Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің функционалдық маңызы Жүйке жүйесі



бет3/4
Дата07.05.2023
өлшемі255,32 Kb.
#90915
1   2   3   4
Байланысты:
ми

Аралық ми - ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешік тері(гипоталамус) мен төмпешік асты аймақтан тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді.

Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен-бірін жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің бояу тектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді. Тізбесі берілген ми бөлімдерінің мишықтан басқалары ми бағанасын құрайды. Одан 12 жүп бассүйек-ми жүйкелері таралады. Бұл жүйкелер көру (II жұп), есту (VIII жұп), көзді қозғаушы (III жұп), кезеген (X жұп).

Жұлынның құрылысы

  • Жұлын цилиндр пішінді, омыртқа жотасының өзегінде орналасады. Оның диаметрі 1 см, ұзындығы 42-45 см. Жұлынның артқы және ортаңғы бөлігінде жоғары қарай созылған терең сайша (борозда) жатады. Жоғарғы жағы сопақша миға жалғасады. Жұлын көлденең кесіндісінде 3 бөлімнен тұрады. Жұлынның ортасында сұйықтыққа толы жұлын өзегі болады. Бұл сұйықтық жүйке жасушаларының тіршілік орталығы болып табылады. Өзектің пішіні көбелекке ұқсас сұр зат(нейрон денелері мен дендриттердің шоғыры) қоршап тұрады. Сұр заттың сыртында ақ зат (аксондардың жиынтығы) орналасады. Сөйтіп, жұлында ақ зат сыртында, ал сұр зат ішінде орналасады. Сұр зат алдыңғы және артқы бүйірлерінен тұрады. Әр бүйірде түбірлері (өсінді) бар.

Жұлын 10-ға келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті болады да, 2-3 жасқа келген баланың жұлыны14 г болады (жаңа туған нәрестеде не бары 2,8 -2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жаска жуықтағанда аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді.

Жұлынның қызметі

Жұлын, негізінен, рефлекстік (қозғалыс) және өткізгіштік қызмет атқарады. Жұлынның ақ заты өткізгіштік қызметін атқарады және оның әр бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Жұлын сезгіш нейрондардың аксондарынан түзілген артқы түбірлерден қозуды жоғары миға және мидан қозғалтқыш нейрондардың аксондарынан түзілген алдыңғы түбірлер арқылы шеткі жүйке жүйесіне төмен қарай өткізіп отырады. Жұлынның рефлекстік қызметі: рефлекс (лат. Reflexus жауап қайтару) ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жауап қайтаруы. Рефлекс үрдісі рефлекстік доға арқылы жүзеге асады. Кез келген рефлекстік доға 5 бөліктен тұрады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет