Таң шапағымен қызғылт түске, күндіз ақ шаңқан, түнгі ай сәулесімен күміс түске боялатын мөлдір ақ мәрмәрді Тәж- Махал кесенесі кереметтің бірі. Ең кереметі кіре берістегі Құран сүрелері қара ақықтан, ал қабырғалардағы әшекейлер мен гүлдер қызғылт ақық, малахит, жақұт, нифриттен жасалып, мәрмәр тастың ішіне ойып салынған.Ескерткіштің табанында оны өзен деңгейінен жоғары көтеріп тұрған мәрмәр платформа салынған.

Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі
Ақын, дана ойшыл, сопылық бағыт ұстаған. Туған жері Сайрам, ал өмір сүрген жері – Яссы, қазіргі Түркістан қаласы. Сол жерде дүние салған. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Яссауи қабірінің басына тұрғызылған. Көптеген жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауда Әмір Темір тікелей өзі қатысып, негізгі өлшемдерді анықтаған көрінеді. Ислам дінін насихаттаушы. Пайғамбар жасына жеткен соң жер астынан үңгір қаздырып, қалған өмірін сонда өткізген. Аңыз бойынша, жер астында да сонша жыл өмір сүрген. Меккеге бара алмаған кісілер Түркістандағы кесенеге келіп, дұға оқытса, жеткілікті деген де сөз бар. Шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Архитектуралық жергілікті дәстүрді жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа негіз етіп алынған. Кесене оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы — 3 метр.