Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық


 тарау бойынша бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет15/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
тарау бойынша бақылау сұрақтары 
1.
Суспензиялы дақылдар деген не және оларды алудың кандай 
жолдары бар? 
2.
Суспензиялардың агрегаттану және тіршілікке қабілеттілік 
дәрежелерін қалай анықтайды? 
3.
Суспензиялардың тығыздығын қалай есептейді? 
4.
Бір клеткалы суспензияларды өсірудің қандай жолдары бар? 


 
4.КЛЕТКАЛАР МЕН ҰЛПАЛАРДЫҢ ӨСУІ БАРЫСЫНДАҒЫ 
МОРФОГЕНЕЗ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ РЕТТЕЛУІ 
Фитогормондар
- өсімдік организміндегі клеткалардын, 
ұлпалар мен мүшелердің арасындағы байланыстылықты іске 
асырушы, морфогенетикалық және физиологиялық процестердің 
белсенділігін жоғарылатып, немесе тежейтін осімдіктің өсуі мен 
дамуын реттеуші заттар. Фитогормондар клеткалардың бөлінуі мен 


ұзарып өсуіне, оның тыныштық күйіне, дамуына, қартаюына, жыныс 
клеткаларының пайда болуына, стресс жағдайларына төзімділіктің 
жоғарылауына, тропизмдерге, транспирацияға әсер етеді; өсімдік 
организмінің функционалдық тұтастығын, жеке даму фазаларының 
занды жүйелілігін қамтамасыз етеді. 
Химиялық құрылысы тұрғысынан өсімдік гормондары 2 топка 
бөлінеді: мевалон қышқылының туындылары (гиббереллиндер. 
абсцизиндер, брассиндер, фузикокцин, цитокининдер) және 
амин 
қышқылдарының туындылары
(ауксиндер - триптофаннан түзілуші, 
этилен - метионин меналаниннен түзілуші). Фитогормондардын 
синтезі өсімдіктің белгілі бір бөліктерінде ғана жүреді: өркен ұшында 
- ИСК, жапырақта - гиббереллиндер синтезіндегі негізгі донор болып 
саналатын каурен және АБҚ, тамыр апексінде - кинетин, тамырдың 
ұзарып өсетін аймағында - гиббереллиндер, өнген тұқымның 
эндоспермі зеатиннің көзі болып табылады. 
Функциональдық әсері бойынша фитогормондар 5 топқа 
бөлінеді: ауксиндер, цитокининдер, гиббереллиндер, адсцизиндер 
және этилен. 
Акуксиндер
, өсімдіктерді жасанды қоректік ортада өсіру кезінде, 
клеткалардың ұзарып өсуін, оның үлкен концентрациялары 
клеткалардың бөлінуін, цитокининдермен біріге отырып органогенез 
процесін қамтамасыз етеді. Биотехнологияда табиғи ауксиндер (ИСҚ) 
мен қатар синтетикалық фитогормондар пайдаланылады: ИМҚ, ИПҚ, 
2,4-Д, НСҚ. 
Цитокининдер
, ауксиндермен біріге отырып, митозды, 
клеткалардын, бүршіктер мен сабақтардың пролиферациясын 
индукциялайды. Табиғи цитокининдерге зеатин, кинетин (6- 
фурфуриламинопурин), NN-дифенилмочевина (кокос сүті) жатады. 
Синтетикалық цитокининдерге 6-БАП жатады. 
Гиббереллиндер клеткалардың ұзарып өсуін, сонымен қатар 
ауксиндер мен цитокининдердің синтезін стимульдейді. Қазіргі таңда
гиббереллиндердің 60-қа жуық түрі белгілі. Өсімдік ұлпаларын 
жасанды жағдайда өсіру үшін гибберелл қышқылы қолданылады 
Абсцизиндер
(АБҚ) және 
этилен
өсу процестері мен 
клеткалардын 
бөлінуін 
тежейді, 
циткининдермен 
және 
хлорхолинхлоридпен біріге отырып органогенезді индукциялайды 
(микротүйнектердің түзілуі). 
Гормондар жүйесі клетканың генетикалық аппаратымен тығыз 
байланысты. Фитогормондар ДНҚ-ның метильдену дәрежесіне әсер 


етіп, гендердің экспрессиясын реттеп қана қоймай, белоктармен 
оперондағы репрессорлармен байланысып, құрылымдық гендердің 
белсенділігін және бірқатар ферменттердің синтезін арттырады. Яғни, 
қоректік ортадағы гормондардың ара қатынасын өзгерте отырып, 
ондағы өсірілетін клсткалар мсн ұлпалардың генетикалық 
бағдарламаларын, белгілі бір дәрежеге дейін өзгертуге болады. Бұл 
процестер клеткалар мен ұлпалардың 
дедифференциациясы

редифференциациясы
және 
дифференциациясы
деген атпен белгілі.
Өсімдіктерде фитогормондар бір-бірімен тығыз байланыста 
болады: ИСҚ этилен мен цитокининдердің синтезін индукциялайды, 
гиббереллин ИСҚ-ның мөлшерін көбейтеді, цитокининдер ИСҚ-ның 
синтезін күшейтіп, бос АБҚ-ның мөлшерін азайтады, этилен ИСҚ- 
ның тасымалдануын тежеп, АБҚ-ның мөлшерін көбейтеді. 
Өсімдіктерді жасанды жағдайда өсіру барысында қоректік 
ортаға қосылған фитогормондардың әр түрлі концентрациялары мен 
ара қатынасы өсімдіктердегі эндогенді гормондардың синтезін 
реттейді. Осының нәтижесінде клеткалар мен ұлпалардың әртүрлі 
морфогенетикалык реакцияларын байкауға болады. 
1955 жылы Скуг және Миллер клеткалар мен ұлпаларды өсіруде 
гормондық реттелу
гипотезасын ұсынды. Қазіргі уақытта ол Скуг- 
Миллер ережесі деп аталады: егер қоректік ортадағы ауксиндер мен 
цитокининдердің концентрациялары, шамамен, бірдей немесе 
ауксиндердің концентрациясы цитокининдердің концентрациясынан 
аздап жоғары болса, онда каллус түзіледі; егер ауксиндердің 
концентрациясы едәуір жоғары болса, онда тамыр түзіледі; егер 
ауксиндердің концентрациясы цитокининдермен салыстырғанда 
едәуір төмен болса, онда бүршік, сабақ пайда болады.
Онан басқа, фитогормондар клетка мембранасының өткізгіштік 
қабілетін өзгерте алады, Ауксиндер мен гиббереллиндердің әсерінен 
клеткалардан протондардың шығарылуы күшейеді. Бұл, клетка 
қабықшасының қышқылдануына және соның нәтижесінде пектиндік 
заттардың жартылай қышқылдық гидролизге ұшырауына байланысты, 
целлюлоза 
фибриллаларының 
арасындағы 
байланыстардың 
нашарлануына 
алып 
келеді. 
Осының 
нәтижесінде 
клетка 
қабықшасының серпімділігі артып, клеткадағы вакуольдің тургорлық 
қысымы жоғарылағанда мембрана созыла алу қабілетіне ие болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет