Тәжікстан Республикасы – Оңт-нде Ауғанстанмен, солүстік мен батысындаӨзбекстанмен, солтүстігінде Қырғызстанмен, шығысында Қытаймен шектеседі. Жер аумағы – 143,1 мың км2. Халқы – 6,579 миллион (2001). Халқының 62%-ын тәжіктер, 23%-ын өзбектер, 5%-ын орыстар, қалған 10%-ын түрікмендер, қазақтар, қырғыздар, кәрістер, немістер, т.б. құрайды. Астанасы – Душанбе қаласы (608 мың адам) (2000). Ресми тілі – тәжік тілі. 1994 жылы қабылданған Конституциясы бойынша – президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Заң шығарушы органы – меджлис. Тәжікстан құрамына Таулы Бадахшан автономиялы облысы кіреді. Тәжікстан әкімшілік жағынан 3облысқа бөлінеді. Ақша бірлігі – сомони.
Электр энергетика өндірісі – Тәжікстан индустриясының басты салаларының бірі. Электр энергиясы негізінен Ресейге, Түрікменстанға және Иранға шығарылады. 2002 жылы Тәжікстанның сыртқы сауда айналымы 1 млрд. 73,6 миллион долларды құрады. Тәжікстан экспортының 55%-ын алюминий құрайды. 2002 жылы 226,2 мың т алюминий сыртқа жөнелтілді. Тәжікстантау-кен өндірісінің негізгі өнімдері – қорғасын-мырыш, сүрме-сынап, вольфрам-молибден, висмут кендері, алтын және флюорит.Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары тоқыма станоктарын, ауыл шаруашылық машиналарын, тоңазытқыш,электртехникалық қондырғылар, трактор бөлшектерін, т.б. шығарады. Химия өнеркәсібінен минералдық тыңайтқыштар өндірісі дамыған. Құрылыс материалдары өндірісінен цемент-шифер комбинаты, темір-бетон және бетон конструкциялары зауыттары,гипс, алебастр, әктас зауыттар жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында мақта егуге ерекше көңіл бөлінген. Мақта экспорты сыртқы айналымның 14,1%-ын құрайды. Егістік алқаптың 64,5 мың га жеріне жеміс-жидек, 21 мың га жерге жүзім отырғызылған.Жүзімдік және бақ Тәжікстанның оңтүстік-батыс жағында және Батыс Памирде өрік, шабдалы, алма, алмұрт, айва, анар, інжір өсіріледі. Кейінгі жылдары лимон өсіріле бастады. Етті-жүнді және етті-сүтті мал шаруашылығы дамытылуда. Жібек құрты өсіріледі. Таулы-Бадахшан автономиялы облысында биік таулық жайылымдықтарда мал шаруашылығымен бірге бақ, темекі өсірудің және тау-кен өндірісінің үлесі басым.