Орталық азия инновациялық


Лекция 6. Инновациялық технологияның бір элементі ретінде қашықтықтан оқыту технологиясы



бет13/39
Дата04.10.2022
өлшемі238,02 Kb.
#41280
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39


Лекция 6. Инновациялық технологияның бір элементі ретінде қашықтықтан оқыту технологиясы


Жоспары:

    1. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының ерекшелігі.

    2. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының кезеңдері.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір- түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның не-гізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе- теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгей-дегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйым-дастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.


Д ә с т ү р л і с а б а қ т а р

Мұғалімнің әдістері

Оқушының іс-әрекеті

Тақырыпты түсіндіреді

Мазмұнын айтып береді

Кейіпкерлер туралы айтып береді

Кейіпкерге мінездеме береді

Мәтіннің идеясын анықтайды

Оқулық бойынша мұғалімнің
түсіндіргенімен байланыстырып айтады

Мәтіннің көркемдік ерекшелігін
мысалдар арқылы түсіндіреді

Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып
береді, дәптерлеріне жазады

Тақырыпқа шығарма жазуды
тапсырады

Шығарма жазады

Сабақты қорыту сұрақтары жалпы
қойылады

Жауап береді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет