Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық



Pdf көрінісі
бет14/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
Өсімдіктер биотехнологиясы зертханалық сабақтар (1)

3.1. Зертханалық жұмыстар 
 
№ 1 жұмыс.
 
Клеткалық суспензиялар алу және оларды өсіру 
 
Кажетті материалдар мен аспаптар

Борпылдақ каллус ұлпалары 
Мурасиге және Скуг қоректік ортасы; 2,4-Д; ИСҚ; БАП; этил 
спирті. 
Ламинар-бокс, Петри тостағаншалары, 250 мл-лік конус тәрізді 
колбалар; пинцеттер; инелер; шайқағыш аппараты. 
Жұмыстың орындалу тәртібі: 
1.
Асептикалық жағдайда пробиркалардан каллусты алып, 
стерильді скальпельмен оны көлемі 2-3 мм болатындай 
бөліктерге бөледі.
 


2.
Ине көмегімен каллус бөліктерін, төмендегі варианттар 
бойынша, колбадағы 100 мл Мурасиге және Скугтің сұйық 
қоректік ортасына салады.
 
вариант I - МС + 2 мг/л 2,4-Д; 
вариант II - МС + 10 мг/л ИСҚ:
вариант III - МС + 10 мг/л ИСҚ + 0,1 мг/л БАП; 
вариант IV - МС гормонсыз орта (бақылау). 
3.
Суспензия 
құйылған 
колбаларды 
айналып 
қозғалатын 
шайқағышқа (100-120 айналым/мин) қойып, 2 апта бойы үздіксіз 
шайкайды. 
4.
Суспензиялардың барлық варианттарындағы клеткалардың өсуін 
бақылап, есептеп, қорытынды жасалады. 
№ 2 жұмыс.
 
Клеткалық суспензияның тығыздығын есептеу 
Кажетті материалдар мен аспаптар: 
Каллус клеткаларының суспензиясы. 
8 %-тік хром оксидінің ерітіндісі. 
Микроскоп; центрифуга; стерильді пипетка; зат және жабынды 
шынылар; Фукс-Розенталь (Горясв) камерасы; сүзгі қағазы. 
Жұмыстың орындалу тәртібі: 
1.
Суспензиясы бар колбаны шайқап жіберіп, пипетка көмегімен 
пробиркаға 10 мл суспензия құйып алады. 
2.
1 мл суспензияны хром оксидінің 8 %-тік ерітіндісінің 2 мл-мен 
араластырады да, температурасы 70°С-ға дейін қыздырылған 
термостатта 15 минут ұстайды. 
3.
Қоспаны жуан инесі бар шприц арқылы 3 рет өткізеді 
(пипетирлеу). 
4.
Фукс-Розенталь (Горяев) камерасын суспензиямен толтырады. 
Микроскоп астында клеткаларды санайды. 
5.
Суспензияның тығыздығын (санын) төмендегі формула 
бойынша есептейді: 
M
x
n
x
1000 


X= 
3,2 
Мұнда, Х- клеткалар саны, М - камерадағы клеткалардың орташа 
саны, n - сұйылту дәрежесі. 
№ 3 жұмыс.

Клеткалық суспензиялардың тіршілікке
қабілеттілігін анықтау 
Қажетті материалдар мен аспаптар: 
Клеткалык суспензия. 
0.1 %-тік метил көгінің ерітіндісі. 
Микроскоп; зат және жабынды шынылар; сүзгі қағазы; 
дистильденген су; дәкеден жасалған салфеткалар; пипеткалар.
Жұмыстың орындалутәртібі: 
1.
Клеткалык суспензиясы бар колбаны жайлап шайқайды.
 
2.
Пипеткамен оның аздаған көлемін сорып алады.
 
3.
Зат шынысының үстіне суспензияның 1 тамшысын тамызып, 
оған метилен көгінің 0,1%-тік ерітіндісінің 1 тамшысын қосады. 
Үстін жабынды шынысымен жауып, шетіндегі артық сұйықты 
сүзгі қағазымен сорғызып алады.
 
4.
Препаратты микроскоп столының үстіне қояды да 40 рет үлкейтіп 
қарайды.
 
5.
Тіршілікке қабілетті клеткалар санының проценттік мәнін 
есептейді. Өлі клеткалар боялады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет