Орталық азия



бет7/19
Дата14.09.2023
өлшемі315 Kb.
#107109
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
Практикалық сабақ

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Сейтенова, С.С. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / С.С. Сейтенова.- Алматы: ТОО "Лантар Трейд", 2018.- 273б.-

  2. Ысқақ, Б.Бастауыш сыныпта сауат ашу теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / Б. Ысқақ, Ж.О. Аманжолова.- Шымкент, 2020.- 90 б.

  3. Ахметова А.К. Психология тарихы: Оқу құралы/ А.К. Ахметова – Шымкент:ХГТУ, 2014ж.

  4. Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.

  5. Намазбаева Ж.И. Психология. Оқулық.-Алматы,2015ж.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 5


Тақырып: Сауат ашуды оқыту процесі
Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум
Аудиториялық жұмыс:
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Сауат ашу жұмысының мақсаты
2. Жазу жұмысына қойылатын талаптар
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Сауат ашу жұмысының мақсатын бағдарлама белгілейді. Бағдарлама бойынша, сауат ашудың мақсаты тәрбиеленушілерді дұрыс оқи, дұрыс жаза білуге үйрету және оқу мен жазуға үйрете отырып, тілін, ойын дамыту. Сауат ашу жұмысының басты шарты - әріпті таныту. Әріпті танып, оқып, оны жазып үйренбейінше, сауатты азамат болып өсу мүмкін емес. Алайда сауат ашу жұмысы бірден әріп танудан басталмайды.
Өйткені әріптер тілдегі дыбыстардың шартты белгілері ғана. Демек, әріптерді дыбыстармен ұштастыра білсе ғана, сауат ашу сабағы саналы өтпек. Ал тіліміздегі дыбыстардың әрқайсысы жеке күйінде кездеспейді, олар сөз ішінде бір-бірімен тіркесіп келеді.Осыдан барып, тіл дыбыстарын білдіру үшін сөйлеуді сөйлемдерге, сөйлемді сөздерге, сөздерді буындарға, буындарды дыбыстарға талдау қажеттігі туады. Осындай жұмыстар нәтижесінде оқушылар іс жүзінде сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс деген ұғымдарды меңгеруі керек. Тіл дыбыстары біркелкі болмайды (дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке, қата , үнді, сонар т/б ). Сауат ашу кезеңінде оқушылар тіл дыбыстарының әрқайсысының жеке ерекшеліктерін біліп тәжірибе арқылы меңгеруі қажет Дыбысты естіп ажыратқаннан кейін сол бөліп алған дыбысты дұрыс дыбыстай білуі қажет тек содан кейін ғана әріп таңбалары таныстырылады .
Сауат ашу кезеңінде жоғарыдағы жұмыс түрлерін жүргізу арқылы тәрбиеленушілердің дыбыстарды бұзып айту тәрізді кемшіліктері түзетіліп оқығанын естігенін екінші адамға айтып беруге машықтанатын болады баланың ойы дамып-жетіледі .
Жастардың білім мен тәрбие алуы, осы сауат ашу кезеңінің өзінде-ақ қалыптаса бастайды. Мұның өзі – сауат ашу мақсатына да жаңаша көзқараспен қарау деген сөз. Ол талап – сауат ашу жұмысы мазмұнын кеңейтіп, тәрбиеленушілердің дүниетанымын қалыптастыру мүмкіншілігін арттыра түсу, мұның өзі «Әліппе «оқулығының мазмұны мен программа талаптарын қайта қарастыру арқылы және оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдай білу, сондай-ақ сауат ашу сабақтарын дұрыс ұйымдастыру , көркем және техникалық құралдарды талғампаздықпен іріктеу арқылы шешілмек.
Тәрбиеленушілер жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:
а) әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
ә) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды – қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу.
б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл көлбете (45) жазу;
в) әріптердің, сондай-ақ сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру.
г) бірте – бірте жазу қарқынын тездете түсу.
Бұл талаптар балабақшада барлық топтарда да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс. Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар:
а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып сәл көлбетіле (оңға 65) қойылады;
ә) бала басын оңға не солға, иықтарын кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет;
б) балалар табандарын еденге (партаның табан тақтайына) еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей, бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай, аяқтарын я алға, я артқа сілтемей отырғаны дұрыс;
в) партаға көкіректі тіремеу керек. Өйткені бұл тынысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;
г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан 3 см-дей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн;
д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25-30 см сақталуға тиіс.
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан 3-5 минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды. Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба таңбасы) берілген. Сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет