Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық


 тарау бойынша бақылу сұрақтары



Pdf көрінісі
бет13/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
тарау бойынша бақылу сұрақтары. 
1. Каллустарды өсірудің негізгі жолдарын атаңыз. 
2. Клеткалардың дедифференциациясы және пролиферациясы деген 
ұғымдарды қалай түсінесіз? 
3. Каллустың өсу циклінің негізгі фазасы немен сипатталады? 
4. Әр түрлі өсімдіктерден алынған каллустардың бір-бірінен 
морфологиялык айырмашылықтары бола ма? 


3. СУСПЕНЗИАЛЫ ДАҚЫЛДАР 
Суспензиялы дакылдар - асептикалық және тұрақты аэрация 
жағдайда (оттегі жеткілікті) сұйық қоректік ортада өсірілетін майда. 
орташа, жеке немесе клеткалар тобы (агрегат фракциясы). 
Суспензиялар 
маңызды 
химиялық 
заттар 
алу 
үшін 
пайдаланылады: фармакологияға, парфюмерияға, тамақ және 
химиялылық 
өндірістеріне. 
ауылшаруашылығына 
қажетті 
органикалық 
қышқылдарды, 
ферменттерді, 
алкалоидтарды, 
бояуларды, белоктар мен амин қышқылдарын. Суспензиялы дақылдар 
генетика мен молекулалық биология үшін манызы зор: суспензиялы 
клеткалар соматикалық гибридизация мен генетикалық инженерия 
жұмыстарын жасауға қолайлы тәжірибелік материал болып табылады 
сонымен қатар клеткадағы метаболизм процсстерін зсрттсу үшін 
олардан протопластар алады. 
Суспензияларды, көбінесе каллустардан алады. Суспензиялы 
дақыл алу үшін 2-3 г жаңадан пайда болған борпылдақ каллус ұлпасын 
60-100 мл сұйық қоректік ортаға салады. Осы каллус ұлпасын 
(алғашқы, бастапқы суспензия) колбадағы сұйық қоректік ортада 
айналып отыратын шайқағышта (100-120 айналым/мин жылдамдықта) 
шайқай отырып өсіреді. 
Суспензиядағы клеткалардың өсуінің графигі S- тәрізді болады 
және ол мынанда сатылардан тұрады: лаг-фаза, экспоненциальды фаза, 
стационарлы фаза және деградация фазасы. Графиктегі фазалардың 
ұзақтығы әр түрлі болады. Ол популяцияның генетикасына, 
инокулюмның санына (ортадағы клеткалардың санына) және коректік 
ортаның құрамына байланысты болады. Биомассаның өсу 
жылдамдығы 15-70 сөтке аралығында байқалады. 


Суспензияның 
тығыздығы 
бойынша 
тек 
клеткалык 
популяцияның жағдайын сипаттап қана қоймай, сонымен қатар 
субөсіру уақытын анықтауға болады (инокулянтты таңдап алу және 
жаңа қоректік ортаға отырғызу). Көп жағдайда субөсіру үшін 
суспензияларды экспоненцитальды фазаның соңында бөліп алады 
(суспензияны өсіруді бастағаннан 14-16 күннен кейін). Өсу графигін 
(қисығын) жасау үшін клеткаларды санау күнара жүргізіледі. 
Суспензиялардың тығыздығы (саны) әр 2-3 аптада 20 есе артып 
отырады. Суспензиядағы клеткалардың санын анықтауды Фукс- 
Розентальдың немесе Горяевтің арнайы санау камерасында жүргізеді. 
Суспензиядағы клеткаларды санау үшін, кейде, уақытша 
препараттарды пайдаланады, бірақ ол жұмысты біршама қиындатады: 
тәжірибелерді қайталап жасау саны көбейеді. 
Санауға алынған суспензия көлеміндеге клеткалар саны 1000- 
нан кем болмағаны дұрыс. Егер суспензияда жеке клеткалармен 
салыстырғанда оның агрегатты фракциясы көп болса, онда 
клеткаларды санау біршама қиындайды. Сондықтан, агрегатты 
клеткаларды ажырату үшін суспензияның 1 көлеміне хром оксидінің 8 
%-тік ерітіндісінің 2 көлемін косады да, қоспаны 70°С-ға дейін 
қыздырып, 2-15 минут ұстайды. Ол суыған соң, агрегатты бұзу үшін, 
суспензияны шайқайды. Агрегаттың жеке клеткаларға дейін ыдырауы 
үшін ортаға суспензия көлемінің 14 бөлігіндей пектиназа ферментін 
қосады. 
Суспензияның тығыздығын биомасса көлсмінің суспензияның 
жалпы көлеміне қатынасы бойынша есептеуге болады. Ол үшін 
клеткалардың орташа көлемін өлшеп, суспензияның 1 мл көлеміндегі 
клеткалардың санын анықтайды. 
Суспензияда, әдетте, клеткалардың 4 фракциясы кездеседі: жеке 
клеткалар, майда агрегаттар, орташа агрегаттар, үлкен агрегаттар. 
Зерттеу жұмыстарының мақсатына байланысты, яғни клетка 
фракцияларының қайсысы керек болса, соған байланысты қоректік 
ортаның құрамы мен өсіру жағдайлары таңдалып алынады. 
Клеткалардың агрегаттық дәрежесін анықтау үшін, кем дегенде 1000 
клеткадан тұратын уақытша препараттарды микроскоппен қарай 
отырып, санайды. 


Суспензиялармен жұмыс істеу барысында клеткалардын тіршілік 
ету кабілеттілігіне көңіл бөлу керек. Клеткалардың тіршілік ету 
қабілеттілігін оның цитоплазмасының қозғалысы, клетка мембранасы 
арқылы бояу заттарының өту дәрежесі, ферменттердің белсенділігі 
бойынша анықтайды. 
Бояулардың ішінде метилен көгі клеткаларды өлтірмейді және 
клетка қабықшасы арқылы цитоплазмаға өтпейді. Егер клеткалардың 
70 %-ті көк түске боялмаса, суспензия тіршілікке қабілетті деп 
есептелінеді. Суспензиядағы клеткалардың 50 %-ті боялса, агрегат 
тіршілікке қабілетсіз болып табылады. 
Суспензиялардың тіршілікке қабілеттілігінің сандық мәнін 
анықтау үшін клеткалардың метаболизміне қатысушы заттар 
пайданылады: 
клеткада 
флуоресцеиндиацетат 
эстеразалардың 
әсерінен флуоресцеинге ыдырайды, ал соңғы зат тірі клеткаларда 
флуоресценсия эффектісін тудырады. Эстеразаның белсенділігін 
спектрофотометрдің көмегімен аныктайды. Клеткаларды тетразолий 
тұздарымен өңдеу арқылы ондағы тыныс алу белсенділігін анықтауға 
мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет