Буындардың жіктелуі мен сипаттамасы Буындардың мынадай принциптер бойынша жіктелуі: 1) Буындық беттерінің саны бойынша 2)Буындық беттерінің пішіні бойынша 3)Қызметі бойынша Буындық беттерінің саны былай ажыратылады: 1. Тек 2 буындық беті бар Қарапайым буын ,мысалы, саусақаралық буындар. 2.Екіден көп буындасқан беті бар күрделі буын ,мысалы, шынтақ буыны. Ол бірнеше қарапайым буындардан тұрады, оларда қозғалыс жеке-жеке жүре алады. 3.Буынды екі камераға бөлетін буын ішіндегі шеміршегі бар кешенді буын. 4.Бірлесе қызмет атқаратын,бірақ бір-бірінен бөлек орналасатын буын-үйлесімді буын деп аталады.Мысалы, шықшыт буындары,проксимальды және дисталды кәрі шынтақ жілік буындары және ,т.б. Пішіні және қызметі бойынша былай жіктеледі: Буынның қызметі айнала қозғалыс жасалатын біліктер санымен анықталады.Айнала қозғалыс жасалатын біліктер мөлшері берілген буында оның буындасқан беттерінің пішініне байланысты.Мәселен,буынның цилиндр пішіні тек бір айналу білігі бойында қозғалыс жасауға мүмкіндік береді. Бұған қарама-қарсы буын басының шар тәрізді пішіні шардың радиустарына сәйкес келетін көптеген біліктілерді айнала қозғалыс жасауға мүмкіндік береді. Демек,біліктердің саны мен буындасқан беттердің пішіні арасында толық сәйкестік бар,буындық беттердің пішіні буын қозғалыстардың сипатын белгілейді және керісінше берілген буын қозғалыстардың сипаты оның пішінін белгілейді.