Ортопедиялық стоматология кафедрасы



бет1/3
Дата05.05.2023
өлшемі388,67 Kb.
#90721
  1   2   3
Байланысты:
Айша



  • Ортопедиялық стоматология кафедрасы

  • Тақырыбы:Жартылай екіншілік адентия кезінде тіс қатарының көпірлі протезбен емдеу кезіндегі болатын асқынулар мен қателіктер және оларды алдын алу.

    Қабылдаған: Ерболат Халтович
    Орындаған: Абуова А.
    Тобы: Ст18-007

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

ЖОСПАР

  • Көпіртәрізді протезге түсініктеме;
  • Көпіртәрізді протездермен емдеу көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері;
  • Тіректі тістерді таңдау,егелген тіректі тістерге қойылатын талаптар;
  • Клиника-лабораториялық кезеңдері;
  • Асқынулары мен қателіктері;
  • Қорытынды ;
  • Пайдаланылған әдебиеттер.


Көпіртәрізді протез-жиі тіс қатарының кіші кетігінде,кей жағдайда орта кетігінде қолданылатын ,екіжақты тіректі элементтен және протездің аралық бөлігінен тұратын, тіс қатарының кетігінің ары қарай асқынуын алдын алатын, алынбайтын емдік құрылым.
ТІРЕКТІ ЭЛЕМЕНТ
ДЕНЕСІ

Көпіртәрізді протездермен емдеу көрсеткіштері:

  • Тіс қатарының шектелген кіші және орта кетіктерінде:
  • Кеннеди бойынша 3 кл ( бүйір бөлікте үш тіске дейінгі жоғалту болғанда) тіс қатарының кетігінде
  • Кеннеди бойынша 4 кл (алдыңғы бөлікте төрт тіске дейін жоғалту болғанда) тіс қатарының кетігінде қолданылады.

Көпіртәрізді протездермен емдеуге қарсы көрсеткіштер:

  • Тіс қатарының үлкен кетіктерінде;
  • Патологиялық қозғалмалы дистальды тіспен шектелген тіс қатары кетігінде;
  • Клиникалық және рентгенологиялық тексерулерде патологиялық бұзылыстары(созылмалы гранулематозды периодонтит) бар тістермен шектелген кетігінде;
  • Клиникалық сауыты төмен тістермен шектелген кетігінде;
  • Алдыңғы топ тістерін толығымен жоғалту кезінде(321| 123).

Көпіртәрізді протездермен емдеу үшін қойылатын талаптар:

  • Тіс қатарының кетігі бірсызықты болуы тиіс
  • Тіректі тістер ешқандай патологиялық өзгеріссіз,берік болуы;
  • Тіректі тістердің ұзын остері бір-біріне параллель,яғни қисаю бұрышы болмауы;
  • Физиологиялық тістем болғаны дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет