«Қош келдің Жаңа жыл атты кешімізді» бастаймыз! Әмина



Дата20.08.2023
өлшемі14,93 Kb.
#105401
Байланысты:
Жаңа жыл 2023 ж


Бекзат:Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын-дей келе «Қош келдің Жаңа жыл атты кешімізді » бастаймыз!
Әмина: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын, - деп ортаға 5-сыныпты сынып жетекшісімен бірге биімен шақырамыз.
Бекзат: Уа халайық, жарандар,
Айналаға қараңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шалқып, күліп тараңдар.
Уа халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр.
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті –ортаға 6 сыныпты сынып жетекшісімен бірге « Жаңа жыл » әнімен қарсы алайық!
Әмина: Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық. Ендеше келесі кезекті кішігірм ойынға берелік. «Аққала» пазлы ойыны.
Бекзат: Бұл ойынның шарты-берілген қималарды, дұрыс орналастыру қажет.Пазлды 1-ші ,әрі дұрыс құраған сынып жеңімпаз атанады.
Әмина: Би билейік бұралып,
Қызымыз тұр сұранып.
Сізде тұрман құр қалып,
Шаттаныңыз , қуанып- ортаға 7-сыныпты биімен шақырамыз.
Бекзат:Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар.
Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық-дей келе «Ласт Кристмас» әнімен ортаға 10-сыныпты сынып жетекшісімен қоса шақырамыз.
Әмина:Келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр.Ортаға мың бұралған биші қыздарымызды шақырамыз! 8-9 сынып
Бекзат: Жүзімізді күлкі ойнап,
Қанаттанар жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Ән шырқайық бәріміз.-дей келе ортаға 9-сынып жігіттерін «Аппақ қар » әнімен шақырамыз.Бірге шырқайық!


Ал енді кешіміздің 2-ші бөлімін Көңілді тапқарлар алаңына береміз!
Ортада Эф 4 командасы!

Әмина: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет кештін өтуіне ат салысқан барлық жандарға мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!



1.Програмист
2.Сабаққа кешігіп бара жатқан баласын дайындап жатқан ана.
3.Бірінші қыркүйекке дайындық
4.Мұғалімдерді қатты сыйлайтын қыздар әжетханада.
5.Есік дүкенін тоңауға келген ұрлықшы.
6.Физика сабағындағы жағдай.
7.Оқушының зары
Сөз соңы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет