«Қош келдің, әз Наурыз!»


( « Өмір тірегім – төсім , тіршілік көзім  екі қолым  аман –сау болсын !» )



бет3/3
Дата14.03.2022
өлшемі25,03 Kb.
#27924
1   2   3
Байланысты:
Разработка НАУРЫЗ

( « Өмір тірегім – төсім , тіршілік көзім  екі қолым  аман –сау болсын !» ) дегенді білдіреді.

  1. Отпен алыстау себебі не ? ( От киелі сондықтан «алыс-алыс пәледен қалас !» деп айналысты отпен  аластап, тазалайды.

  2. Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады ? оларды атаңдар .7 .( соғымнан қалған  сүр ет , сүт . езілген құрт, бидай, пияз, сәбіз, қойдың басы) .

  3. « Жаңа туған Наурызды шомылдыру» деп аталатын салт жөнінде не білесің? ( Топ-топ адамдар билеп, от ұстап арыққа , не өзенге барады. Олар жағалай жайғасып, суға шомылаты.) бұлда тазарудың белгісі .

  4. « Қасиетті көк өгізді күту» нені білдіреді.( Наурызға болжау жасатуды білдіреді. Ауыл адамдары түнде жиналып көк өгізді күтеді. Ол екі рет мөңіресе керісінше  болады деген  ұғым бар.)

  5. Наурыз тілек – Наурыз күнгі амандасу, бата тілек айту.

  6. Наурыз төл – Наурыз айында туған төл . төл басы деп аталады.

1-жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке! – дей келе, Ортаға Сағатбек Әділет, Алпысбай Айнұр, Жаңабай Айша және Әбітаева Үміт студенттерімізді шақырамыз, сіздерге арналған өлең-жырларымен.

Сағатбек Әділет:Наурыз


Наурыз менің елімнің берекесі,
Жаңа жылы қазақтың мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұлаңғайыр керілсін керегесі.
Қымбат білген адамға сөз өнері,
Бұрқ - сарқ етіп қайнасын көжелері.
Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,
Гүлге толсын көгеріп көшелері.
Шат күлкіге шомылып замандары,
Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.
Әрбір жанның арманы орындалып,
Сәтті болсын биылғы қадамдары.

Алпысбай Айнұр:

Жер үсті жасарады, жаңғырады.
Бар аймақ аңсай күткен сән құрады.
Қой қоздап, қозы өріп, егін көктеп,
Туған жер төскейінен ән құлады.

Наурызым шат-думан көңіл тойы,


Жан берген тіршіліккке өмір тойы.
Кеңлейіп ел-жұртына мейір шашып,
Күн нұрын құшып жатыр өңір бойы.

Ергімбай Сымбат:

Ұлыс күні
Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!
Ел де тыныш!
Жер де тыныш – бұл күні,
Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.
Табысқан жұрт таныс тауып жатады,
Жамалғандай жүректердің жыртығы!

Әбітаева Үміт:


Жеткен кезде наурызымыз жапан біткен жаңғырар,
Тұман орнап, тау басын аспан үрпі салбырар.
Жансыздарға жан бітіп, әуен билеп маңды бар,
Жер көгеріп, шөп қаулап, мерейін бір қандырар.
Күнге тосып арқасын жан - жануар албырар,
Аунап - қунап барлығы жерге түгін қалдырар.
Келе сала наурызым жоқ нәрсені бар қылар!
Жапан шөлін қандырып, нұр тарайды қуысқа,
Тақырларда қақ тұрып, су толады ыдысқа.
Қозғалғанның бәрі де бірі шебер, бірі ұста,
Бұлбұл салса әніне, илеу салды құмырсқа.
Өз дауысын біреуі естіртуге тырысса,
Тумай жатып біреуі шығар сынды ұрысқа,
Келе сала наурызым өмір заңын жар қылар.

2-жүргізуші:

Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым.



1-жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет