КІРІСПЕ Өндірістік практика - студенттер мен оқушыларға таңдап алған мамандығы боцынша, практикалық білім мен дағдыларды үйрету мақсатын көздейтін, ТМД-ның және басқа елдердің жоғары, арнаулы орта оқу орындарындағы мамандар даярлаудың басты құрамды бөлігі. Өндірістік практика студенттер мен оқушылардың алған теориялық білімдерін тәжірибеде сынауға әрі нығайтуға, сонымен қатар оқу орындарының өндіріспен байланысын жақсартуға ықпал етеді.
Бүкіл әлемдік жаңа ақпараттық технологиялардың даму тенденцияларына сәйкес ТарӨУ-де білім беру, ғылыми және басқару үдерістерін ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде және студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, ЖОО-ға дейінгі деңгейлерге енгізу және дамуын қамтамасыз ететін бөлімшелер құралған. Бұл жерде ақпараттық қызмет көрсету көзделген. Мұндай бөлімшелер арасында жаңа ақпараттық технологиялар орталығы үйлестіруші қызметін атқарады.
Біртұтас университеттік компьютерлік желі негізінде компьютерлік технология білім беру жүйесінің барлық звенолар жұмысында кеңінен қолданылады.
Орталықтың негізгі мақсаты мен міндеті оқу және құрылымдық бөлімдердің линиялық есептеу желісін дамыту.
Университеттік желінің жүйе құраушы элементі ақпараттық-коммуникациялық тетік, ол:
Есептеу және ақпараттық ресурстарды факультеттер мен жеке жұмыс станцияларын университет ішіндегі бір тұтас желімен біріктіреді;
Қазақстандық және әлемдік желісімен интеграцияға түсуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
Жалпы университеттік ақпараттық жүйелерді, пошталық және файлдық қызметтерді, конференциялар жүйелерін және т.б. өрістетуге негіздеу қызметін атқарады;
Орталықта Веб-сервер орнатылған, онда университет және Жамбыл аймағы туралы ақпараттық ресурстар бар, діңгек тетік абоненттердің әлемдік INTERNET желісі қызметін пайдалануын толық қамтамасыз етуге мүмкіндігі жеткілікті;
Тараз мемлекеттік университетінің ресми сайты www.dulaty.kz;
2007 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Тараз өңірлік университеті Microsoft IT Academy бағдарламасына мүше болып қабылданады. Соның арқасында студенттер мен оқытушылар осы академияның оқу бағдарламаларын пайдалануда үлкен жеңілдіктерге ие болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтарда халыққа жариялаған Жолдауда Қазақстанның үшінші жаңғырудағы басымдықтары айқындалған. Елбасы «Бұл жаңғырту – қазіргі жаһандық сын-қатерлерімен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» базасында өткізіледі», - деп атап көрсетті. Төртінші – өнеркәсіптік революция кезеңінің басталғандығын айтып, автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу сияқты міндеттерді жүктеді. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, сандық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және тағы басқа да перспективалық салаларды дамыту қажеттілігін негіздеді. Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеп, қабылдауды және ІТ саласын дамыту үшін «ЭКСПО-2017» нысандарының бірінің базасында ІТ-стартаптар халықаралық технопаркін құруды тапсырды.