Тіректі тістерге дұрыс баға бермеу беткей тексерудің нәтижесі болып табылады. Бұл қателік протезді бекіткеннен кейін бірден пайда болатын асқынуларға әкелуі мүмкін.
2.Тірек тістердің санында қателіктер жіберу
Бұл қателіктер де жиі клиникалық тексерулердің толық емес жүргізілуі нәтижесінде пайда болады.
Тірек тістерге жүктеменің артық түсуіне, соның салдарынан тірек тіс өз қызметін атқара алмауына, өз уақытынан ерте жарамсыз болуына әкеледі.
Антогонистермен окклюзиялық қатынасының бұзылуы
Көпірлі протездеуде тістем биіктігін көтеру дөрекі қателікерге жатады. Келесі қателікке табиғи тістер мен жасанды тістер арасындағы жанасудың бұзылуы жатады. Бұл қателіктер протездің тиімділігін төмендетеді.
Көпірлі протездің денесін шырышты қабатқа қатынасты жанастыра мүсіндеу , тіректі жасанды сауыттырды, шайнау тістерінде төмпешіктерді мүсіндеу кезіндегі қателіктер (техникалық қателіктер)
Шырышты қабаттың жарақаттануына, қабыну процесінің туындауына;
Протез денесінің сынуына әкеледі.
Сонымен қатар протез бөліктерін сапасыз дәнекерлеу, дәнекерлеу барысында протездің деформацияға ұшырауы. Бұл жағдайда протезді тіректі тістерге орнату қиындайды, антогонист тістермен түйісуі бұзылады.
Көпірлі протездерді қолдану:
Шайнау қызметін 85-100% қалыпқа келтіреді;
Көпірлі протез науқастың сырт келбетін жақсартады;
Сөйлеу қызметін реттейді;
Пародонтқа,СТЖБ, бұлшықеттерге түсетін қысымды азайтады;
Шайнау аппаратының одан әрі бұзылуының алдын алатын профилактикалық құрылғы болып табылады;
Науқас протезге тез үйренеді (3-7 күн).
Асқынулары
Көпір тәрізді протезді егегенде, түзету және бетіку кезеңдердінде қателіктер пайда болу мүмкін, ол қателіктер асқынуға алып келеді.