Суспензиялармен жұмыс істеу барысында клеткалардын тіршілік
ету кабілеттілігіне көңіл бөлу керек. Клеткалардың тіршілік ету
қабілеттілігін оның цитоплазмасының қозғалысы, клетка мембранасы
арқылы бояу заттарының өту дәрежесі, ферменттердің белсенділігі
бойынша анықтайды.
Бояулардың ішінде метилен көгі клеткаларды өлтірмейді және
клетка қабықшасы арқылы цитоплазмаға өтпейді. Егер клеткалардың
70 %-ті көк түске боялмаса, суспензия тіршілікке қабілетті деп
есептелінеді. Суспензиядағы клеткалардың 50 %-ті боялса, агрегат
тіршілікке қабілетсіз болып табылады.
Суспензиялардың тіршілікке қабілеттілігінің сандық мәнін
анықтау үшін клеткалардың метаболизміне қатысушы заттар
пайданылады:
клеткада
флуоресцеиндиацетат
эстеразалардың
әсерінен флуоресцеинге ыдырайды, ал соңғы зат тірі клеткаларда
флуоресценсия эффектісін тудырады. Эстеразаның белсенділігін
спектрофотометрдің көмегімен аныктайды. Клеткаларды тетразолий
тұздарымен өңдеу арқылы ондағы тыныс алу белсенділігін анықтауға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: