Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: қаратпа сөздер; қыстырма сөздер; одағай сөздер


Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов); Па



бет4/5
Дата28.06.2022
өлшемі32,31 Kb.
#37360
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 Тапсырма

Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал болғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық түн (бұ да);
Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? (С. Мұқанов) дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен.[1]
Одағай сөздер мағына жағынан заттың өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жайы-күйі туралы ұғым бермейді.
Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.

Негізгі одағайлар


Негізігі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, оһо, ой, ие, аһа, ау, беу дегендер жатады. Бұл одағайлар қайталанып қолданылмайды

Туынды одағайлар


Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға ... сияқтағандар жатады.

Ишарат одағайлар


Бұйрық, сұрау мәнді сөздер (кәне, кәнеки, ал, әйда). Мысалы: Кәне, коллектив боламыз дегендерің қол көтеріңдер (Б.Майлин).

Жекіру одағайлары


Адамға арнайы айтылатын одағайлар.

  • Көрсету я нұсқау сөздері (кәні, міне, әні )

  • Ұсыну сөздері (мә, айда)

  • Тыю сөздері (жәй, тәй, тек, тәйт)

Жануарға арнап айтылатын одағайлар


Бұл топқа төрт түлік мал, ит, мысық сияқтанған үй айуандарын жемге шақыру, айдау, үркіту т. б. мақсатымен қолданылған сөздер мен тіркестер жатады. Мысалы:

  • түйеге: көс, көс! сорап, сорап!'қош-қош!"

  • қой мен ешкіге: пфша (пішә), құрау-құрау! шәйт! шек! шеге, шеге!

  • жылқыға: моһ, моһ! тәк, тәк! құрау, құрау! құр, құр!

  • ит пен мысыққа: кә, кәһ! күшім, күшім! мышы-мышы! пырс!

Шақыру одағайлары


Таңдайды тақылдатып, еріндерді шүйіріп, ысқырып айтатын, транскрипциялауға қиын болатын одағайлар да бар. Бұларды, әдетте, шақыру одағайлары дейміз, бірақ олар тек шақыру ғана емес, жекіру, ұрысу тағы сол сияқты мағыналарды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет