Lesson Study: Нұсқаулық
Pete Dudley
11
6. Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін білу
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Ұлыбританияда
Lesson Study
топтары зерттеу
аяқталған
соң оқушылардың пікірінше, не пайдалы
болғанын, олардың
нені білгенін және олардың
көзқарасы бойынша, оны одан да пайдалырақ ету үшін,
сабақты тағы бір рет өткізсе нені өзгертуге болатыны
туралы пікірін білу үшін
бақылаудағы оқушылармен
жиі сұхбаттасып тұрады.
Сұхбат ұзаққа созылмай (5 минуттан аспағаны
дұрыс), барлық бақылаудағы
оқушылармен бір уақытта
немесе жеке-жеке жүргізілуі мүмкін.
Оқушылардан жауап алуды мүмкіндік туысымен
бірден, ең дұрысы -
Lesson Study
аяқталған
соң өткізген
дұрыс.
Өзіңіздің
жазбаларыңызда
олардың
кейбір
жауаптарын түртіп алуға тырысыңыз.
Кейде бақылаудағы оқушылармен бірге оқитын
топтардағы басқа оқушылардан да жауап алынады. Бұл
жауаптарды әр түрлі тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік
бергенімен,
жиналған
мәліметтерді
жүйелеуді
қиындатып жіберуі мүмкін.
Түсініктемелер
2-кесте.
Бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар
Сабақтан кейін бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар
Саған сабақта бәрінен де не
ұнады?
Сен нені үйрендің?
Бұрын
істей алмағандарыңнан қазір
нені істей аласың? Нені
жақсырақ
істей
аласың?
Қаншалықты жақсы? т.б.
Оқытудың
қай бөлігі сен
үшін барынша тиімді болды?
Егер дәл осы сабақ басқа
топта өткізілетін болса, нені
өзгертер едің? Неліктен бұл
бөлігін өзгертер едің?
«...
Олар
[оқушылар] бүкіл оқу үдерісін
қолға алады, ол үшін жауап береді және бұл
істе оларға көмек көрсетіледі. Бұл - ғажап,
себебі ... олар біз үшін оларға көмек
көрсетуге жағдай жасай отырып, бізбен
байланыста жұмыс істейді. Таң қаларлық,
шынымен таң қаларлық құбылыс!»