Ми сыңарында ми заты 2 анатомиялық пішінде болады. 1-інші пішін- қыртысының жұқа жасуша қабаты. Біз оның 1/3 ғана бетін көре аламыз, 2/3 жүлгелерде жасырылған. Сонымен қатар 3 түрлі жүлгені ажыратуға болады: 1-інші терең, 2- онша терең емес жүлгелер, 3- кішкентай, қысқа, тұрақсыз жүлгелер. Олар қатпарлар аумағында орналасып, конфигурациясын өзгертіп отырады.