Бастауыш сыныптардағы технология және оқыту әдістемесінің міндеттері. Мұғалімге қойылатын талаптар. Жаңа нұсқада “Көркем еңбек ” пәнінің мақсаты – білім беру мәнінің жаңа бағытына сәйкес еңбек іс-әрекеті негізінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру деп айқындалды. Осыған орай “ Көркем еңбек ” пәнінің міндеттерінің желісі түзілді: - оқушының жеке тұлғасын мотивтік саналарын дамыту.
- оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
- оқушының қарапайым құралдармен және әртүрлі материал-дармен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру.
- пәндік практиканың дағдыларын қалыптастыру.
Стандартта “ Көркем еңбек ” пәні оқушының технологиялық даярлығын жүзеге асыратын оқу пәні ретінде жаңа сипаттамаға ие болды:
- еңбек мәдениеті туралы алғашқы түсініктер.
- өмірдің әртүрлі саласында қолданылатын жалпы еңбек дағдылары.
- түрлі материалдармен және басқалармен ерекшеленеді.
- техникалық еңбек негіздері.
- көркем еңбек негіздері.
- тұрмыстық еңбек негіздері.
- дизайн негіздері.
2. Еңбекке баулу ерекшелігі Мектеп оқушыларын еңбекке баулудың басты міндеттерінің бірі-балаларды негізінен еңбекке тәрбиелеу, қоғам игілігі үшін еңбек жасату, оқушылардың еңбекке деген көзқарастарын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу. Еңбекке баулу сабағында баланың ой-өрісінің дамуына түсініктерінің кеңейюіне, ғылым мен техника туралы білімнің негіделуіне әсерін тигізу үшін біріншіден еңбекке баулу пәнінің мұғалімдерінің өзінің саяси сауаттылығымен бірге техникалық сауаттылығы қатар болып, білім аясы терең әрі жан-жақты болуы шарт. Екіншіден, өз бойындағы білімін мектептің бастауыш сатысында білім алып жатқан жас жеткіншектерге жеткізіп, асқан шеберлікпен меңгерте білу. Еңбекке баулу пәнінің міндеті-осы мақсаттарды шешуді көздейді. Пәннің негізгі мақсаты, жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу-тәрбие үрдісі барысында өтілетін еңбекке баулу сабағын оқытудың әдісі мен оқытудың әдіс-тәсілдерін ,формаларын игеру. Пәнге берілген жалпы сағат саны көп болмағанымен оқу материалының ауқымы көлемді. Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу сабағы жасөспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады. Адамдардың ең бірінші өмірлік қажеттілігі-еңбек екені, сол арқылы өз бойындағы еңбек қабілеттерін дамытып отыратыны, үлкейе келе өзінің бойындағы асыл қасиеттерінен өмірлік нәр алатындығын мектеп табалдырығын аттаған жасөспірімдердің бойына ерте бастан дарыта білу керек. Педагогика ғылымының негізгі ұстанымдары бойынша бастауыш сыныптарда өтілетін барлық пәндердің ара салмағы бірдей болып саналатындығы белгілі екенін ескерсек те дегенмен әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктері әркелкі болып келеді. Еңбек сабағы - мектеп оқушыларына жай ғана білім беріп қана қоймай, ең бастысы оқушыларды іздені паздылыққа, еңбекқорлыққа баулитын тәлім сабағы болып келеді. Еңбекке баулу сабақтары арқылы баланың бойында еңбек қабілеттері, дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, техникалық сауаттылықтары арта түседі. Еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбексүйгіштік қабілеттері дами түсіп адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы түсініктері кеңейе түседі. Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың орныдайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен еңбек жөніндегі тәжірибесі аз балаға оны орындап шығу қиынға соғады. Бұл жұмыстар алғашқы күннен бастап мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылып отырады. Сондықтан алғашқы сабақтан бастап түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай білуге оқушыларды дағдыландырсақ, іске төселдірсек олардың қандай істі болса да атқара алатындығына сенімдері арта түседі. Ондай кездерде оқушы бойында еңбекке деген құштарлықтары, сабаққа ынтасы, ықыласы да арта түседі. Бастауыш сынып мұғалімдері жаңа оқу жылы бас кезінде әрбір жекелеген сыныптар үшін бөлінген сағат сандары бойынша бағдарлама талаптарына сәйкес атқаратын тапсырмаларды енгізе білуі тиіс. Еңбек сабағының блоктық бөлімдеріндегі жұмыс түрлерін, тапсырмаларды орындауға ыңғайлы оқу кезеңдерінің жыл мезгілдеріне байланысты рет-ретімен жоспарлай білуі тиіс. Біріншіден, бастауыш сынып мұғалімдері еңбекке баулу сабағының тақырыптарының негізгі оқу мақсатын, сабаққа қойылатын негізгі талаптарды орындай білуі керек. Екіншіден, күнделікті өтілетін әрбір сабақты сапалы әрі жауапты түрде өткізе білуі тиіс. Аталған еңбек сабағының негізгі талаптарын орындай білуін мұғалім өз-өзінен және оқушылардан талап ете білуі шарт. Сабақтың жемісті болуы мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. "Сабақ мұғалім, күнбе-күн оқушыларға білім, тәрбие беретін және жан-жақты дамытатын оқу-тәрбие прлцесінің негізгі саласы", деген Сухомлинский. Сабақта мұғалімнің жеке басының үлгісі оқушылар үшін маңызды екені белгілі. Бұл туралы Сухомминский былай деп жазған : "Сабақ мұғалімнің жалпы педагогикалық мәдениетінің бет-бейнесі, оның зияттық байлығының өлшемі, оның ой-өрісінің , білімдарлығының көрсеткіші".
Еңбекке баулу сабақтарында мүғалім бастауыш клас оқушыларының еңбек құралдары туралы танымдарын ұлғайтады. Бастауыш класс оқушылары жартылай өңде-уден өткен материалдармен, мысалы, қағаз, картон, мата, пластилин, ағаш сынығы, металл, полуфабрикат жөне басқаларды қолданады. Осымен қатар, балалар тірі таби-ғаттан алынған материалдарды өндейді, мысалы: шырша, емен жаңғақтары мен жапырақтарын, аққайьш қабықта-ры мен бүтақтарды, т.б.
Сонымен қатар мүғалім балаларды аталған материалдардың физикалық және технологиялық қасиеттерімен таныстырады. Әңгімелеу, тәжірибе, саяхат, практикалық жүмыс барысында оқушылар қағаз-картон, мата, пластмасса шығаратын, полиграфия және құрылыс өнеркәсіптері туралы жалпы мәліметтер алады. Материал қасиеттері мен оны өндеу тәсілдерін оқыту оқушылардъң политехникалық бағдарларын кеңейтіп қоймай, олардың еңбегінің нақты, тиімді және нәтижелі болуына ықпал етеді.
Мұғалімнің маңызды міндеті ретінде оқушыларды еңбек қүралдарымен жүйелі таныстырып отыруды санауға болады. Бастауыш клас оқушылары жүмыстың тәсілін үйреніп, келесі жүмыс қүралдарын қолданады: қайшы, пышақ, біз, ине, отверткі, кемпірауыз, гайкалық кілт, бүрғы, қылара. Қол аспаптарымен жүмыс тәсілін оқытуды еңбектің машиналық қүралдарьң оқыту базасы ретіндс қарастыруға болады. Еңбек қүралдарының қол және машиналық негізінде бір ғана принциптердің болуына мүғалім көңіл аудару қажет. Осылайша қүралы үлкен пилораманың қүралынан қол пышағының - кесуші станок пышағынан, қол қайшыларының айырмашылығы жоқ. Мүғалім оқушыларды еңбектің қол қүралдарымен таныстыра келе, ең күрделі машиналық жүмыс негізінде қол жүмысының принциптері енгізілгенін көрсетіп, еңбектін, қолдық қүралдарын жақсы меңгеру машинадағы жүмыстың жемісті болуын қамтамасыз етуін мәлімдейді. Модельдеу процесінде мүғалім жалпы түрде балаларды кейбір машина жүмыстарының негізіне алынған жаратылыстану ғылымдық заңдарымен таныстырады.
Маңызды болып есептелінетін міндеттер-оқушыларды еңбектегі адам қызыметімен таныстыру. Мүғалім нақты мысалдарда қандай да болмасын өнеркәсіптік бүйымның бірнеше сатысының болуымен таныстырады. Бірінші конструктор болашақ бүйымның сызбасың шығарады; технолог оның дайындалуының реттілігін жоспарлайды; кейін сызба дайындау реттілігі бейнеленіп өнеркәсіп орындарының цехтарына түседі, онда жүмысшылар танысып, оны шығаруға қажетті материалдарды, құралдарды, станоктарды дайындап, түрлі технологиялық өңдеулерді жүргізеді, осы қызметтің нәтижесінде тапсырылған еңбек өнімі пайда болады. Оны аяқталған бүйым деп санауға болады. Технологиялық процесс туралы әңгімелеуді мүғалім өнеркәсіптік еңбекте бәрі: еңбек пәні де, еңбек қүралы да, адамның еңбектегі қызметіде - «аяқталған бүйымда», «еңбек өнімінде өндіріледі». Осы білімдер жалпыланған біліктердің қалыптасуына және оның жоғарғы кластарда политехникалық білім берудің жалғастыру базасының негізі болады.