ДЕСТРУЦИЯ
- нәтижесінде физиологиялық белсенділігі жоғалатын
заттын ыдырауы.
ДЕТЕРМИНАЦИЯЛАНУ
- клеткаларды, ұлпа, мүше және
организмнің белгілі бір даму жолына түсуіне дайындылығы, сонымен
қатар басқа жолмен дамуға шек қойылады. Детерминация кезінде
морфологиялық жаңа бағыттың дамуына қажет ішкі жағдайлар
жасалады.
ДИПЛОИД
- гаметаға қарағанда хромосомалар саны екі еселенген,
яғни әрбір хромосомасы жұптасып келетін ядро, клетка, организм.
Диплоидты хромосомалар жиынтығы сомалық клеткаларда болады
(символы 2n).
ДИПЛОИДИЗАЦИЯ
- әр хромосоманың екі еселенуі нәтижесінде
гаплоидты хромосомалар жиынтығының диплоидты хромосомалар
жиынтығына
айналуы.
ДИПЛОИДТЫ
ХРОМОСОМАЛАР
ЖИЫНТЫҒЫ
- ата-анасының біреуінің немесе екеуінің
хромосомалары бар, екі гаплоидты хромосомалардын жиынтығы.
ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ
- маманданған, бөліну қабілетінен
айырылған
клеткалардың
жаңадан
пролиферацияға
өтуі.
ДИФФЕРЕНЦИРОВКА
-
клеткалардын басқа клеткалардан
ерекшеленіп маманданған жағдайға көшуі.
ЖЕКЕ КЛЕТКАЛАРДЫ ӨСІРУ
- құрамы бай қоректік ортаға
қосымша «няньки» немесе қосымша қоректік қабат қоса отырып жеке
клеткаларды асептикалық жағдайда өсіру.
ЖЫНЫСТЫҚ ПРОЦЕСС
- аталық спермий мен аналық ұрық
клеткасының (ұрықклетка) қосылуы, нәтижесінде диплоидты клетка
(зигота) пайда болады және болашақ ұрпақтың жынысы анықталады.
ЗИГОТИКАЛЫҚ ҰРЫҚТАРДЫ ӨСІРУ
- оқшауланған жетілмеген
немесе жетілген ұрықтарды жасанды қоректік ортада, стерильді
жағдайда өсіру.
IN VITRO
- өсімдіктер клеткаларын, ұлпаларын, мүшелерін
асептикалык жағдайда жасанды қоректік ортада өсіру (пробиркада,
колбада, биорсакторда).
Достарыңызбен бөлісу: