Lesson Study: Нұсқаулық
Pete Dudley
5
мүмкіндік береді. Сыныпта да дәл солай: қомақты сыртқы оқиғалар мен ақпаратты елемей,
белгілі бір сәтте болған маңызды нәрселерді ғана ескереміз. Біз маңызды деп санаған
ақпаратты лезде меңгеріп, бірден өзімізге ыңғайлы түрде сақтап аламыз, бұл күрделі әрі
жылдам сабақ жағдайында біз басымдық берген басқа да маңызды нәрселерді өңдеу үшін
жұмыс жадымызды бос ұстауға мүмкіндік береді.
Lesson Study
тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға
да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау
арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту
аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес,
Lesson Study
дайындаған
әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз
Lesson Study
барысында
бақылаған нақты сабақты
өзіміздің
жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге
өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім
ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады.
Lesson Study
тәсілін
пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін
жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол
арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым
жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа»
сыныпты оқытуға қарағанда,
Lesson Study
мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен
шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір
оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.
Менің зерттеулерім (Dudley, 2011b)
Lesson Study-дің
рефлексивті, қайталамалы және
бірлескен тәжірибесі күрделі оқу ақпаратын іріктей алатын тәжірибелі ұстазға екінші
дәрежелі ақпаратты елеп тастап, тек қажеттісін ғана іріктеп алуға көмектесетіндігін көрсетіп
отыр. Бұл оқу ақпаратының қадағаланатын оқуға тікелей қатысты бөлігін ғана басқаруды
қамтамасыз етеді, басқа жағдайда ақпараттың дәл осы бөліктері қажетсіз болар еді.
Lesson
Study
тәсілі мұғалімдерге олардың өмір бойғы тәжірибесі тек жоғарыда аталған сүзгіні іске
қосқанда ғана жетістіктікке жету мүмкін болады дейтіндігіне қарамастан, оларға осы сүзгіні
өшіріп тастауға үйренуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: