Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Музыка және ырғақ»



Pdf көрінісі
Дата04.02.2017
өлшемі263,32 Kb.
#3414

Қазақстан Республикасы  

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына 172-қосымша   



 

 

 

Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бастауыш білім 

беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Музыка және ырғақ» пәнінен типтік 

оқу бағдарламасы  

 

1. Түсінік хат 

 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 

тамыздағы  №  1080  қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 

сәйкес  және  орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  балаларды  оқытуға  қажетті  ерекше 

талаптарды қанағаттандыру мақсатымен құрастырылды. 

2. Аталған бағдарламаның негізіне эмоциялық сфераның және танымдық 

іс-әрекетінің  жетіспеушіліктерді  түзетуге  бағытталған  музыка  сабақтарының 

жүйесі салынған.  

3.  Оқу  пәнінің  мақсаты  кіші  жастағы  зияты  зақымдалған  оқушылардың 

жалпы дамуына, дене даму жетіспеушіліктерін түзетуге, жалпы және сөйлеу тіл 

моторикасына,  эмоциялық-ерік  жігер  сферасына,  тұлғалық  сапаларды  дұрыс 

тәрбелеуге ықпал етеді. (достықтық, тәртіпшілдік, ұжымшылдық). 

4. Музыка және ырғақ сабағының негізгі міндеттері болып: 

1)  музыкалық  сабақтарға  және  олардың  мазмұнына  оң  қарым-

қатынастарды қалыптастыру; 

2)  тембрі,  ұзақтылығы,  күші  бойынша  ажырату,  музыкаға  эмоциалық 

ықыластықты тәрбиелеу;  

3) сезім ырғақтылығын қалыптастыру; 

4) музыкалық есте сақтауын дамыту; 

5)  балаларда  қоршаған  орта  әрекеттерінің  ақиқаттылығын  және  жаңа 

музыкалық елестерді қалыптастыру;  

6)  балаларда  музыкаға  ырғақтап  және  анық  қимылдау  қабілеттерін 

дамыту, қимыл-қозғалысты қарқынмен және ырғақпен сәйкестендіру; 

7) ептілік, тепе-теңдік сезімін, кеңістікте бағдарлауын, қимыл-қозғалысты 

координациялауды қалдыптастыру;  

8) би қозғалыстарын үйрету; 

9) қимыл-қозғалыстың анықтығын және бейнені көрсетумен жұмыс. 

5. Орташа ақыл-ойы кем балаларға арналған типтік оқу жоспарына сәйкес 

музыка  және  ырғақ  сабақтары  1  -  4  сыныптарда  –  аптасына  2  сағаттан 

қосылған.  Сағат  саны  1  сыныпта  жылына  66  сағатты,  2-4  сыныптарда  68 

сағатты құрайды.  



6.  Музыкаға  тәрбиелеу  сабағының  бағдарламасы  өзіне  келесі  бөлімдерді 

қосады:  

1) ән айту; 

2) музыка тыңдау; 

3) музыкалық-ырғақтық жаттығулар; 

4) музыкалық-дидактикалық ойындар; 

5) балаларға арналған музыкалық аспаптарындағы ойындар.  

7.  Ән  айту  –  зияты  зақымдалған  балаларға  музыкалық  іс-әрекеттің 

қолжетімді  және  түсінікті  түрі.  Ән  айтуға  деген  қызығушылығын  және 

сүйіспеншілігін  дағдыландыру  қиыншылықты  тудырмайды.  Әндерді  орындай, 

олар  музыканы  тереңірек  қабылдап,  өзінің  қобалжуларын  және  сезімдерін 

белсенді түрде көрсетеді.  

8.  Ән  айту  барысында  балаларда  музыкалық  қабілеттері  музыкалық  есту 

қабілеті, есте сақтауы, серпіндік сезімдер дамиды. Ән айту сөйлеу тіліне ықпал 

етеді.  Музыка  және  сөз  ұйымдастырушылық  сезімдерін  дағдыландырады.  Ең 

маңызды емдік тәсілі бар  хормен ән айту болып табылады. Әндердің мазмұны 

және  әуендердің  әдемілігі  қызығушылықты,  ән  айтушыларды  ынталандырып, 

олардың  эмоциялық  қобалжуларын  байытады.  Мұндай  психологиялық  күйде 

теріс  комплектсер  азаяды,  ал  осының  арқасында  сөйлеу  тілі  қиыншылықтары 

оңай  ұсынылады.  Ән  айту  өкпе  және  барлық  дауыс  аппараттарын  дамытуға 

ықпал етеді.  

9.  Әр  сабақтың  мазмұнына  музыка  тыңдау  кіреді.  Музыка  тыңдау  оған 

деген  сүйіспеншілігін,  музыкалық  өресін  кеңейтеді,  музыкалық  ұғымдылығын 

жоғарлатады, эмоционалдылығын, музыкалық қызығушылығын дамытады.  

10.  Әнді  тыңдауға  және  әнді  айтуға  тек  жоғарыкөркемді,  әуендік,  өзінің 

әдемі 


туындыларымен, 

әуендерімен, 

анық 

формада 


айтылатындай 

үйлесімділіктер 

таңдалып 

алынады. 

Осының 

барлығы 


әр 

түрлі 


зақымдылықтарға  орташа  зияты  зақымдалған  балалардың  психофизикалық 

сферасына  жалпыпедагогикалық  ықпалға  әсер  етеді  (өте  қозғыш  балаларға 

сабыр сақтатып және баяу қозғалатын балаларды белсендіру, дұрыс емес және 

артық қимыл-қозғалыстарды ретке келтіру). 

11.  Тыңдауға  арналған  музыкалық  туындылар,  қысқа  болуы  керек. 

Орташа  зияты  зақымдалған  балаларға  тез  шаршау,  жаңғалақтық,  зейінін  ұзақ 

уақытқа  сақтай  алмау,  сондықтан  әр  туынды  5  минуттан  аспау  керек.  Ұзақ 

музыкалық туындыларды бөлімдерге бөлу қажет.  

12. Музыкалық-ырғақтық қимыл-қозғалыстар. Коррекциалық ырғақ – бұл 

музыкалық-ырғақтық-қозғалыс  синтез  әрекеті  негізінде  жатқан  белсенді 

музыкалық  терапия  және  кинезитерапияның  түрі.  Арнайы  музыкалық-қимыл-

қозғалыс  сабақтарын  ұйымдастыру  зияты  және  сөйлеу  тілі  зақымдалған 

балалардың  сенсорикалық  қабілеттіліктерін,  қимыл-қозғалыс  сферасын 

дамытуға  және  түзетуге  әсер  етеді,  орташа  зияты  зақымдалған  балалардың 

әлеуметтік оңалтуда сөйлеу тіл және қимыл-қозғалыс зақымдылықтарын жоюға 

ықпал етеді.  



13.  «Музыкалық-ырғақтық  қимыл-қозғалыстар»  бөлімі  музыкалық 

ойындар  арқылы  ырғақтық  сезімдерін  қалыптастыруды,  би  қимылдарын, 

музыкалық аспаптардағы ойындардың тура бағытталуын болжайды.  

14. Оқытудың міндеттері: 

1) айқын көрінетін музыкаға сай қимыл-қозғалыстарды үйрету;  

2)  музыкалық  туындыларда  метрикалық  бөліктердің  пульсациясын 

бақылау; 

3)  музыкада,  қимыл-қозғалыстарда  күшті  және  әлсіз  бөліктерді  белсенді 

және айқын көрсету.  

15.  Музыка  және  ән  айту  сабақтарының  бағдарламасына  сонымен  қатар 

балаларға  арналған  музыкалық  аспаптардағы  ойын  қосылған.  Музыкалық 

ойыншықтарға және балалардың соқпалы музыкалық аспаптарына ереше назар 

аударылады, себебі олар балаларды музыка саласына ынталандырады, олардың 

шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  және  музыкалық  сауаттылықтың  жеке 

элементтерімен таныстыруға көмек көрсетеді. 

16.  Музыкалық  аспаптар  күрделі  және  дидактикалық  ойындарда 

қолданылады.  Музыка  және  ырғақ  сабақтарында  түрлі  музыкалық  аспаптарды 

қолдануға  болады:  ксилофондар,  металлофондар,  цитралар,  ұлттық  аспаптар, 

аккордеон,  пианино  және  мүмкіндігінше  синтезаторлар,  электромузыкалық 

аспаптар.  Одан  басқа,  соқпалы  және  даңғырлатып  ойнайтын  аспаптар  – 

сылдырмақ,  дабыл,  үшбұрыштар,  қасықтар,  таяқшалар,  пандейрлер, 

маракастар,  тәрелкелер  (хай-хет),  барабандар  жиынтығы,  тамтамдарды  кең 

түрде қолдануға болады. 

17.  Мұғалімнің  міндеті  балаларды  қызықтыру  үшін  музыканы 

ұйымдастыру  болып  табылады.  Бастапқы  кезеңде  балаларға  қарапайым 

ырғақтық  суреттерді  түрлі  музыкалық  аспаптарды  ұсынып,  педагогпен  бірге 

қайталатуға болады.  

18. Музыкамен ойын өткізу барысында мұғалімнің алдында оқушыларды 

музыкалық-қимыл-қозғалыс  бейнелерін  құруға  үйрету  міндеті  тұр.  Ақыл-ойы 

кем  оқушылардың  көпшілгі  өзінің  қарым-қатынасын  музыкада  қимыл-

қозғалыстарын  көрсете  алмайды.  Оларда  музыка  ойнаған  кезде  қимылдауға 

деген  құштарлығын  ояту  қажет.  Ол  үшін  оларға  аталған  бейнеге  тән  әуенмен 

еліктеу  түріндегі  тапсырмаларды  ұсынған  жөн.  Бірден  орындаудың 

анықтылығына  және  нақтылығына  көптеген  талаптарды  қоюға  болмайды.  Бұл 

дағдыларды  оқушылар  түрлі  қимыл-қозғалыс  жаттығуларын  меңгеру 

барысында бірте-бірте иеленеді. 

19. Зияты зақымдалған балаларды биге үйрету бидің элементтерінің және 

жеке  қимыл-қозғалыстардың  айқындылығын  және  нақтылығын  дағдыландыру 

бойынша  жұмысты  алдын  алу.  Әр  жаттығуға  қимыл-қозғалыстың  ерекшелігі 

көрінетін  әуен  таңдалып  алынады.  Мысалы,  хормен  қадам  тыныш  орыс 

әуенімен,  ал  дүрсілдетіп  билеу  –  көңілді  бимен  байланысты.  Қолдарына  ту 

ұстап  жүру  кеңінен  жүруге  мәжбүрлейді.  Ашық  түсті  орамал  қызықты  және 

еркін,  байсалды  және  жеңіл  билеуге  көмектеседі.  Байсалды  қимыл-

қозғалыстарды  дағдыландыру  қазақ  билерін  үйренуге  ықпал  жасайды 

(«Қамажай»). 


20.  Бұл  бөлімнің  тапсырмалары  тек  дамытушылық  сипат  емес,  сонымен 

қатар  танымдық  сипатқа  ие  болу  керек.  Қарапайым  биге  және  көңілді  биге 

үйрене,  оқушылар  олардың  атауларымен  (полька,  гопак,  қол  ұстасып  билеу, 

жұптасып билеу, вальс), сонымен қатар бидің негізгі элементтерімен танысады 

(тапылдату,  шоқырақ,  қадам,  полька,  ауыспалы  қадам,  отырып-тұру,  қазақ 

билерінің  қимыл-қозғалыстары  және  Қазақстан  ұлтының  ұлттық  билері).  Әр 

халықтың  билерін  орындау  балаларды  халықтық  мәдениетке  тартады,  түрлі 

ұлттардың  билеріне  тән  ерекшеліктерді  табуға,  барлық  ұлттардың  теңдігін 

мойындау сезімін тәрбиелейді.  

21.  Көмекші  мектептің  2  бөлімінде  бір  оқу  жылында  2-3  биден  көп  емес 

биді  үйрену  ұсынылады.  Оқытудың  алғашқы  кезеңінде  балалармен  ерте 

жаттықтырылғанбилерде 

және 

көңілді 


билердеқайталанатын 

қимыл-


қозғалыстарды нақты таңдау керек. Музыка және ырғақ сабақтарының барлық 

кезеңдерінде  қазақстандық  және  шетелдік  композиторлардың  туындыларын 

музыкамен сүйемелдеу ретінде қолдану қажет.  

22. Сөйлеу тілінің ырғағымен жұмыс сабақтың жеке кезеңіне бөлінбейді, 

бірақ  түрлі  іс-әрекеттердің  үйлесімділігімен  педагогпен  қарастырылады. 

Мысалы,  ырғақтық-гимнастикалық  жаттығулар,  балалардың  музыкалық 

аспаптарында  ойнау  аздап  әндетумен,  («Лесенка»,  «Андрей-воробей»  және 

т.б.),  қол  ұстасып,  әндетіп  ойын  ойнаумен  орындалады.  Музыкалық  ырғақты 

сезінуін дамыту тақпақ ырғағымен ұйқасуы мүмкін.  

23.  Музыка  сабағындағы  ең  бастысы  әр  баланың  шығармашылық 

белсенділігіне қол жеткізуге қойылатын талаптар болып табылады.  

24. Шығармашылық фантазия, әр балаға тән ойынға деген әуестік сияқты, 

сондықтан  бұл  табиғи  нышандарды  үлкен  жетістіктермен  дамытуға  болады. 

Осы  мақсатпен  музыкалық  сабақтарға  музыкалық  суырып  салмалықты  енгізу 

қажет.  Музыкалық  суырып  салмалықтың  құндылығы  өте  үлкен:  олар 

балалардың  шығармашылық  қабілеттерін,  соның  ішінде  орындаушылық 

дағдыларын,  сонымен  қатар  музыкаға  деген  қабілеттілігін  дамытады. 

Балаларды өздері жаттығуларды құрастыра алады деген ойға бағыттап, оларды 

бейнелі елестерменен байланыстыра оларға ырғақпен, екпінмен қалай  «ойнау» 

керек  екендігін  көрсету  керек.  Бұл  ойындардың  негізінде  бейнелі  немесе 

сюжетті ойлар жатыр. Олар ұжымдық суырып салмалықты және есту қабілетін 

жаттықтыру үшінеркіндік беруі керек.  

25.  Қимыл-қозғалыс  ойындары,  ән  айтумен  ойындар,  драматизациялық 

ойындар, музыкалық ертегілер, көңілді билер, қол ұстасып әндетіп ойын ойнау, 

билер,  әндер,  мейрамдарда,  мейрамдық  концерттердіөткізуде,  шығармашылық 

байқау-конкурстарында және т.б. қолдану керек.  

26.  Сонымен,  барлық  музыкалық-ырғақтық  тәсілдер  сабақтарының 

жүйесі  баланың  физикалық  зақымдылықтарына,  қимыл-қозғалыс  сферасының 

жағдайына  байланысты,  музыкалық-педагогикалық  жұмыстың  әр  кезеңінің 

коррекциалық 

міндетімен, 

музыкалық 

сабақтардың 

мақсаты 


және 

міндеттерімен 

түрлендіріледі. 

Музыкалық-ырғақтық 

тәсілдерді 

түрлі 


үйлесімдіктерде  көптеген  түрін  қолдану  орташа  ақыл-ойы  кем  балаларды 

әлеуметтік оңалту мақсатымен шартталған.  



27.  Музыка  және  ырғақ  сабақтарын  қажетті  құрал-жабдықтармен 

жабдықталған  кең  залда  өткізу  керек:  мұғалімге  арналған  музыкалық  аспап, 

күйтабақ  жиынтығымен  күйтабақ  ойнатқышы,  үнжазба,  әр  оқушы  жаттығуды 

орындауға  арналған  заттар  (түрлі-түсті  жалаушалар,  шарлар,  ленталар, 

таяқшалар,  шеңберлер,  доптар,  секіргіштер,  сылдырмақтар,  барабандар), 

балалар  музыкалық  аспаптары  (ксилофон,  металлофон,  пианино,  аккордеон, 

барабандар,үрлеп  ойнайтын  аспапатар,дабылдар  және  т.б.).  Залда  сонымен 

қатар  балалардың  музыкалық  аспаптарына  арналған  орындықтар  және 

тіреуіштер  болуы  керек.  Сабаққа  ұлдар  спорттық  киім  киіп  келулеріне,  ал 

қыздар  жеңіл  жейде  және  шалбар  киіп,  ал  аяқтарына  жұмсақ  шәрке  киіп 

келулеріне болады.  

28.  Залға  кіру  ұйымдастырылған  түрде  болуы  керек.  Оқушылар  бір 

қатарға  тұрып  мұғаліммен  сәлемдеседі:  ұлдар-бастарын  сәл  иіп,  қыздар-

жартылай тізерлей отырып.  

29.  Сабақта  дәрігердің  ұсыныстарын  ескере  отырып,  әр  баланың 

физикалық  және  қимыл-қозғалысқа  түсетін  күшін  реттей,  жеке  ықпал  жасау 

қажет. 

30.  Музыка  және  ырғақ  сабақтары  коррекциалық  бағыттағы  сипатқа  ие, 



ал  оқытудың  нәтижелері  орташа  ақыл-ойы  кем  балалардың  жеке  музыкалық-

ырғақтық  мүмкіншіліктеріне  байланыстыболады,  бұл  сабақтарда  дәстүрлі 

бесбалды  бағалармен  бағаланбайды.  Балаларды  бағалау  сөзбен  мадақтаумен 

және ынталандырумен орындалады.  

 

2. Оқу пәнінің 1 - сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

31.  Балалардың  музыка  туралы  білімін,  олардың  қызығушылықтарын, 

музыкалық  дайындық  деңгейін  анықтау.  Балаларда  музыка  және  ырғық 

сабақтарына,  музыкаға  және  муызкалық-ырғақтық  қимыл-қозғалыстарға 

эмоционалдық  ықыластығын,  музыканы  тыңдау  икемділіктерін,  қарапайым 

әуенді есте сақтауын, оны тануға деген қызығушылықтарынояту. Балаларды ән 

айтуға қызықтыру, ән айтуды ырғақтық қимыл-қозғалыстарменен сүйемелдеу.  

32.  Балаларды  музыкалық  дыбыстардың  әр  түрлілігімен,  оның  өмірмен 

байланысытуралы  елестерін  қалыптастыру,  музыка  шынайы  ақиқаттылықты 

білдіруші  болып  табылады,  балаларды  түрлі  музыканың  мәнерлігімен, 

дыбыстардың  дыбыстануының  жоғарлығы  және  күшінің  өзгеруі  бойынша 

таныстырады. Аспаптар – пианино, барабан. 

33.  Залда  жүру  кезінде  кеңістікте  бағдарлауға  үйрету,  бір-біріне  кедергі 

жасамау, музыкалық белгі бойынша жиналу және тарқау. Өз араларында бірдей 

қашықтықты ұстап шеңберге тұрып қозғалып үйрену.  

34. Музыкамен қарапайым қимыл-қозғалыстарды орындау:  

1)  бір  аяқпен  секіріп  және  қарапайым  ырғақты  суреттерді  алақандарын 

соғып шапалақтау керек; 

2) 

заттармен 



қимыл-қозғалыс: 

орамалдармен, 

сылдырмақпен, 

жалаушалармен,  ленталармен  және  т.с.с.  Қимыл-қозғалыстарды  музыканың 



басталуымен  және  аяқталуымен  қиыстыру  керек  (педагогтың  көрсетуі 

бойынша). 

35. 

Музыкалық 



ойындар 

барысында 

кейіпкерлердің 

қимыл-


қозғалыстарына  тән  негізгі  қимыл-қозғалыстарды  көрсетіп  беруге  үйрету  (аю, 

қоян, ойыншық қораз, құлыншақ және т.б.), осы кезде музыкалық сүйемелдеуде 

сол немесе басқа қимылдарды еске түсіретін өлеңдер болуы мүмкін. Балаларды 

залға  кіруге,  орындықтарға  отырғызуға,  педагогтың  қойған  талаптарын 

тыңдауға және орындауға үйрету.  

36. Музыкалық репертуар. 

37. Музыканың тыңдалуы:  

1)  «Қасқыр.  Қақпан»  әні  К.Қуатбаевтікі,  «Түлкі  мен  қаздар»  әні 

К.Қуатбаевтікі,  «Айгөлек»  қазақтың  халық  әні  Б.Байқадамовтікі,  «Заинька» 

және  «Медвежата»  әні  М.Красевтікі,  «Лошадка»  әні  Е.Тиличееваныкі, 

«Собачка»әні  М.Раухвегердікі,  «Серенькая  кошечка»әні  Витлактікі,  «Кукла» 

әні  М.Старокадамскийдікі,  «Осенняя  песенка»  әні  А.Александровтікі,  «Зима 

пришла»  әні  Метловтікі,  «Дождик»әні  Г.Лобочевтікі,  «Воробышки»  әні 

М.Красевтікі; 

2) ән айту: «Кір басқан» әні Л.Гауктікі, сөзі Ж.Қашқыновтікі, «Сұр қоян» 

әні  К.Куатбаевтікі,  «Қуыршақ»  әні  М.Мангитаевтікі,  «Сылдырмақ»  әні 

Л.Гауктікі, сөзі Ж.Смаковтікі және т.б.; 

3)  би,  көңілді  билер:  «Кел,  билейік»  әні  Б.Байқадамовтікі, 

Е.Брусиловскиймен  өңделген,  қазақтың  халық  әуені  «Танец  с  флажками», 

«Марш»  әні  Л.Хамидидікі,  «Биші  болам  өскенде»  әні  Т.Тайбековтікі,  сөзі 

К.Бұгыбаеваныкі,  «Гуляем  и  пляшем»  әні  М.Раухвегердікі,  «Праздничная 

пляска» әні М.Красевтікі. 



 

3. Оқу пәнінің 2 - сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

38.  Балаларды  ән  тыңдауға,  өлең  айтуға,  би  билеуге  деген  құмарлығын 



арттыру.  Әуенге  деген  эмоционалдық  ықыластығын  дамыту,  ырғақтық  сезімді 

дамыту: 


1)  балаларды  бар  дауыспен  ән  айтуға,  әуеннің  бастапқы  және  соңғы 

дыбысталуына  жауап  қайтаруға  үйрету,  ән  айтуды  уақытында  бастау  және 

аяқтауды  үйрету.  Мүмкіндігінше  әннің  мәтінін  толықтай  айту,  әннің  сипатын 

екпінмен көрсету;  

2)  балаларды  музыкалық  шапшаңдықты  ажыратуға  үйрету  –  «шапшаң-

баяу», сипаты «көңілді-көңілсіз», регистрлердің қарама-қарсылығы– «жоғары –

төмен», дыбыстанудың ұзақтығы – «қысқа-ұзын». Екі бөлікті формалы музыка 

сипатының  өзгеруіне  өз  бетінше  жауап  қайтаруды  үйрету.  Балаларда 

инструменталды әуенге деген оңтайлы көзқарас тәрбиелеу. Аспаптар-домбыра, 

труба; 


3)  балаларды  музыкамен  қоса  билеп  қозғалуға  үйрету.  Оларды  екіге 

бөлінуге  үйрету  және  залдың  ішінде  бірдей  арақашықтықта  қозғалуға  үйрету. 

Бір-біріне  сүйенбей,  жеңіл  жүгіруге  үйрету.  Музыкалық-ырғақтық  қимыл-

қозғалыстарды 

заттармен 

орындау, 

осы 

кезде 


қимыл-қозғалыстың 

анықтылығына  назар  аудару  керек.  Сөзі  жоқ  музыкалық  пьесаның  атымен 

сәйкес  келетін  қимыл-қозғалыс  жасау-аю  жүреді,  қоян  секіреді,  ұшақ  ұшады, 

қар жауады.  

39. Музыкалық репертуар. 

40. Музыканың тыңдалуы:  

1)  «Айналада  ақша  қар»  әні  М.Бестібаевтікі,  сөзі  К.Ыдырысовтікі, 

«Балдырғандарполькасы» әні А.Менжановтікі «Әже» әні М.Аубакировтікі, сөзі 

С.  Қалиевтікі,  «Крошка  Енот»  мультфилмінен  «Улыбка»  әні  В.Шаинскийдікі, 

сөзі М.Пляцковскийдікі, «Вместе весело шагать» әні В.Шаинскийдікі, «Весело-

грустно» әні Л.Бетховендікі, «Грустная музыка» әні П.Чайковскийдікі, «Слон», 

«Куры  и  петухи»,  «Черепахи»  сюитадан  «Карнавал  животных»  әні  К.Сен-

Санса,  «Зайка»  әні  М.Краевтікі,  «Медвежата»  әні  М.Краевтікі,  «Дождик»  әні 

Г.Лобачевтікі; 

2)  ән  айту:  «Айгөлек»  қазақтың  халық  әні,  Б.Байкадамовтікі,  «Апорт 

дегентәттiалма»  әні  Д.Ботбаевтікі,  сөзі  Н.Алимкуловтікі.  «Елка  жыры»  әні 

Л.Хамиди, сөзі А.Дүйсенбиевтікі, «Айналайын анашым» әні А.Байдильдаевтікі, 

сөзі Ш.Сариевтікі және т.б.; 

3)  би,  көңілді  билер:  «Қасқыр.  Қақпан»  әні  К.Қуатбаевтікі,«Тулкi  мен 

қаздар»  әні  К.Қуатбаевтікі,  «Айгөлек»  қазақтың  ұлттық  әні,  Б.Байкадамовпен 

өңделген,  «Танец  с  флажками»  қазақтың  халық  әуені  Е.Брусиловскиймен 

өңделген.  «Парный  танец»  әні  Е.Тиличееваныкі,  «Полька»  әні  М.Глинкидікі, 

«Итальянская  полька»  әні  С.Рахманиновтікі,  «Маленький  танец»  әні 

Н.Александровтікі, «Танец с воздушными шарами» әні М.Раухвергердікі. 

 

4. Оқу пәнінің 3 - сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

41.  Балаларды  музыканы  зейін  қойып  тыңдауға,  тыныш  отыруға,  бір 



орыннан  екінші  орынға  ауысуға  болмайтындығына,  сөйлемеуге  үйрету  керек. 

Балаларға  музыка  адамның  көңіл-күйін  көрсететінін  түсіндіру  керек:  қуаныш 

және  қайғыны,  табиғаттың  суретін  және  өмірдегі  түрлі  басқа  құбылыстарды 

суреттей  алады.  Музыкалық  туындылардың  әдемілігін  түсінуге  үйрету  керек. 

Балалардың жақсы музыкаға қызығушылықтарын дамыту, музыкалық ортасын 

кеңейту  керек.  Музыканы  эмоциалық  түрде  жоғары  қабылдауына  ықпал  ету. 

Музыкалық  елестердің  мазмұнын  түсінуін  тереңдету.  Жеке  музыкалық 

жанрларды  ажыратуға  үйрету  (марш,  би,  бесік  жыры).  Жоғары,  орташа  және 

төмен  регистрлерді  ажыратуға  үйрету;  шапшаң,  орташа,  біркелкітемп. 

Музыкалық туындылардың екі бөлімді формаларын ажыратуға үйрету.  

42.  Мәдени  ән  айтулардың  дағдыларын  қалыптастыру.  Мүмкіндігінше 

нақты  интонациялауды,  анықтылықты,  дұрыс  артикуляцияны,  хорда  ән  айтуға 

үйрету.  Дирижерлық  қимылдарды  түсіну:  зейін,  тыныс  алу,  әннің  басталуы, 

әннің  аяқталуы.  Иықтарын  көтермеген  кезде  тыныс  алуы  тыныш.  Өлеңді 

айқайлап айтудан алдын алу. Өлең айтқан кезде дұрыс қалыпты ұстауға үйрету. 

Өлең мәтіндерін дұрыс түсіну. Дыбыстарды жоғары түрде қабылдауын дамыту. 

Әр түрлі аспаптардың тембрін дифференциациалау.  

43. Аспаптар – скрипка, балалайка. 



44.  Балаларда  музыкалық-ырғақтық  қимыл-қозғалыстар  техникасын 

машықтандыру. Үш түрлі темпте жүру. Шығармашылық белсенділігін дамыту. 

Музыкалық  туындалардың  бейнелі-сюжетті  мазмұнын  қимыл-қозғалыста 

көрсете  білуге  үйрету.  Өзбетімен  түрлі  сипаттағы  музыканың  бөлімдерін 

ажыратуға  және  осыған  сәйкес  қимыл-қозғалыстар  жасауға  үйрету.  Қимыл-

қозғалыста 

тікелей 

шоқырақтауларды 

жаттықтыру. 

Марш 


қимыл-

қозғалыстарын  ажыратуға  және  орындауға  үйрету  –  ойыншықтық,  парадтық, 

спорттық. Полька-биі. 

45. Музыкалық репертуар: 

1) музыканың тыңдалуы: «Марш» әні Л.Хамиди, «Қоянби» (қазақ биі) әні 

Құрманғазыныкі 

В.Питерцевтің 

өңдеуімен, 

«Три 

подружки» 



әні 

Д.Кабалевскийдікі,  «Танец  маленьких  лебедей»,  «Марш  деревянных 

солдатиков» әні П.Чайковскийдікі, «Спортивный марш» әні М.Дунаевскийдікі, 

«Марш»  әні  С.Прокофьевтікі,  «Болезнь  куклы»,  «Новая  кукла»  әні 

П.Чайковскийдікі, «Пойду ль я, выйду ль я» орыстың халық әні; 

2)  ән  айту:  «Анадайасылмектебiм»  әні  И.Нусiпбаевтікі,  «Айналада  ақша 

қар»  әні  М.Бестибаевтікі,  сөзі  К.Ыдырысовтікі,  «Әже»  әні  М.Аубакировтікі, 

сөзі  С.  Калиевтікі,  «Ақ  бидай»  әні  Д.Қозмағамбетовтікі,  «Бишiболам  өскенде» 

әні Т.Тайбековтікі, өзіҚ.Бұғыбаевтікі; 

3)  би,  көңілді  билер:  «Балдырғандарполькасы»  әні  А.Менжановтыкі. 

