.с.) жүргізу.
Қайта жаңғыртылатын оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен: кіріспеден,сөйлесубөлімінен және қорытындыбөлімнен тұрады.
Әрбір оқу модулінде сағат саны әртүрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Неғұрлым тиімдісі - 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі. Алдында айтып өткеніміздей, оқу модулінің ерекшелігі — жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе бөлімге сабақтың 1-2 сағаты, қорытынды бөлімге 2-3 сағаты беріледі. Қалған уақыт (3-тен 17 сағатқа дейінгі оқу уақыты) сөйлесубөлімінеқалдырылады. Мысалға,мұғалім оқу модулін 9 сағатқа жоспарлап отыр делік. Оның бір сағаты модульдің бірінші бөлімі — кіріспеге, екі сағаты - қорытынды бөлімге, қалған 6 сағаты — сөйлесубөліміне беріледі.
Модульді 12 сағатқа әзірлегенде де модульдің І және III бөлімдеріне берілетін сағат саны өзгеріссіз қалып, сөйлесу бөлімінің уақыты өзгереді – яғни, ол 9 сағат болады.
Оқу мазмұнына "өсу" бағытымен – қарапайымнан күрделіге репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске (кей жағдайларда — зерттеушілік қызмет элементтеріне) қарай бірнеше мәрте қайта оралу әрбір оқушының оқу материалын қарапайым білім деңгейінен "білімді бағалау" деңгейіне дейін меңгеруіне мүмкіндік береді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс негізіненсыныпты шағын топтарға (4-7 адамнан) бөлу арқылы оқушылардың өзара әрекеті негізінде, осы бөлімге түрлі ойын технологияларын енгізе отырып құрылады. Мұғалім негізінен фасилитатор, кеңесші және оқушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы ролінде болады.
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі – мұғалімнің даярлық жүйесі.
Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.