Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің функционалдық маңызы Жүйке жүйесі



бет1/4
Дата07.05.2023
өлшемі255,32 Kb.
#90915
  1   2   3   4
Байланысты:
ми


Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің функционалдық маңызы

Жүйке жүйесі

  • Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia(грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасыlogos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.
  • жүйке жүйесі организмді өзгеріп отыратын сыртқы орта факторларына бейімдеп, оның біртұтастығын қамтамасыз етеді.
  • жүйке жүйесі жасушалардың ұлпалардың, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерін реттеп, оларды өзара байланыстырады.
  • жүйке жүйесінің жоғары бөлімдері психикалық іс-әрекеттің көрініс беріп жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
  • жүйке жүйесі – информацияны жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі ұйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе

Жүйке жүйесінің маңызы :

Жүйке жүйесін негізгі 2 бөлімге бөліп қарастырады:

Жүйке жүйесін негізгі 2 бөлімге бөліп қарастырады:

  • Орталық жүйке жүйесі: жұлын мен бас миы
  • Шеткі жүйке жүйесі: орталық жүйке жүйесінен тараған жүйкетер мен орталық жүйке жүйесінен тысқары орналасқан жүйке жасушаларының шоғыры (ганглилер) жатады.
  • жүйке жүйесі қызметтік жағынан 2 бөлімге жіктеледі:

  • Соматикалық жүйке жүйесі: тірек – қимыл аппаратын жүйкетендіріп, денеміздің сезімталдығын қамтамасыз ететін жүйке жүйесінің бөлігі
  • Вегетативтік жүйке жүйесі: ішкі органдарды жүйкетендіріп, олардың қызметін реттейтін, ондағы зат алмасуға әсер ететін жүйке жүйесінің бөлігі

Ми—мінез-құлыққа жауапты орталық жүйкеі жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйекпен паналы, қуысында орналасады. Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен,сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық жүйке жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.


Ми бөліктері
Сопақша ми
Мишық
Ортаңғы ми
Аралық ми
Үлкен ми сыңарлары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет