Мазмұны Қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама: Сабақтардың мақсаты мен міндеттері:
1.1Пәнді оқытудың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының сауатын ашу және жазуға оқытудың заманауи технологияларымен танысу.
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері: Сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландыру; оқушылардың тілін, ойлау, талдау, талқылау, салыстыру қабілеттерін дамыту; сөздік қорын байыту және белсендіру, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту; туған тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
1.3 Сабақтардың мазмұны Пәннің нысаны – мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеупедагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес болашақ мектепке дейінгі тәрбиешілердің жоғары педагогикалық құрамдасы ретіндегі сауат ашу әдістемесінің мазмұны.Пәні – стандарт талаптарына сәйкес болашақ мектепке дейінгі тәрбиешілердіңсауат ашу әдістемесі курсынан берілетін білім, білік, дағды қалыптастыру үдерісі.«Сауат ашу әдістемесі» пәнінің мақсаты – сауат ашу әдістемесінің теориясынан студенттерге жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді көздейді:– сауат ашуға байланысты практикалық іскерлік пен дағды қалыптастыруға негіз болатын теориялық және практикалық мағлұматтар беру;– оларды пәннің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын іске асыруға дайындау;– сауат ашудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.«Сауат ашу әдістемесі» пәнінің мазмұнында сауат ашу әдістемесінің теориялық негіздері (яғни «Сауат ашу әдістемесі» пәні және оның нысаны, мақсат-міндеттері, мазмұны, басқа ғылым салаларымен байланысы, зерттеу әдістері; сауат ашу әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы және оның лингвистикалық, педагогикалық және психофизиологиялық негіздері); сауат ашу үдерісі (сауат ашудың балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысы жүйесіндегі маңызы; сауат ашу пәнінің оқыту аясы «Сауат ашуды» оқыту барысында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері; сауат ашу барысындағы тіл дамыту жұмыстарының үлгілері)қарастырылады.