«Балдырған  маршы»  әні  Б.Гизатовтікі.  «Пляска  с  султанчиками»  украин 

халқының  әуені.  «Подружись»  әні  Т.Вилькорейскийдікі.  «Танец  рыбок»  әні 

Е.Брусиловскийдікі.  «Қоянби»  (қазақ  биі)  әні  Құрманғазыныкі  В.Питерцевтің 

өңдеуімен.  «Пляска  парами»  литва  халқының  әуені.  «Пляска  с  притопами. 

Гопак» украиндық әуен. 

 

5. Оқу пәнінің 4 - сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

46. 


Музыканы  толықтай  қабылдауға  үйрету.  Музыкаға  деген 

эмоционалдық  қайырымдылық  деңгейін  көтеру.  Музыка  тыңдауға  деген 

қажеттілігін  қалыптатыру.  Балаларды  музыканы  байсалды  тыңдауын  дамыту, 

музыканың  дыбысталуын  тыңдауға,  музыкалық  туындыларға  адекватты  түрде 

назар  аудару.  Музыкалық  есте  сақтауын  дамыту.  Таныс  әуендерді  фрагмент 

және кіріспесі бойынша тани білу. 

47.  Қысқаша  қайырмалы  ән  айтуда  дыбыссыз,  терең  тыныс  алуға  және 

тыныс  алуды  бірдей  бөлу  икемділіктерін  дамыту.  Дыбысталуға  табиғи  күш 

түспеген  кездегі  дағдының  тұрақтылығын  қалыптастыру.  Ән  айту  кезінде 

жылдам  дыбыстардан  аулақ  болу.  Бір  қалыпты  түрде  ән  айту  темпі  және 

дауысының қаттылығы, байсалдылығы, күш түспеген, ән айту диапозоны ми1-

ля1  шамасында  оны  біртіндеп  кеңейту.  Жеке  және  хорда  ән  айтумен 

таныстыру.  

48. Аспаптар – қобыз, аккордеон. 

49.  Полька  биінің  қимылдарын  қайталау.  Музыкалық  қимыл-қозғалыс 

дағдыларын  арттыру.  Таныс  би  қимылдарын  және  көңілді  би  қимыл-

қозғалыстарын  бекіту.  Қимыл-қозғалыстарды  музыкамен,  оларды  музыканың 


сипатының  өзгеруі  бойынша  байланыстыру.  Би-ойын  қимыл-қозғалыстарын 

анық  көрсетуіне  қолжеткізу.  Қазақ  және  орыс  билеріндегі  қимыл-

қозғалыстарды  ажырата  білуге  үйрету.  2/4  өлшемімен  таныстыру.  2/4 

дирижердің  қимылын  түсінуге  үйрету:  күшті  бөлігі  –  жер  (қолдар  төмен 

қарайды),  әлсіз  бөлігі  –  апан  (қолдар  жоғары  көтеріледі).  Сонымен  қатар 

бейнелі түрде түсіндірудіқолдануға болады. Мысалы, доп ойнау: күшті бөлікке 

жоғары лақтыру немесе еденге ұру, әлсіз бөлікке-допты қағып алу.  

50. Музыкалық репертуар: 

1)  музыканың  тыңдалуы:  «Көкем-ай»  қазақтың  халық  әні,  «Қараторғай» 

әні  Ақан  серiнікі,  «Еркем-ай»  қазақтың  халық  әні,  «Айгөлек»  әні 

Б.Байқадамовтікі,  «Казақ  вальсі»  әні  Л.Хамидидікі,  «Таң»  (Утро)  әні 

Қ.Қуатбаевтікі, «Кеш» (Вечер) әні Қ.Қуатбаевтікі, «Бұл-бұл» әні Л.Хамидидікі, 

«Ақсақ-Құлан»  қазақтың  халықтық  күйі,  «Маусымжан»  қазақтың  халық  әні, 

«Песенка о лете» мультфилімінен «Дед Мороз и лето» әні Е.Крылатовтікі, сөзі 

Ю.Энтиндікі,  «Клоуны.  Труба  и  барабан»  әні  Д.Кабалевскийдікі,  «Сказочка» 

әні С.Прокофьевтікі, «Танец маленьких лебедей», «Лебединое озеро» балетінен 

П.Чайковскийдікі. 

«Гопак» 


«Сорочинская 

ярмарка» 

операсынан 

М.Мусогорскийдікі; 

2)  ән  айту:  «Тентек  күшiк»  әні  Ф  Бүшiкованыкі,  сөзі  Ш.Смаханұлыныкі, 

«Жаңа  жыл»  әні  Л.Гаук,  өзі  М.Дусекеевтікі,  «Менiң  достарым»  әні 

А.Бүшікованыкі,  сөзі  О.Акыпбековтыкі  «Ақ  ботам»  әні  А.Бүшікованыкі,  сөзі 

Н.Айтовтыкі, «Әншiбалапан» әні Д.Қозмағамбеттыкі және т.б.; 

3)  би,  көңілді  билер:  «Сергекжүрiс»  әні  А.Байдильдаевтыкі,  «Көленке» 

әні Қ.Куатбаевтыкі, «Балықшы» әні А.Еспаевтыкі  «Кел, балалар, ойнайық» әні 

А.Еспаевтыкі,  «Қаз  қатар»  қазақтың  халық  биі  А.Зацепиннің  өңдеуімен,  «Ой, 

хмель,  мой  хмелек»  орыстың  халық  әуені,  «Парная  пляска»  чех  халқының 

әуені,  «Веселые  дети»  литва  халқының  әуені,  «Хлопки»  полька  әні 

Ю.Слоновтыкі, «Выйду ль я на реченьку» орыстың халықтық әуені. 

 

6. 1-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

51. Пәндік нәтижелер. Оқушылар:  

1) қарапайым өлеңдерді педагогпен бірге орындай;  

2) пианино және барабанның дыбысталуын тани білуі тиіс.  

52. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың: 

1) музыка болмыстың шынайылығы екенін түсінуінен;  

2)  кейіпкерлерге  тән  негізгі  қимыл-қозғалыстарды  көрсете  білуінен 

көрініс табады. 

53. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың:  

1) 


музыкаға  дене  қимыл-қозғалыстарымен,  шапалақпен,  аяқпен 

дүрсілдету  мен  әрекет  жасауымен;  музыка  тыңдау,  қарапайым  әуенді  есте 

сақтау және оны тануымен;  

2)  өз  араларында  бірдей  қашықтықты  ұстай  залдың  ішінде  жүруімен; 

заттармен  және  заттарсыз  музыкамен  қарапайым  қимылдарды  орындауымен; 


уақытылы  әуеннің  дыбысталуымен  қимыл-қозғалыстарды  бастап,  аяқтауымен 

айқындалады.  

 

7. 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

54. Пәндік нәтижелер: 

1)  оқушылар  әннің мәтінін  дұрыс  дайындап,  әнді  айта;  бидің  қарапайым 

қимылдарын есте сақтай;  

2)  домбыра  мен  трубаның  дыбысталуын  ажырата;  музыкалық  темпті 

ажырата – «шапшаң-баяу»; сипаттамасы «көңілді-көңілсіз»; регистрлер қарама-

қарсылығы «жоғары-төмен», дыбысталудың ұзақтығы –«қысқа-ұзақ» білуі тиіс. 

55. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың:  

1) әннің сипаттамасына қарай эмоционалды айтуынан;  

2)  музыканың  әуезділігіне  сай  қимылдарынан  (нақты  қадам,  жүріс, 

жүгіру, бидің ырғақтылығы және т.б.) көрініс табады.  

56. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың: 

1)  толық,  бар  дауысымен  әнді  айтуымен;  өз  уақытында  әнді  бастап,  өз 

уақытында аяқтауымен;  

2)  бірдей  қашықтықты  сақтай  отырып,  жұпта  тұруымен  және  залда 

жұптасып қозғалуымен айқындалады. 

 

8. 3-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

57. Пәндік нәтижелер. Оқушылар: 

1)  дирижердің  қимылдарын  түсіне:  зейін,  тыныс  алу,  өлеңнің  басталуын, 

аяқталуын;  

2)  пианиноның,  барабанның,  домбыраның,  трубаның,  скрипканың, 

балалайканың дыбысталуларын ажырата білуі тиіс.  

58. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың: 

1) музыка адамның көңіл-күйін көрсететінін түсінулерінен: қуаныш және 

қайғыны, жайдарлық пен мұңдылықты, табиғаттың суретін және өмірдегі түрлі 

басқа  құбылыстарды  суреттей  алуынан,  жеке  музыкалық  жанрларды  ажырата 

алуынан (марш, би, бесікжыры) көрініс табады. 

59. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер: 

1)  оқушылар  жоғары,  орташа,  төменгі  регистрлерді  ажырата  білуімен: 

шапшаң, оратша, біркелкі темп;  

2)  музыкалық  туындылардың  екі  бөлікті  формасын  ажырата  білуімен, 

(шумақ және қайырмасы);  

3) түрлі сипаттағы музыканың бөлімдерін ажырату және осы сипатқа сай 

қимылдауымен;  марш  және  көңілді  би  қимылдарын  ажыратуымен  және 

орындауымен айқындалады. 

 

 



 

 

9. 4-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

60. Пәндік нәтижелер. Оқушылар: 

1) ми1-ля1 диапазонында өлең айта;  

2)  фрагмент  және  кіріспесі  бойынша  таныс  әуендерді  тани,  қобыз, 

аккордеон аспаптарының дыбысталуларын ажырата;  

3) қазақ және орыс билеріндегі қимыл-қозғалыстарды ажырата білуі тиіс. 

61. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың:  

1) 


музыканы  байсалды  тыңдауынан,  музыкалық  дыбысталуды 

тыңдауынан, музыкалық туындылар сипатын адекватты сезінуінен; 

2)  музыканың  сипатын  би  мен  ойын  қозғалыстарында  жеткізе  алуынан 

көрініс табады. 

62. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың: 

1) өлең айту барысында дұрыс тыныс алуымен;  

2)  музыкамен  қимыл-қозғалысты  оларды  музыка  сипатының  өзгеруіне 

байланысты қиыстыруымен айқындалады.  



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет